29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады

03 август 2018, 10:53
Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады. Олардың мәліметінше, еркін өзгермелі айырбастау бағамының саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылардың мәліметінше, теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондай-ақ, төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады.

"Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ. Сонымен бірге бағалардың нарықтық конъюнктурасы және экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты, бұл теңге бағамының АҚШ долларына қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді", - деді Ұлттық банк өкілдері.


Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады


Сондай-ақ, еркін өзгермелі айырбастау бағамының қолданыстағы саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік беретіні айтылады.

"Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады", - дейді банктегілер.




Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 миллиард теңге (баламасы 1,43 миллиард теңге АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады.

2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша, ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 миллиард теңге (баламасы 0,45 миллиард АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 миллион, АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ.

Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 миллиард АҚШ долларына жуық болды.



"АҚШ монетарлық саясатына келетін болсақ, ФРЖ сәрсенбідегі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Ашық нарықтар жөніндегі комитет ілеспе түсініктемелерінде экономикалық белсенділіктің үдемелі өсу қарқындары, жұмыссыздықтың төмен деңгейде сақталуы және үй шаруашылықтары мен бизнестің негізгі капиталға үдемелі шығыстары (инвестициялар) туралы белгі берді. ФРЖ экономика мен инфляцияның қалыпты өсу қарқындарын сақтау үшін өзінің индикативтік мөлшерлемесін одан әрі біртіндеп арттыруды қайталап көрсетті, сол арқылы осы жылғы үшінші рет қыркүйектегі қатаңдатуға негіз дайындады.

Нарық күтулеріне сәйкес, қыркүйекте мөлшерлеменің өсу ықтималдылығы 92 пайыз, ал желтоқсанда қайтадан өсу ықтималдылығы 73 пайыз болды. ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі аясында көптеген инвесторлар барынша тәуекелді активтерден, атап айтқанда дамушы нарықтардан басымдықтарын АҚШ қазынашылық облигацияларына өзгертуде", - деді Ұлттық банк өкілдері.
Просмотров материала: 1 861

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 589 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 429 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 417 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 354 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 308 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 630 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 286 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 440 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031