29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қажылық-2018: биыл қасиетті сапарға баратындар үшін қандай жаңашылдық бар?

19 июль 2018, 10:19
Қажылық-2018: биыл қасиетті сапарға баратындар үшін қандай жаңашылдық бар? Биыл Сауд Арабиясы корольдігі Қазақстаннан баратын қажылар үшін 3 мың квота бөлді. Санаулы күндерден соң әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі – қажылық басталады.

Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Бауыржан Есмаханмен биылғы қажылыққа қатысты жаңашылдықтар турасында әңгімелесіп қайтты.


Биылғы жаңашылдықтар қандай?

Елімізде Қағбаны бетке алып, бес парыздың бірін өтеуге аттанатындар саны жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Биыл Қазақстаннан қажылыққа қанша адам барады?

– Өздеріңіз білесіздер, үлкен қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уәкілетті органмен бірге миссия құрады да, Сауд Арабиясы корольдігіне барып, Қажылық және умра министрлігімен жолығып, квота алып келеді. Биыл да бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзі басқарып барып, 3 мың квота алып келді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 500 квотаға көп. Осы жылы қажылық миссиясы құрылып, бас мүфти төрағасы етіп мені тағайындаған болатын. Сәуір айында 3 мың квотаны 18 туристік фирмаға бөліп бердік. Жылдағыға қарағанда, биыл квота ертерек бөлінді. Ондағы мақсатымыз: адамдар ертерек дайындық қамына көшсін деп.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Биыл енгізген жаңашылдықтарыңыз бар ма?

– Квотаны бөліп бергеннен кейін, турфирмаларға бірнеше талап қойдық. Біріншісі, әрбір 50 кісіден құралған топқа бір гид тағайындау. Гидтер діни сауатты, қажылықтан хабары бар, тәжірибелі адам болуы керек. Олар қажылық парызын қалай орындау керек, ихрам киімін қалай кию керек, Арафат, Мина, Мұздалифада қандай шарттар орындау керек — соның барлығын түсіндіреді. Біз гидтердің бәрін сараптамадан өткіздік. Осыдан бір ай бұрын гидтерді Алматыда жинап, сұрақтар қойып, тексердік. Олардың арасында, негізіген 90%-ы деп айтсам болады, үш реттен он үш ретке дейін қажыға барып келгендер.

Биылғы қажылыққа енгізген тағы бір жаңалығымыз – 3 мың адамның бәрі бірыңғай киім киеді. Бұрын әр фирма өздері тіктіріп, қажыларымыз әртүрлі киініп баратын. Осы жылы біз бірыңғай киім үлгісін енгіздік. Киім негізінен ақ түсті. Әйел адамдардың көк түсті күртешесі бар. Киімнің артында «Қазақстан» деп жазылған. Бір жағында, ҚМДБ эмблемасы тұрады, екінші жағына әр турфирма өз белгісін қоя алады. Оң жақ иығында Қазақстан туының суреті бейнеленген.

Тағы бір жаңалығымыз – қажылардың орналасатын қонақ үйлері мүмкіндігінше бір ауданда болуы керек. Бұрын әр турфирма бірнеше қонақ үй жалдайтын. Ал қажылық миссиясына барлығын аралап, бақылауға алу қиынға соғады. Сондықтан екі-үш компаниядан біріктіріп, бір қонақ үйде немесе біреуіне сыймай жатса, бір ауданда орналастыруды өтіндік. Одан кейін әрбір компанияға білікті дәрігер апаруды міндеттедік. Біз демиссия тарапынан қажетті дәрі-дәрмекті алып барамыз.
ҚМДБ отандастарымызды жат ағымдардан қалай қорғайды?

Қажылыққа аттанғандарды деструктивті діни ағымдардан қорғау үшін қандай шаралар қолға алынды?

– Ол жерде әртүрлі кісілер кездесуі мүмкін. Өздерінің брошюрасын, кітаптарын таратады. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін ҚМДБ құрамында жұмыс істейтін сауатты имамдарды алып бара жатырмыз. Оларды әрбір компанияға бекітеміз. Біздің қажыларға уағыз-насихатты ҚМДБ тарапынан барған имамдар ғана жүргізетін болады. Тіпті гидтер де жүргізе алмайды, олардың міндеті – көмектесу, ұйымдастыру. Уағызды біздің тарапымыздан белгіленген, ҚМДБ құрамында жұмыс істейтін имамдар ғана жасай алады. Сырттан келген бөтен біреулер әртүрлі уағыз-насихат айтып кетпеуі керек.

Қажылықтан кейін жат ағымның жетегіне еріп кеткендер болды ма?

– Соған талпынғандар болды. Мәселен, мынадай фактілер кездесті. Қажылықтан қайтып бара жатқан кезде, әуежайда тегін кітаптар таратылады. Біздің қажылар оны арабша жазылған Құран кітабы деп ойлайды да, бізге әкелгенде, ол бізде таратуға болмайтын, сараптамадан теріс қорытынды алған кітаптар болып шығады. Сондықтан біз гидтерге алдын ала ескерттік: сырттан келгендерге қонақ үйде қажылармен кездесуге тыйым салынады. Гидтер мен имамдардың міндеті – осыны қарап-қадағалап отыру.

Қажылыққа аттанатындар еліміздің қай қалаларынан ұшады?

–Алматы, Астана, Шымкент және Ақтаудан. 8-9 тамызда алғашқы рейстер аттанады. Биыл қажылыққа баратындарды отандық SCAT пен Сауд Арабиясының әуе компаниясы тасымалдайды. Ал 26-27 тамызға қарай қажыларымыз елге орала бастайды. Сонда шамамен 14-15 күндей болады.


Қажылыққа барудың бағасы қандай?

Қасиетті сапарға бару үшін бір адамнан қанша ақша кетеді?

– Қажылықтың бағасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, оның жанынан құрылған миссия араласпайды. Біз туркомпанияларға квотаны бөліп береміз, бағаны олар белгілейді. Біреулері – 3800 доллар, енді бірі – 4500, тағы біреуі 5 мың доллар қоюы мүмкін. Мұның барлығы көрсетілетін қызмет пен оның сапасына байланысты. Қызмет сапасы өскен сайын, сәйкесінше баға да шарықтайды. Оның үстіне қазір Сауд Арабиясында қосымша салықтар, төлемдер енгізіліп жатыр. Сол үшін 4 мың мен 5 мың доллардың арасында қойып жатыр.

Қажылыққа баратындардың жасына шектеу қойыла ма?

– Қасиетті сапарға тым кішкентай балаларды апаруға шектеу қойылады. Өйткені оларға қажылық парыз емес. Балиғат жасына толған, қаражаты жеткілікті, жолға денсаулығы шыдайтын мұсылманға өмірінде бір рет қажылық жасау – парыз. Кішкентай балалар кісі көп жерде қиналып қалуы мүмкін. Екіншіден, жасы сексеннен асқан, ауру-сырқауы бар қариялардың бармағаны абзал. Шариғатта өкіл қажылық деген түсінік бар. Мәселен, үлкен кісінің қаражаты бар, бірақ алыс сапарға шығуға денсаулығы шыдамаса, ол орнына бір өкілді белгілей алады. Өкіл жаңағы адамның атынан қажылығын өтеп келеді. Сонда барып келген кісі емес, жаңағы жіберген адам қажы атанады. Жасы үлкен адамдарға осындай жеңілдік ұсынамыз. Өкіл ретінде туысқанын, баласын, көршісін немесе жақын танысын таңдай алады.
Тағы бір айта кететін жайт – 45 жасқа толмаған әйел адамдар қажылыққа жалғыз бара алмайды. Қасында міндетті түрде некелесуге болмайтын бір жақыны болуы керек: туған ағасы, інісі, әкесі немесе жолдасы.


Қажылыққа баратындардан талап етілетін құжаттар

Қажылыққа баратын адамдар менингитке қарсы екпе салдыруы керек. Олар вакцинаны өз қаражатына сатып ала ма?


– Иә, өз ақшасына салдырады. Естуімше, бір екпе жасату 20 мың теңгенің үстінде. Сауд Арабиясының қажылық министрлігі жыл сайын бізге қандай вакцина талап етілетінін көрсетіп, хат жібереді. Биыл да біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, менингитке қарсы вакцинаны алдырдық. Сауд Арабиясы мөр қойылған қағазды міндетті түрде талап етеді.
Бұдан бөлек, төлқұжат, түрлі-түсті суреттер, неке туралы куәлік, сапарға қажетті қаражаттың бар екені туралы анықтама, денсаулығы туралы анықтама қажет.

Алғаш рет қажылыққа барғанда қандай сезімде болдыңыз?

– Мен өзім үлкен қажылыққа бес рет, кіші қажылыққа үш рет бардым. 2005 жылы алғаш рет барған кездегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен ол кезде Ақтөбе қаласындамын, дін саласында. Бір күні туристік компания маған гид ретінде қажылыққа барып келуді ұсынды. Әлі есімде, 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығы еді. Сайрамнан 60 жылдыққа орай елу ардагерді қажылыққа жіберді. Сол кісілер менің тобыма тап болды.
Қажылықты армандаған жан Қағбаға жете алмайтын сияқты сезімде болады. Сосын қасиетті мекенге барғаннан кейін, елге қайтуды аңсайсың. Бір жағынан, ана жақта көрген сезіміңді, алған рухани азығыңды ата-анаңа, бауырларыңа, жолдастарыңа жеткізгің келеді. Ол жақта ешқандай уайым-қайғы жоқ, бәрін ұмытып кетесің. Басқа бір әлемге түскендей болып жүресің…Қажыға барып келген адамға ресми түрде бір міндет жүктелмейді. Енді сен қажы болдың, «арақ ішпе, темекі тартпа» деп айта алмайсың. Бірақ та бәрібір де қажылыққа барып келгеннен кейін рухани жүк сезіледі.


Үлкен қажылық пен кіші қажылықтың айырмасы

Оқырмандарымызға үлкен қажылық пен кіші қажылықтың ара-жігін ажыратып берсеңіз…

– Ұмра немесе кіші қажылыққа кез келген уақытта баруға болады. Үлкен қажылық Құрбан айтпен байланысты болса, үлкен қажылыққа барып тұрып та, кіші қажылықты өтеуге болады. Тіпті бір емес, бірнеше рет. Кейбір кезде таныстары барып жатса, менің атымнан кіші қажылық жасап жіберші деп өтініп жатады. Оның да сауабы үлкен. Кіші қажылық жасау үшін орта есеппен 3-5 сағат жеткілікті. Кіші қажылықта жеті рет Қағбаны айналып, тәуап жасайды, сосын Сафа мен Маруа арасында жеті рет жүгіреді, кейін шаш қысқартады.

Үлкен қажылықты бір барған адам бір-ақ рет жасай алады, ал Ұмраны уақытың болса, бірнеше рет жасай беруге болады. Кейбіреулер үлкен қажылығын жасайды да, бауырларының, ата-анасының, жақын достарының атынан кіші қажылық жасап, сауабын сол кісіге бағыштайды. Бұл жерде айта кететін жайт, кіші қажылыққа барғандар қажы атанбайды, тек үлкен қажылық жасағандар ғана.
Кей кезде үлкен қажылыққа барып келгендер қажы деген куәлік, сертификат беріңіздер деп сұрап жатады. Кейде туристік компаниялар көңілдерін қалдырмас үшін бір парақ қағазға «Үлкен қажылығын атқарып келді, Алла Тағала қажылығын қабыл етсін» деп жазып беріп жатады. Онда тұрған ештеңе жоқ, жаза беруге болады. Бірақ біз әрдайым айтамыз: қажылық – Алланың алдындағы сіздің міндетіңіз, парызыңыз. Оған куәлік сұрап қажеті жоқ. Сіздің қажылығыңыздың қабыл болып, болмауы берілген куәлікке емес, ниетіңізге байланысты.
Просмотров материала: 1 687

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 636 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 474 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 460 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 399 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 354 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 644 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 300 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 454 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031