19 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экология - болашақтың мамандығы

Тұрақты даму концепциясындағы басты мақсаттардың бірі – халық шаруашылығының әртүрлі салаларында экологиялық механизмдерді кеңінен ендіру болып табылады. Қазірдің өзінде ірі өнеркәсіп орындары тұрақтылыққа байланысты өз стратегияларын өзгертіп, халық санының өсуі мен климаттың өзгеруін есепке алуға мәжбүр.

Климаттың өзгеруі мен адамдар қажеттіліктерінің күннен-күнге өсуі нәтижесінде азық-түлік пен энергия бағасы да қымбаттап жатыр. Бұл қоршаған ортаға бөлінетін қалдықтардың артуына, құнарлы топырақ пен таза ауа, ауыз су және т.б. сапасының өзгеруіне, табиғи ресурстарға деген қысымның артуына алып келеді.

Алдағы уақытта кәсіпорындардың жергілікті қоқыс орындары мен полигондарды арзан шикізат көздері ретінде пайдалануына, сол арқылы қоқыстарды азайтып, табиғи ресурстарға, оның ішінде пайдалы қазбаларға деген тәуелділікті мүмкіндігінше азайтуы қажет. Бүкіл әлем бойынша жасыл экономиканың дамуы кез-келген жұмыстың – сіз колл-орталықтарында, ауруханада, техника немесе бөлшектеп сату орындарында жұмыс істейтін болсаңызда сол жұмыс орнының басты қағидасы болып табылады.Болашақта сізге тұрмыстық техниканы тек сату ғана маңызды болмай, қызмет көрсету орындары сол техниканы тестілеуден өткізіп, техникаңыздың қанша энергия жұмсайтынын, сол энергияны қалай тиімді және үнемдіжолдарын да қарастырып отыратын болады.

Экологиялық таза өнімдерге деген қажеттілік еңбек нарығы мен мамандар үшін біліктілікті де өзгертуде. Бұл жерде алдағы уақытта қажеттілік туындайтын экологиялық мамандықтардың бірнешеуін айта кетуге болады. Мысалы, заман талабына сай автокөліктердің гибрид түрлерінен бастап электрлік түрлеріне дейінгі жаңа буынын жасаудағы «Экологиялық автокөліктер механигі», кәсіпорындардың аудитін жүргізіп, өндірісті жетілдіру, жаңа тәсілдері мен жолдарын қарастыру арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді азайту үшін ұсыныстар беретін «Экоаудитор» және т.б.

Қазақстанның экологиялық ахуалын қанағаттанарлық деп айтуға болады. Соған қарамай еліміздің аумағындағы көптеген экожүйелерді өте әлсіз санаттарға жатқызуға болады. Бұл экожүйелерде аздаған антропогендік қысымның өзі табиғи ортада қайтымсыз өзгерістерге алып келуі мүмкін. Пайдалы қазбалар, мұнай өндіру және өңдеу, басқа да ауқымды жобалар экологиялық қауіпсіздікті ескермеген жағдайда сол аймақтағы тіршілік ортасының сапасы үшін жағымсыз жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда қоршаған ортаға жанашыр, өмір сүру сапасы мен өз денсаулығын ойлайтын және экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Экологиялық білім – адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыруда, экологиялық мәселелерді іс жүзінде шешуде маңызды роль атқарады.

Білім беру бағдарламаларын іске асыруда,экологиялық бағыттарда жоғары білікті мамандар даярлауда негізгі ролді жоғары оқу орындары атқарады.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – ауылшаруашылық және техникалық салаларда мамандар даярлайтын Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ірі университет. Университет отандық жоғары оқу орындары көшбасшыларының бірі ретінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіз аккредитация агенттігінің рейтингінде 4-ші орынды иеленеді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті«Экология» мамандығы бойынша мамандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 2 шілдедегіАБ №0062189 Мемлекеттік лицензиясы негізінде даярлайды. Білім беру бағдарламасының мақсаты – экологиялық салалар бойынша еңбек ңарығына сай келетін, барлық құзыреттілікке ие бакалаврлар дайындау. Бағдарлама 5В060800-Экология мамандығы бойынша оқытушылар мен студенттердің білім беру және ғылым салаларында көшбасшы болуына бағытталған.

Кафедра жетістіктері мамандық бойынша білім алатын студенттердің бағыттары мен деңгейлерін анықтап, олардың өз саласында білікті маман болуына, кәсіптік деңгейінің өсуіне ықпал ете алады.Табиғи және урбанизацияға ұшыраған экожүйелер және олардың компоненттері; биосфера мен оның компоненттері, экологиялық мониторинг пен маркетинг, талдау жасау, инспекция және қоршаған орта ахуалын бақылау; болжамдық үлгілер жасау; қоршаған орта саласындағы басқару және консалтингті қызметтер; экологиялық білім беружәне тәрбие; технологиялық процестерде және жаңа кәсіпорындарды, елді мекендерді жобалауда экологиялық талаптарды сақтау, экономиканың әртүрлі саласында табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу, қоршаған ортаға әсерді бағалау мен экологиялық аудит жүргізу – мамандық бойынша кәсіби жұмыстар болып табылады.5В060800-Экология мамандығының академиялық құндылығы мен білім беру бағдарламасының ерекшелігі таңдамалы пәндер каталогында көрсетілген. Бұл бойынша білім алушылар еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып өздеріне қажетті пәнді, бағытты таңдауға мүмкіндігі бар.

Астана қаласы және бүкіл Қазақстан үшін эколог-мамандар даярлаудың қажеттілігі уақыт пен заман талабына және экологиялық салалардағы мемлекеттік саясатқа сәйкес жұмыс берушілердің сұранымдары арқылы анықталады. Білім беру бағдарламасын игерген жас маман ары қарай 6М060800-Экология мамандығы бойынша магистратураны Қазақстан Республикасының немесе ТМД мен алыс шетелдерде жалғастыруға толықтай мүмкіндігі бар.

Экология кафедрасының оқытушылары өз сабақтарында дәстүрлі және инновациялық әртүрлі технологияларды кеңінен қолданады. Сабақтар мәселелер бойынша білім берудіқолданып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, дәрістер мен зертханалық сабақтар презентацияларын, интерактивті тақтада виртуалды зертхананы көрсету арқылы, бірін-бірі оқытатын ұжымдық сабақтар жасау арқылы, пәнаралық байланыстарды сақтай отырып өткізеді. 5В060800-Экология мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын компьютерлік технологияларды қолдана отырып қашықтан игеруге де болады.

5В060800-Экология мамандығы бойынша бакалаврлар даярлауды жүргізу үшін кафедра жоғары білікті мамандармен (профессорлық-оқытушылар құрамының 76%-да ғылыми дәрежелері бар) және материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілген.

Экология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері мемлекеттік, шаруашылық-келісім шарт бойынша және бастамашыл-ізденістік тақырыптардағылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Алынған нәтижелер конференциялар мен дөңгелек үстелдерде, семинарларда айтылып, ғылыми журналдарда жарық көруде.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары «Астана су арнасы», «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейнінің инспекциясы», «Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-талдау орталығы», «ЦентрЭКОпроект», «АстанаЭКОСтандарт», «Казгидромет», «Астана-Энергия ЖЭО-2», «Табиғат әлемі» экологиялық білім беру орталығы, Қазақстанның су шаруашылығыкәсіпорындары мен ұйымдарының ассоциациясы,«Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы», «Бұйратаумемлекеттік ұлттық табиғи саябағы», ҚР Ауыл шаруашылығына қарасты аймақтық экологиялық департаменттерімен және т.б. кәсіпорындармен, мекемелермен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.

Агроөнеркәсіптік кешендердегіэкологиялық мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулерді талдау және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде экологиялық қауіпсіз инновациялық технологиялар жасау үшін 2018 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Агроэкологиялық зерттеулердің ғылыми-оқыту орталығы» құрылды.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстарын белсенді ету, алынған ғылыми нәтижелерді оқу процестерінде қолдану және бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарды ғылыми жұмыстарға араластыруға білім ордасында ерекше мән беріледі.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті білім беру бағдарламалары мен таңдамалы пәндер каталогының мазмұнын жұмыс берушілермен бірлесіп бекітеді. Білім беру бағдарламаларының мазмұны мейлінше өндіріске жақын етіп жасалады. Сондықтан эколог-мамандарға деген сұраныс әртүрлі өнеркәсіп орындарында, ұлттық саябақтарда, қорықтарда және қаумалдарда, білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық басқармаларда, экологиялық мониторинг зертханаларында және т.б. мекемелерде бар.

«Эколог» – болашақтың мамандығы, өйткені табиғи ортаға зиянды әсер ету арқылы ғаламдық деңгейдегі мәселелерге алып келмес үшін бекітілген заңды нормативтер арқылы сол себептерді болдырмау міндеттері қойылады.

А.Т.Қуатбаев, Г.Қ.Сатыбалдиева, Қ.К.Шупшибаев, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті


Фотода: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Экология мамандығының студенттері оқу-далалық практикада (2018 ж.)
Просмотров материала: 10 174

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 87 158 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 86 999 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 86 998 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 86 923 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 86 877 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 294 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 101 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 118 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 472 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 612 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 157 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 349 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 265 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 143 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 173 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 7 818 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 112 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 334 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 129 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 106 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 061 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 919 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 123 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 089 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 7 972 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 783 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 965 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 399 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 900 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 934 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 987 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 892 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 132 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 255 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031