27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Билікке "әй дейтін әже, қой дейтін қожа" жоқ

13 июнь 2018, 15:57
2018 жылдың сәуір айында Брюссельде оппозициялық күштердің қосылуымен «Жаңа Қазақстан» форумы құрылды. «Жаңа Қазақстан» — қоғамдық бірлестік жетекшілері, саясаткерлер, құқық қорғаушылар, журналистер мен сарапшылардан құралған ынтымақтастық һәм интеллектуалды қоғамдық алаң.

Олар елдегі саяси, экономикалық, идеалогиялық, ақпараттық монополияға қарсы күреспек. Билік транзитінің таяп қалғандығын айтқан қоғам қайраткерлері келесі президенттің тағайындалмай, сайлануына бұқара болып әсер етуіміз керек дейді.

— Әміржан аға, ассалаумағалейкүм! Сіздер жақында ғана Брюссельге барып келдіңіздер, сол туралы айта кетсеңіз?


— Брюссельге барғанымыздың екі себебі бар, бірінші себебі – біз осы күнге дейін демократиялық-әділеттік принциптерді ұстанып жүрген барлық азаматтармен ақылдасуымыз керек болды. Ол жиынды елде де өткізуімізге болатын еді, бірақ өзіңіз білесіз, әр түрлі себептермен, соның ішінде саяси, құқықтық себептермен біраз азаматтар – Ә. Қажыгелдин, С. Медетбеков, Н. Рахымбек шетелде жүр, олар елге келе алмайды.

Сондықтан біз ол кісілермен сол жақта жүздесіп, демократиялық кворум болсын деп, яғни қатарымыз молайсын деп сонда өткіздік. Ал екінші мәселе Қазақстан билігінің өзінің батыстық демократиялық халықаралық институттар алдындағы міндеттемелеріне байланысты.

Кезінде біздің президент ЕуроОдақпен, дамыған батыс мемлекеттерімен қарым-қатынас туралы келісім шартқа қол қойған. Сол құжаттардың ішінде демократиялық реформалар туралы баптар бар. Еуропарламенттің Қазақстанға, Орта Азияға қатысты құрылымдары бар, шенеуніктері мен депутаттары бар, солармен кездестік.

«Еуростандарттар» деген бар. Еуростандарт деген ол тек қана бензин немесе басқа тауарда емес, еуростандарт демократияда бар, яғни биліктің жүйелі түрде ауысып тұруы, жүйелі түрде ашық, әділ сайлау өтуі, кез келген билік тармақтарының халық алдында жауапты болуы, сөз бостандығы, соттың тәуелсіздігі деген кәдімгі универсалды әмбебап стандарттар бар.

Олар батыстың дамыған елдерінде орныққан. Мақсатымыз Қазақстан ресми билігінің қол қойған келісім шарттарын қалай жүзеге асырып жатыр, сол туралы ақпарат беру және Еуропарламент депутаттарын сол құжаттардың орындалу барысын бақылауға итермелеу болды.

— "Жаңа Қазақстан" бойынша пресс-конференция өтті, жалпы қанда бағыттарыңыз бар? Партия боласыздар ма, жоқ па деген секілді?

— Форум құру туралы шешім бірден туған жоқ. Мұның алдында әріптестестермен біраз уақыт кездесіп, талқылап, ақылдасып келдік. Форум құрамында қазаққа танымал біраз азамат. Қазір шынымен де қоғам мен билік арасындағы қатынаста дағдарыс орнады, саяси өмір толығымен тоқырады!

Саяси институттар елдің сенімінен айрылып бітті. Заңға сәйкес тіркелген оппозициялық партиялар жабылып қалды, Тәуелсіз БАҚ аясы мейлінше тарылды. Ауыл-аймақтарда тіпті ешқандай қоғамдық қозғалыс жоқ дерлік, кез келген әкім билікті сынаған адамды қатаң қысымға алып, әр түрлі қитұрқылық жолмен оларды сол жолдан тайдырып жатыр.

Сондықтан қоғамда осындай, халықтың ойын қоғам мен билікке табанды әрі ұтымды түрде жеткізе алатын сұрау бар. Қазақта «құланның қасуынан, мылтықтың басуы» деген бар, яғни қоғамда сұраныс болып тұр, ұйым керек, ол ұйым қоғамның атынан сөйлеуі керек, билікке сөзін өткізуі керек, оның сөзі уәжді болуы керек.

Және, ең бастысы, ұлттық мүдденің қорғай алатын, елдің ішіне іріткі салмайтын, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің, жеріміздің тұтастығының қоғамдық, халықтық кепілі болатындай ұйым болуы тиіс. Сондықтан осы форумды құрып отырмыз.

Біздің жоспарымыз жан-жақты, өйткені, өкінішке орай, бізде барлық салада дағдырыс болып жатыр: экономика, әлеуметтік сала, саяси өмір, сөз бостандығы, сот жүйесі, құқықтық жүйе – бәрі-бәрі тұралап қалды. Геосаяси тұрғыдан алғанда да үлкен қателіктерге душар болып отырмыз.

Мысалы Еуразиялық одаққа қатысты, Қытайдың экспансиясына жол ашу сияқты бағыттарда шалыс басқан тұстарымыз аз емес. Биліктің теріс қадамдарына сын айту, кемшіліктерді түзетуге балама ұсыныстар айту, биліктің қабылдап жатқан кез келген заңына, қаулыларына сараптама жасау – қоғамның ісі болуы тиіс.

Билік пен қоғамның тепе-теңдігі керек, яғни биліктің қазіргі монополиясын біз қоғамның саяси белсенділігі арқылы ғана жоя аламыз! Сондықтан біз мемлекетшіл, ұлтшыл күштерді, Қазақстанда әділетті демократиялық қоғамның орнауына атсалысқысы келетін барлық азаматтарды қатарымызға шақырамыз.

Қазақстандағы өзгерістерді біз Конституциядан бастауымыз керек. Өйткені авторитарлы жүйенің іргетасы дәл осы Конституция болып отыр. Сол себепті билікке «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». 27 жылғы Тәуелсіздік бойына оппозиция талай бағдарлама, жобалар ұсынды.

Біз сол жағын да ұмытпауымыз керек. Біздің бағдарламамызда сол ұсыныстардың ең сүбелілері орын алмақ. Сонымен бірге, жаңа заман талаптарына сай соны ұсыныстарымыз да болмақ. Сондықтан біздің бағдарлама нақты. Ең бастысы — ол халықты алдамайтын, халықтың көкейінен шығатын нақты қадамдар болады.

— Ал енді «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Қасиетті Қазақстан» бойынша жұмыстардың нәтижесін көріп отырсыз ба?

— Кез келген қоғам өзінің даму барысында жаңғырып отыруы тиіс. Оны жоққ шығара алмаймыз. Бірақ дәл осы «рухани жаңғыру» идеясы шенділердің шолақ белсенділігі мен асыра сілтеуінің арқасында анекдотқа айналып кетті.

Қазір екі азамат бір-біріне: «Не істеп жатырсың?» — деп сұрай қалса: «Рухани жаңғырып жатырмын» — деп қалжыңдайтын болған. Шынтуайтына келгенде, рухани жаңғыруға ұлттық, мемлекеттік тұрғыдан қарау керек.

Сондықтан 70 жыл Совет одағының табан астында болған, 27 жыл бойы әлі де постсоветтік синдромнан айырыла алмай келе жатқан Қазақстанға «Рухани жаңғыру» керек! Біздің жалпы билікке немесе жекелеген шендіге деген сыни көзқарасымыз «Рухани жаңғыруды» тәрк етуімізге себеп болмауы тиіс.

Шын мәніндегі Жаңғыру ол тек биліктің ісі емес, ол халықтың, қоғамның ісі. Және де жаңғыру қоғам өмірінің барлық саласын қамтуы тиіс: аш бала тоқ баламен ойнаймайды, сондықтан тұралап қалған басқа да салаларды – экономиканы, әлеуметтік саланы, саяси жүйені жаңғыртып, заман мен қоғам талаптарына сай ету керек!

Әйтпесе көптеген шенділер рухани жаңғыруды елде болып жатқан басқа процестер мен оқиғалардан бөліп алып, қарастырғысы келеді. Мұндай саясат рухани жаңғыру идеясының қадірін кетіреді. Біз рухани жаңғырудың ұлттық, тарихи, рухани өмірге қатысы бар тұстарын қолдаймыз, оны қолдамасақ біз қазақ болмай қаламыз.

Бірақ оның ішінде науқаншылдыққа жол бермеуіміз керек, кез келген мерейтойды немесе ақын-жазушының туған күнін рухани жаңғыруға тиеп қою дұрыс емес. Мен өзім бір облыста айтқанмын, бір жазушы 70 жасқа толып жатыр екен.

Сол 70 жылдығын рухани жаңғыру аясында өткізіп жатыр. Мен айтамын да: «Сонда рухани жаңғыру болмаса бұл жазушы дүниеге келмеген бе, кітап жазбаған ба?!». Біздің ойымызша, жаңғыру, ең алдымен, саяси реформалардан басталуы тиіс.

Сол себепт біз «Жаңа Қазақстан» Форумын құрып отырмыз!

— Сұхбатыңызға рахмет!

Дереккөз: turaninfo.kz
Просмотров материала: 3 781

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 432 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 250 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 223 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 167 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 149 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 116 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 631 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 779 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930