24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бір бөлмеге бәріміз сыймаған соң дария жағалап кетем" - 9 балалы жалғызбасты әке мұңын шақты

12 июнь 2018, 10:20
Дария жағалаған жалғызбасты әке. Оны да баспана мәселесі шаршатқан. Ал Қызылордамен іргелес жатқан Тасбөгет кентінде тұратын – тұратын дейміз-ау, әйтеуір күнін көріп отырған Алдаберген Қалқымов - жалғызбасты әке. Былтыр әйелі қайтыс болған, 9 баланың 5-і кәмелетке толмаған. Бір бөлмелі баспанасын кезінде рәсімдеп алмаған, соның кесірінен апатты үйде қалып отыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

“Бір бөлме ғой. Бәріміз қыстырылысып, жатамыз енді. Кейде ағайындардың үйіне кетіп қаламыз, айтып отыр ғой, ағам. Дария жағалап кетесің, болмағандықтан, үйге сыймағандықтан. Қыз бала бар, бәріміз, ыңғайсыз ғой, болмайды ғой”, – дейді жалғызбасты әке.

Жасы елуге де толмаған Алдабергеннің жанына батып, алаңдататыны – балаларының болашағы. Бала-шағасының рахатын жарымен бірге көру бұйырмағаны. Әйелі өткен жылдың күзінде бақилық болып, 9 баласымен қала берді.

Ал мынау алақандай бөлмені 12 жан жиырма жылдай паналап, тұрып келген. Қызы да, ұлы да, әке мен шеше де барлығы бір бөлмеде. Десе де балаларын ешкімге жалтақтатпай, біреуден нан, біреуден су сұрап, қаңғытып жібермеген.

Өз тіршіліктерін жасап, күн көрген. Шаңырағын 18 жасында көтерген отағасы оқып та үлгермеген, несібесін шопырлықтан көріп келіпті. Кезінде Арал жақта балықшы болған Алдаберген 90-жылдардың соңында Қызылордаға іргелес Тасбөгетке қоныс аударған.

Есік-терезесі, едені мен пеші жоқ қаңырап жатқан осы лашықты паналаған.

“Есік-терезесін салды, ішіндегі мусорларын барлығын далаға тасыды, сөйтіп тазалап кірді”, – дейді Алдаберген Қалқымовтың ағасы Ермек Қарғабаев.

Бірақ 20 жыл ішінде осы бір бөлмелі пәтерді атына өткізіп, рәсімдеп алуды ойламапты. Жекешелендіру керектігін білмеді. Ал 12 пәтерлік үй «апатты» деп танылды, «тұрғындары көшіріледі» деген сыбыс шыққанда, тез арада құжатыңды әзірлеп берем деген бір келіншек күнін зорға көріп отырған Алдабергеннен 200 мың теңге алып кетеді.

Азамат ол ақшаны қарызға алып берген. Содан алаяқ әйел із-түссіз кеткенін айтқан отағасы, өзінің аңқаулығына күйінеді. Көршілері болса осыдан екі ай бұрын су жаңа үйге көшіп кеткен. Табиғатынан жуас Алдабергеннің жоғын түгендеп жүрген - әкесінің інісі.

“Апатты деп списание жасалды, сондықтан үй берілді деді, бізге. Бұған неге бермедің, деп сұраған кезімізде, бұл баланың документі болмады деді. Сот оның 20 жыл отырғанын анықтады, светін және тамның налогын осы уақытқа дейін төлеп отырғанын анықтады. Бірақ там списаниеге шығып кеткеннен кейін бұның атына аудара алмаймыз деді. Далада қалды”, – дейді ағасы.

Жалғыз қалған азамат күйік пен қайғыдан әбден қажыған. Алдаберген жұмысын тастап, кәмелетке толмаған бес баласын бағуға мәжбүр. Күнелтіп отырғандары – балаларға төленетін 45-50 мың теңге жәрдемақы. Тамағы да, киімі де, балалардың жол ақысы да соның ішінде.

“Келіншегім тірі кезде вахтовый жұмыс істейтін едім ғой, Құмкөлде істедім, басқа жерде істедім. Енді қазір келіншегім кеткеннен кейін, балдарға қарап отырмын, жұмысқа шыға алмай. Балдардың 45-50 мың пенсиясы бар алатын, сонымен күнелтіп отырмыз күнімізді көріп, бұйырғанын ішіп, жеп. Бірақ ешкімнен нан сұрап отқан жоқпыз. Бір ай болсын, екі ай болсын жұмыс істеймін ба деген ойым да бар енді. Бір пенсияға қарап отырған ол не болады? Ертен сентябрьде сабаққа бару керек”, – дейді ол.

"Мынау қаңыраған екі қабатты үйде ешкім қалмағандықтан, әкеміз балаларға алаңдайды", – дейді үйдің үлкені Мариям. Қыз байқұс жат елдік болғанымен, әкесі мен бауырларына жаны ашып, езіле жылайды.

“Төрт қыз әрқайсымыз тұрмысқа шығып кеттік жан-жаққа. Балдар сабаққа кеткенде, арасында келіп, тамағын істеп беріп тұрамыз, қыздар алма кезек келіп, қолымыздан келгенше көмектесеміз әкемізге. (жылайды)…Осы үй жағы шешілсе екен деймін. Анам қайтқалы бауырларыма қиын болды. Барлығын ойлаймын бауырларымды”, – дейді үлкен қызы Мариям Қалқымова.

“Ендігі жағдай қиын болып тұр. Бұл қыстай кочегар, әрі осы үйдің келіні, әрі әйелі, әрі осы үйдің тамағын асырайтын еркегі ғой. Тәуекел, енді осыменен өмір сүрер, жылата берер дейсің бе, Алла Тағала деп мына кішкентай балаларын бағып отыр”, – дейді ағасы.

Мемлекеттік бағдарламалармен берілетін үй кезегіне 2007 жылы әйелі Батыр ана ретінде 172-ші болып тіркелген екен. Әйелі қайтыс болғасын Алдабергеннің атына өткізілген кезек енді екі мыңнан асып кеткен.

Тасбөгет кентінің басшылығы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін тізімге қосамыз деген екен, уәдесін орындамаған. Біздің арнамызға сұхбат беруін сұрап хабарласқанымызда, Тасбөгет әкімі Пахуатдин Шамұратов арнайы қағаз жіберуімізді талап етті. Яғни, айтары жоқ болғаны ғой.

“Жоқ, сіз хат жіберіңіз «Астанадан», сіз маған телефон соғып тұрсыз ғой. Хат жіберіңіз, үйге байланысты интервью беріңіз деп”, – дейді Тасбөгет кентінің әкімі Пахуатдин Шамұратов телефон арқылы.

Ондай отбасы бар екенін әкім мырза тіпті зорға есіне түсірді. Ал Қалқымовтардың ертеңгі күні не болмақ, шенеуніктердің бас қатырмайтыны белгілі болды. Құжаттарын рәсімдеуге кірісетін маман да болмайтыны анықталды.

Шамұратов жалпы ондай жағдайы ауыр отбасы жеткілікті екенін есімізге салуға асықты. Балаларын иманды, тәртіпті қылып тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке ертеңгі күні ұлдары өсіп, жағдайымыз сол кезде түзеледі, деп сенеді.

Бірақ осы қасиетті Рамазан айында сауапты іс жасауға асыққан жамағат, мүмкін, осы отбасының зары мен мұңын естіп қалар деген үміт бар…
Просмотров материала: 10 738

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 958 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 780 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 752 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 690 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 671 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 231 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 258 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 711 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 841 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 942 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 476 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 626 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930