25 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқушылар ҰБТ-дан көп балл жинау үшін бақсы-балгерге дұға оқытып жүр

11 июнь 2018, 15:29
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында бақсы-балгерлер «көмегіне» жүгіну дәстүрге айналған. Түлектердің бірі өз білімдеріне сенсе, дегбірі қашқан ендігі бірі – мешіт жағалап, тіпті кесенелерге түнеп жүр. Сынаққа екі аптадай уақыт қалғанда мұндай «жөн-жоралғылар» қаншалықты нәтиже береді? Тәуіпке сеніп, опық жегендер мен түлектердің санасын улап, жалған үміт сыйлаған көріпкелдер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сиқырға сенгендердің бірі – Серік. Жиырма жастағы жігіт екі жыл бұрын бақсының арбауына түсіп қалған. Алайда, 125 балл жинау үшін дұға оқып беремін деген тәуіптің уәдесі құр сөз болып шыққанын тым кеш түсінген. Емші-сымақтың айтқанын орындап, кесене аралап, біраз шығынға батқан.

«Басқа да оқушылар сияқты біз де құрбан шалдырдық, ҰБТ үшін деп. Түркістанға бардық, Қожа Ахмет Яссауи атамыздың басына, бақсы-балгерлерге бара бастадық. Мен де сол үйдегілер айтты осындай бір кісі бар, мақтап ол кісіні бақсы жолыңды ашады дегеннен кейін, біз де оқыттық. Кішкене ақшасын бердік . Ол кісі екі аптадай оқыды. Сосын су беріп, ҰБТ-ға кіргенде ішесің деді. Бірақ, пайдасын көре алмадық» – дейді студент Серік Шымат.

Серіктің басынан өткен жағдайды анықап білу үшін, эксперимент жасап көрдік. Көріпкел әжей алдымен қай пәнге жақсы екендігімізді сұрап алып, содан кейін ғана есепші боласың, деді. Тесттен де еш қиындықсыз өтесің деп сендірді. Ол үшін тілек жазу керектігін, әрі онда не қамтылу керек екенін былай деп түсіндірді.

“Экзаменге жақсы дайындалу үшін, тіпті үздік бағаға тапсыру үшін тесттен 140 балл алам деген тілек қабыл болады. Тек орамалды өзіңмен алып жүру керек”, – дейді балгер.

– Точно өтем ғой, иә? Орамал оқымаса неше алуым мүмкін?

– Кішкене төмен болады.

Шынында да, тест алдындағы дайындық, көзге көрінбейтін төңкеріс іспетті. Ал дұға ма әлде дуа ма, оған сенетіндер қоғамда баршылық екен.

«Менің замандастарым болды, арасында барып жүретін».

«Мен қазір 10 сыныпты бітірдім, естігенімше 11 сыныптар барған».

«Бақсы,балгерлердің айтқанына ешқашан сенбеймін мен. Сеніп те көрген жоқпын. Барған да емеспін. Өтірік ол».

«Дұрыс, сену керек. Осындай жағдайларда».

«Сену керек, сенсең бәрінен өтесің, главное уверенность дейді ғой».

Ал ғаламтор беттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден оңай өтуге арналған “дұғалар” қаптап кеткен. Ал дін өкілдері мұндай дұғалардың барын түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, сынаққа жақсы дайындалып, одан кейінгісін бір Жаратушыға тапсыруға кеңес береді.

«Пайғамбарымыз с.ғ.с заманында ешқандай да ҰБТ деген болған жоқ. Сондықтан оған арнайы оқитын мынадай дұға бар екен, пайғамбарымыз ҰБТ-ға кірер кезде мына дұғаны оқыңдар деп айтқан сөзі бар екен деген ондай хадис жоқ. Алладан басқа ешкім жолды аша алмайды» – дейді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

Қалай десек те, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үлкен өмірге қадам басар алдындағы алғашқы сынақтардың бірі. Яғни, жауапкершілікті нақты сезінетін шақ.
Просмотров материала: 3 477

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 122 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 952 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 576 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 624 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 137 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 275 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 499 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 533 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 697 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 407 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 887 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 366 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 217 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 037 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 235 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 310 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 369 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 089 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 103 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 937 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 770 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 034 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 490 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 957 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 807 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 084 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 412 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 824 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 780 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 782 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 009 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 155 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031