28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ курсанты өрт кезінде адамды құтқаратын мобильдік қосымша әзірледі

08 июнь 2018, 14:33
InHelp мобильдік қосымшасы адамдарға төтенше жағдай болған кезде, қоғамдық ғимараттан бірден шығу жолын нұсқап, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кемероводағы сауда орталығында ондаған адамның өмірін жалмаған өрт біздің қазақ жастарына ой салса керек. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курсында оқитын курсант Әділет Серік қоғамдық ғимараттарда өрт немесе басқа да төтенше жағдай болған кезде, адамдарға нысаннан қалай аман-есен шығуға болатынын көрсететін мобильді қосымша әзірледі. Айтуынша, жоба 90 пайыз дайын. Тек оған инвестор тартып, толығымен жүзеге асыру ғана қалды.

"Қазір ең басты проблемалардың бірі – бұл адамдардың білім деңгейінің төмен болуы және қоғамдық ғимараттарда төтенше жағдай болған кезде бірден шығу жолдарын таба алмай, үрейге берілуі. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін мен мобильдік қосымша жасап жатырмын. Онда төрт бағыт қамтылған. Біріншісі – өрт және төтенше жағдай кезіндегі алгоритм жазып көрсетілген, ол фото, видео, мәтін және аудио түрінде беріледі. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету. Ол да төрт форматта ұсынылады. Ұялы телефоныңызда интернет қосылмай тұрған кезде де, құтқарушыларды немесе тағы басқа шұғыл қызметтерді шақыра аласыз", — деді Әділет.

Оның айтуынша, әзірге қосымшада Қазақстан бойынша 2000 мыңнан аса нысанның бас жоспары енгізілген. Болашақта қосымша жаңартылып, қоғамдық ғимараттар саны толыға береді.

"Кемероводағы сауда орталығында болған трагедиядан кейін қосымшаға нысандардың бас жоспарын қосуды ұйғардым. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша екі мыңнан астам қоғамдық ғимараттың бас жоспары бар. Болашақта ол жаңартылып, қосыла береді. Барлығы 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларының ғимараттары енгізіліп отыр. Яғни, балабақша, мектептер, емханалар, ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары", — дейді жоба авторы.

Оның айтуынша, мобильдік қосымшаны толығымен жасап шығару үшін ең кемі 500 мың теңге қажет. Жобаны әзірлеуге алты ай уақыт кетіпті.

"Қосымшада барлығы үш тілде жазылған. Ең басты ерекшелігі – қазақ тіліндегі мәтіндерді латын әліпбиімен жаздым", — дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада "StartapBolashak – Менің арманым" жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауының ширек финалдық кезеңі басталды. Ширек финалға 471 бизнес-жоба іріктеліп алынды. Шараға 16 мен 35 жас аралығындағы 900-ден астам жас стартапер, сондай-ақ 100 сарапшы, 50 ментор мен 20 өңірлік үйлестіруші қатысып жатыр. Үш күн ішінде жартылай финалға жолдама алатын 100 мықты жоба таңдалып алынады.

Жартылай финалға өткен ең мықты 100 жоба авторы шілде айында "StartapBolashak – Менің арманым" жазғы кубогы аясында финалға жолдама алу үшін бақ сынасады. Соның тек 50-і ғана "Менің арманым" телевизиялық шоуына қатысады. Бұл кезең стартап аукционы сияқты өтеді. Жас кәсіпкерлер инвесторлар мен Қазақстанның ірі венчурлық компания өкілдеріне өз жобасын таныстырады. Мұндағы мақсат – байқауға қазылық етіп отырған инвесторлардың қызығушылығын тудырып, өз жобасын жүзеге асыруға қаражат тарту.

Байқауды Білім және ғылым министрлігі, "Болашақ" қауымдастығы және "Success K" стратегиялық коммуникациялар агенттігі ұйымдастырып отыр.
Просмотров материала: 1 866

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 473 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 313 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 300 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 239 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 194 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 607 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 394 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 310 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 264 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 377 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 416 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031