26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәңгілік махаббат дастаны

28 май 2018, 3:27
Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашап жазылған Орхон-Енисей ескерткіштерінен, мәңгілік өмірді жырлаған Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздың мұрасынан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты.

Осы аталғандардың қатарына халқымыздың бүгінгі ұрпағына, яғни мына біздерге, үлгі болған қазақтың мәңгілік махаббатының киесі әрі символы - Қозы мен Баянның кіршіксіз махаббаттарын жатқызар едім.

Аягөз деген – аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді.
Аягөз болып ғасырлар алға көшеді,
Аягөз, ая – арулар елі кешегі
– деп, Мұқағали ақын жырына арқау еткен Аягөз!

Иә, Аягөз десе елеңдемейтін қазақ жоқ шығар. Өйткені менің туған өлкем Аягөз – Қозы мен Баянның ақ шәйіге ораған аппақ махаббаттары бүр жарған киелі мекен. Аягөз – күллі қазақ үшін махаббат Меккесі.

Сондықтан да мен Аягөздей киелі жерде туып-өскенімді ерекше мақтанышпен айтамын.

“Мен Аягөзді сүйемін және оны таң-тамаша көремін,— деп жазды Шоқан.— Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында ғұмыр кешкен сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері бар шығар,” – деген Шоқандай ғұлама ғалымның сөздері мендегі туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті одан сайын арттыра түседі.

Осыдан 15 ғасыр бұрын Аягөз төсінде болған, содан бері күллі қазақты шынайы сүйе білуге, махаббатта тұрақты да табанды болуға тәрбиелеп келген Қозы мен Баянның махаббат хикаясы бүгінгі ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жойған емес.

Неге десеңіз, қазіргі жағдайымызда жаһандану үдерісі мен теріс пиғылды қолжетімді ақпараттар легінің салдарынан жастардың бойында кездесіп жүрген жат мінезге қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыру қажет.

Олай дейтінім, адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Жас адам ғажайып тамаша сезімдерді бастан өткерері сөзсіз. Осы тұрғыдан алып қарасақ, қазіргі қазақ жасы көбіне Еуропаға еліктеп, Валентин күнін тойлап жүр.

Сондай-ақ сол жастардың арасынан опасыздықпен, сатқындықпен Махаббат сынды ұлы сезімнің қадірін кетіріп жүрген қаракөз қыз-жігіттеріміз де кездесіп қалатыны шындық.

Өз кезінде шынайы да кіршіксіз таза махаббаттың жаршысы болған Абай атамыз да ондайлар туралы:
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе
, - деген еді.

Соған қарамастан, текті, рухты, ұлтжанды жастарымыз да жетерлік. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын шынайы махабатты насихаттайтын Қозы мен Баян махаббат күнін белгілеп, атап өтуді ұсынды.

Жастардың бұл ұсынысы да қолдау тауып, 15 сәуір Қозы мен Баян махаббат күні болып белгіленді. Ал бұл күннің мәні – келер замандарға ұлттық болмысымызбен жету үшін атаның қаны, ананың сүтімен дарыған қазақы мінезіміз бен сезімдерімізді тәрбиелеу.

Осы орайда, шынайы, ақ, адал махаббат жолындағы ерлікті паш ететін Қозы мен Баян махаббатының рөлі ерекше. Өйткені олардың махаббаты келер ғасырларда да Махаббат атты ғажайып патшалықтың аспанында жастарды тамаша сезімге жетелейтін Шолпан жұлдыз болып мәңгілік жарқырай береді.

Ғасырлардан жеткен асыл мұрамыздың жақұты «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры арқылы жеткен бабаларымыздың махаббат сынды ұлы сезімге деген талғамы ұрпағына мәңгілік тағылым болып қалатыны сөзсіз.


Ернұр ЧИНТАЕВ
9 «А» сынып оқушысы
Дулат Бабатайұлы атындағы
жалпы орта мектеп
ШҚО
Аягөз қаласы
Жетекшісі: Жанат Садвакасова
Просмотров материала: 6 533

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 251 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 072 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 044 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 987 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 970 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 863 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 049 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 571 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 137 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 719 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930