23 марта 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Менің атам Гиннес рекордтар кітабына енген

28 май 2018, 2:55
Біздің ауылымызда қызықты, пайдалы іспен шұғылданатын адамдар көп. Дегенмен, мен өз атамды осы шығармамның кейіпкері етпекпін. Себебі, менің атам отбасымыз үшін ғана емес, өзге де жандарға үлгі боларлықтай тұлға.

Атамның аты-жөні – Құлмырзаев Серік Қожанұлы. Жасы 67-де. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тумасы. Ол әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген зейнеткер. Қалай дейсіздер ме? Ендеше, атамның жетістігі туралы бөлісейін.

Зейнет жасына шыққанша атам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеді. Жұмыстан қолы қалт еткенде атамның аулада гір тастарын арлы-берлі жұлқа көтеріп жататынын байқайтынмын. Жастайынан күреске қатысып, шынығып өскен екен.

Содан да болар, қарттыққа қадам басқан шағында да спортты жанына серік етіп жүрген болар деп ойладым. Алайда, атамның ішкі әлемінде өзіндік мақсаттары бар екен.

2013 жылы атам зейнетке шыққан соң Беларусь елінде өткен ардагер спортшылар арасындағы гір тасын көтеру сайысына қатысты. Дода туралы біраз ізденіп, ғаламтор арқылы өтініш білдіріпті.


Осылайша, атам сол сапарында өткен төрт дүркін Әлем біріншілігінің, Еуропа, Азия, Еуразия, Белорусь және Ресей чемпионаттарында, Ф.Ушаков және М.Ломоносов атындағы халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, бір сәтте бір емес, 11 алтын медальды иемденіп қайтты.

Одан әрі Беларусь елінің Витебск қаласында гір триатлоны бойынша өткен екінші дүниежүзілік олимпиадада 16 келілік гір тасын 2 минут ішінде 78 рет жұлқа, 94 рет серпе көтеру арқылы үздік деп танылды.

Сол жарыс барысында «310 спартандық» жобасы бойынша Гиннес рекордтар кітабына ену үшін 400-ге жуық спортшы 30 минут бойы гір көтерген екен. Нәтижесінде, менің спортшы атамның есімі Гиннес рекордтар кітабына жазылды.

Сонымен қатар, оған Біріккен Ұлттар ұйымы және ЮНЕСКО жанындағы Адам құқығы халықаралық федерациясы мен ғылыми институттары Еуропалық қауымдастығының және халықаралық аттестациялық Кеңесінің "Қанатты арыстан" ордені табысталды.


Өткен 2017 жылдың жаз мезгілінде еліміздің Петропавл қаласында ұйымдастырылған әлемдік біріншілікте де атам Ресей, Беларусь, Украина және еліміздің мықты спортшыларымен сынға түсті.

Ол жарыста гір триатлонынан Әлем чемпионаты, Еуразия чемпионаты және Қазақстанның бірінші ашық чемпионаты қатар өтіп, бірнеше кезең бойынша спортшылардың шеберліктері сыналған болатын.

Дүбірлі додада бақ сынаған менің атам жұлқа көтеру сайысы бойынша 10 келілік гір тасын 5 минут ішінде 190 рет көтеріп, жетінші рет Әлем чемпионы атағына ие болды.


Сонымен қатар, 2 минут ішінде 89 мәрте жұлқа көтеру бойынша Қазақстан чемпионы атағын да алды. Чемпионат нәтижесі бойынша атам «Алтын гір көтеруші» орденімен марапатталып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды.

Зейнет жасына келіп осыншама жетістікке жеткен атамның еңбегі біз үшін қашан да үлгі-өнеге. Атамның арман-тілегі де сол екен. «Ұрпақтарымның алдында ерекше дүние қалдыруым керек!» - деп айтатынын құлағымыз шалып қалатын.

Әлбетте, ол мақсатын атам толыққанды орындады деп айта аламын. Немересі ретінде мен атамның бұқаралық спортта жеткен жетістіктерімен мақтанамын!

Атамның бойындағы күш-жігер, еңбекқорлық бізге оның тәлім-тәрбиесі, әдемі әңгімелері мен көрсеткен өнегесі арқылы сіңіп жатқаны сөзсіз. Үлкен кісілерден әдемі қартаю деген сөзді естіп қалып жатамыз.

Ендеше менің атамның жолын әдемі қарттықтың көрінісі деп айтуға негіз бар.


Бибімариям СЕРІК,
7 «Д» сынып оқушысы
Тәйімбет Көмекбаев атындағы
№250 мектеп-лицей
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
Жетекшісі: Сағира Уәли
Просмотров материала: 2 456

Поделиться материалом


11:55 Токаев в Twitter: Поручил перенести повышение зарплат... 238 Просмотров

11:35 Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан “орыс әлемі” емес... 1 092 Просмотров

11:30 Глава государства поздравил казахстанцев с праздником Наурыз... 206 Просмотров

01:16 МАХАМБЕТШЕ про KZ (часть седьмая): Четыре Назарбаева: кто... 513 Просмотров

18:30 Земляки Елбасы гордятся им и поддерживают его... 368 Просмотров

17:51 Neoline приглашает казахстанцев отпраздновать Наурыз... 631 Просмотров

17:15 Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгерді... 939 Просмотров

17:10 Пост Токаева в Сенате заняла Дарига Назарбаева... 666 Просмотров

17:05 Фильмы про праздники и семейные традиции... 627 Просмотров

14:28 Решение принято: Астана будет переименована в Нурсултан... 820 Просмотров

13:38 Нурсултан Назарбаев удостоен звания "Халык Кахарманы" и... 841 Просмотров

12:52 Наша столица должна называться Нурсултан, - Касым-Жомарт... 733 Просмотров

12:33 Напишу книгу о Назарбаеве "глазами помощника", - Карим... 702 Просмотров

12:17 Касым-Жомарт Токаев вступил в должность Президента... 696 Просмотров

12:13 Куда переедет Нурсултан Назарбаев из Акорды... 853 Просмотров

11:36 Сахнада әнді мазақ еткен Кентал жұрттың ашуын тудырды... 587 Просмотров

11:20 В ЦИК сделали заявление о полномочиях Касым-Жомарта Токаева... 602 Просмотров

10:21 Нурсултан Назарбаев встретился с послом Китая в Казахстане... 546 Просмотров

10:13 Правительство и Нацбанк обратились к казахстанцам... 605 Просмотров

09:59 Мемлекет басшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады... 271 Просмотров

09:26 Назарбаев сделал очень много, но за тридцать лет устает... 628 Просмотров

09:11 Сегодня на большей части Казахстана сохранится погода без... 221 Просмотров

08:57 Курс валют на 20 марта... 361 Просмотров

20:02 В мае в Алматы установят памятник Денису Тену... 399 Просмотров

19:58 Нурсултан Назарбаев остается главой Совбеза и партии Nur... 461 Просмотров

19:25 Касым-Жомарт Токаев будет временно исполнять обязанности... 788 Просмотров

19:24 Сенат төрағасы Тоқаев президент міндетін уақытша атқарады... 614 Просмотров

19:20 Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты... 649 Просмотров

19:14 Нурсултан Назарбаев заявил о прекращении своих полномочий... 388 Просмотров

18:04 Кайрат Кожамжаров стал депутатом Сената... 359 Просмотров

17:57 Малик Мурзалин стал заместителем руководителя администрации... 344 Просмотров

17:46 Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық көлемі 103,3 пайызды көрсетті... 330 Просмотров

17:41 Акимом Акмолинской области назначен Ермек Маржикпаев... 308 Просмотров

17:33 50 туш сайги с отпиленными рогами нашли в Карагандинской... 371 Просмотров

17:25 Жалақы жыл сайын ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде... 417 Просмотров

17:14 Сегодня в 19:00 Нурсултан Назарбаев выступит с обращением к... 518 Просмотров

17:07 Алдағы 10 жылда «Қазпошта» бөлімшелері болмауы мүмкін -... 285 Просмотров

16:52 Фотовыставка памяти Дениса Тена пройдет в Японии... 312 Просмотров

15:31 За что арестовали главу Комитета по водным ресурсам... 179 Просмотров

13:32 Әлеуметтік көмектің мөлшері 50 500 теңгеге дейін көбейетін... 353 Просмотров





Опрос


«    Март 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031