19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Туған жерге туыңды тік!"

27 май 2018, 3:10
"Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем..." - деп, ақиық ақын М.Мақатев жырлағандай, менің туған өлкемде ағынды өзен де, асқар тау да жоқ, бірақ мен де ақын секілді перзенттік жүрегіммен өз туған жерімді шын сүйемін. Туған жер адам өмірінде ерекше орын алады. Өйткені осы жерде менің шаттыққа толы, балалық балдәурен шағым өтуде.

Менің туған өлкемнің табиғаты сондай көркем болмаса да, көрер көзге, естір құлаққа жетерлік ерекшеліктері бар. Мінекей, туған өлке төсіне құлпырып көктем де келіп жетті. Жер - Ана ерекше әсем көрініске еніп, адам жанын нәзіктік пен кіршіксіз күйге бөлейді.

Көктеммен бірге берекенің, байлықтың нышаны - төрт түліктің төлдейтін уақыты. Мұны неге тілге тиек еттім. Мал шаруашылығы ауылымыздың басты кәсібі болып саналады. Ішсең сусын, жесең асың, мінсең көлігің болатын төрт түлік малдың барлық түрі кентімізде өсіріледі.

Мал шаруашылығымен қатар, экономиканың күре тамыры тоғыз жолдың торабы атанған теміржолдың бойымен күнделікті қаншама жүк тасымалдаған поездар мен жолаушылар пойызы еліміздің өркендеуіне үлкен үлесін қосып келеді.

Кейде қиял құшағына енген сәтте жүйткіген пойыздар үніне құлақ түрсем, бірде қорадағы қозы-лақтың дауысын тыңдаймын. Сол сәтте бұл не деген көрініс, тіршілік сондай қызық-ау деп таңғалам!

Ауылымның бар байлығы - жаны жайсаң, жүрегі жомарт адамдары. Ауызбіршілігі жарасқан ауыл тұрғындары сондай тату тұрады. Әжемнің айтуынша, кезінде осы өлкеде өзге ұлт өкілдері көп қоныс тепкен көрінеді.

Солардың жұрнағы, республикаға танымал азамат, халық қалаулысы, депутат Генадий Шиповских менің жерлесім екенін мақтанышпен айтамын.

Енді ауылымның дамуы жайында бірер сөз. Туған жерге деген патриотизмнің негізі отбасынан, мектеп қабырғасынан бастап қаланады емес пе?! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Қысқаша айтқанда, "Туған жер" бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады" - деген жолдар бар.

Туған жерге деген патриотизмнің дәлелі жас кәсіпкерлер Таласов Мейрамбек Кәдірбергенұлы мен Исаев Серік Жеңісұлы ауылымның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан азаматтар дегім келеді.

Экологиялық таза өнім алатын жылыжай, автомобильдерді диагностикалық тексеруден өткізу, автокөлік жуу орталығы мұның барлығы Таласов Мейрамбек ағаның жылма-жыл елге қосқан жаңалығы. Енді міне, жақын арада ірі қалалардағыдай сауда, ойын-сауық орталығын ашқалы отыр.

Өткен жылы кәсіпкер Исаев Серік аға балаларға арнап жазғы "Балалар алаңын" ашса, биыл ауыл тұрғындарына арнап "Империя" мәденит орталығын пайдалануға берді.

Бұған дейін ауылымызда балаларға арналған кітапхана, спорт мектебі, мектептегі үйірмелерден басқа бос уақытта баратын жер болмаушы еді. Енді алдағы каникул қызықты өтетініне сенімдімін. Осындай кәсіпкердің бірі - Талдықбаев Баян аға "Керуен" сауда үйін ашып, қанша адамды жұмыспен қамтып отыр.

"Туған жерге туың тік!" деп Елбасы мақаласында айтылғандай, туған өлкеге өз қолтаңбаларын аянбай терін төгіп қалдырып жүрген осындай ағаларымды мақтанышпен айтамын. Бұл кәсіпкер ағаларым - мен тәлім алып жүрген алтын ұя мектебімнің түлектері.

Кәсіпкер ағаларым мектепке де демеушілік көрсетіп қояды. Демеушілік демекші, мектептің бұрынғы түлегі, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Есекешова Марал Дүйсенейқызы оқу жылы соңында үздік оқыған оқушыға стипендия тағайындауды дәстүрге айналдырған.

Мен оқу озатымын, степендия иегерімін. Осындай аға-әпкелерімнің жасампаз істері көпке үлгі.

Сонымен берге, ауылымызда жаңа емхана, жаңа мәдениет үйі, жаңадан салынған жеке балабақшалар халықтың игілігіне қалтқысыз қызмет етуде. Жаңадан бой көтерген спорт кешенінің құрылысы да қарқынды жүруде. Мұның барлығымен "Туған өлкеге саяхат" атты сынып сағатында таныстық.

Сөз басын Мұқағали ақынның сөзімен бастап едім, сөз соңында ақынның "Пай! Пай! Пай! Киелі неткен туған жер!" - деген деген сөзімен аяқтағым келеді.

Феруза ДИХАНБАЕВА
7 "б" сынып оқушысы
№ 177 орта мектеп
Сексеуіл кенті
Арал ауданы
Қызылорда облысы
Жетекшісі: Мейрамкүл Утегенова
Просмотров материала: 6 468

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 605 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 427 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 397 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 333 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 312 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 703 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 262 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 413 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930