16 октября 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Жүрек тұсынан пышақтаған: Отандық әншінің өміріне қастандық жасалған

Продюсер Алуа Қонарова қарамағындағы Renzo тобының құрамы ауысқанын хабарлаған еді. Топтан Жанболат Ертаев кетіп, Дәулет Өзбеков есімді жас жігіт келген болатын. Бұл орайда Қонарова жақын арада жаңа құраммен халық алдына шыққанын айтқан болатын. Алайда продюсердің бұл ойы орындалмады.

Себебі топ мүшелерінің бірі Есеттің өміріне қастандық жасалған. Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

“Бізде кішігірім үзіліс болды. Оған біздің топта болған жағдай себеп. Яғни, Renzo тобының мүшесінің біреуін жоғалтып ала жаздадық.

Қазіргі таңда топтағы жігіттердің біріне әлі де билеуге болмайды. Оған хореографиямен айналысуға және ауыр көтеруге, қатты қозғалуға тыйым салынған. Өйткені оның өміріне қауіп төніп тұрды”, – дейді Қонарова.

Продюсер мұнда топ мүшесі Есет жайлы айтып отыр.

“Жүрегінің айналасына екі рет пышақ тыққан. Сондықтан ол көп қан жоғалтты. 1 литрден аса қан жоғалтып, кейін ол өкпесіне кеткен. Байғұс жігіт көшеде қиналып, жалғыз қалып, үйге әрең жетіп, есінен танып қалған. Жедел жәрдемді тек есін жинағанда шақырған. Дәрігер “кішкене кешіксе, өліп қалатын еді” деді.

Қалпына келу кезеңі ұзақ әрі өте қиын болды. Дәрігерлер басынан-ақ оның тірі қалмауы мүмкін екенін айтты. Бірақ біздің Есет нағыз жігіт, ештеңеден қорықпайды”, – дейді Алуа Қонарова.

Продюсердің айтуынша, қаскөйлер Есеттің өміріне қасақана қастандық жасаған. Алайда өлім аузынан қалғанына қарамастан, Renzo-лық жігіт полицияға арыз жазбаған.

“Жүрек жағынан екі рет пышақты жайдан жай тықпайды. Оны біреулер өлтіргісі келді. Бұл саусақты кесіп алу немесе қолды қанатып алумен бірдей емес. Оның үстіне, оған бірнеше адам тиіскен. Есет те қашпайды, ол қорқақ емес. Көшенің заңдарымен өскен жігіт.

Өкінішке қарай, мен бұл жайлы кейін білдім. Өйткені Есет бұл жайлы маған айтқысы келмеген. Әрине, демде полицияға барып арыз бермек болдым. Бұндай жағдайдың жазасыз қалғанын қаламаймын. Бірақ ол менің бармауымды өтінді. Біреудің білгенін қаламады.

Есет қазір бұл туралы сұхбат беріп тұрғанымды да білмейді, өйткені ол мүлдем қарсы болды. Бұл тақырыпты көтергісі келмейді. Сондай-ақ, продакшнға да айтпауымды өтінген”, – дейді Қонарова.

Продюсердің айтуынша, қазір Есеттің жағдайы жақсы. Ол аяққа тұрып, тіпті жаңа бейнебаянның түсіріліміне қатысқан. Алайда түсірілім кезінде әншінің денсаулығына ауыр зақым келгені байқалған-ды.

“Ол өте тез шаршайды. Бірақ біз үшін бәрін ұмытып, жұмысқа кірісіп кетті. Хореографиямен айналыса бастады. Әрине, өзге жігіттер сияқты бірнеше сағат қозғала алмайды. Сондықтан жаңа бейнебаянда биді жеңілдеттік”, – дейді продюсер.
Просмотров материала: 5 714

Поделиться материалом


20:38 Женщина умерла в кабинете УЗИ в Актобе... 157 Просмотров

20:31 Троих мужчин и 48 женщин изнасиловали в Актюбинской области... 127 Просмотров

19:46 Токаев: Нужны новые подходы к развитию экономики... 142 Просмотров

16:32 Каждая шестая казахстанка считает, что муж вправе ее бить -... 176 Просмотров

15:19 Баглану Майлыбаеву отказали в УДО... 183 Просмотров

14:52 За сексуальные утехи на вокзале Костаная оштрафованы двое... 395 Просмотров

13:43 Казахстанцам запретили вывозить телок возрастом до одного... 204 Просмотров

13:02 Почти 1,3 млрд тенге тратят жители и гости столицы на... 192 Просмотров

12:45 Учителя обвинили в торговле наркотиками в Караганде... 198 Просмотров

12:27 В Алматинской области пьяный мужчина ударил полицейского... 186 Просмотров

12:22 Почти 70% населения Казахстана переключились на режим... 219 Просмотров

11:29 В Алматы опять прорвало трубу... 224 Просмотров

10:35 Cоцработникам планируют доплачивать за психоэмоциональные... 220 Просмотров

10:22 Политолога Сыроежкина лишили гражданства Казахстана... 276 Просмотров

09:29 Курс валют на 15 октября... 225 Просмотров

09:24 Прогноз погоды на 15 октября: ветрено и сыро будет на всей... 167 Просмотров

20:45 Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым... 361 Просмотров

20:38 На выборах президента сэкономили 500 млн тенге, их вернут в... 317 Просмотров

20:34 Столичный аэропорт избавят от TSE... 306 Просмотров

20:21 Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды... 2 590 Просмотров

19:51 Бывший заключенный напал на детский центр в Туркестане... 296 Просмотров

19:41 Ануар Нурпеисов раскрыл тайну своего исчезновения (ВИДЕО)... 602 Просмотров

19:36 Я увидел человека, искренне болеющего за страну, - Ерлан... 578 Просмотров

19:24 Товарищеский матч по американскому футболу среди четырех... 300 Просмотров

17:54 Аким Акмолинской области с рабочей поездкой посетил... 225 Просмотров

17:42 Плагиат в научной работе Фатимы Жакыповой подтвердили... 490 Просмотров

17:36 Жители аула в 2-х километрах от Уральска заявляют, что... 283 Просмотров

17:30 На повестке дня - земельный вопрос. Токаев принял Саирова и... 313 Просмотров

17:24 Аким Акмолинской области посетил соревнования по боксу в... 248 Просмотров

17:23 Смерть младенца в Атырау: 75 рожениц переведены в другие... 239 Просмотров

17:10 К 2030 году число казахстанских детей, страдающих... 249 Просмотров

15:52 Обстрел активистки в Алматинской области: экс-аким вышел на... 201 Просмотров

15:00 В Управлении здравоохранения ЗКО прокомментировали... 146 Просмотров

14:25 Министр образования поручил ректорам увеличить зарплату... 242 Просмотров

13:48 Дождь и мокрый снег ожидаются в Казахстане... 153 Просмотров

13:29 Божко намерены привлечь к ответственности за его... 5 366 Просмотров

12:44 Малоимущим в Казахстане запретят брать кредиты... 187 Просмотров

12:26 Хлеб подорожает на 5-7 тенге - министр сельского хозяйства... 179 Просмотров

12:21 Массовая драка произошла на скачках в Мангистау (ВИДЕО)... 191 Просмотров

13:07 Акимы в соцсетях: Баталов взялся за старое... 857 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031