19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қойнауы – сырға, көмейі – жырға тұнған қасиеттім

25 май 2018, 7:49
Қазақтың кең байтақ жерінде
аңызға айналмаған тұс тіпті аз,
бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.
Н.Ә.Назарбаев

Елімде талай мекен орын тепкен,
Бәрі де қасиетті, көрікті екен.
Дегенмен, сан өлкенің арасында,
Алаштың анасына жетпейді екен, – деп жүрегімнен шыққан шағын туындым арқылы төрткүл дүниені түгел шарлап шықсам да, туған жерімнен ыстық мекенді, Отанымнан қымбат өлкені таба алмайтынымды жеткізгім келеді. Себебі әркімге өз жері – Мысыр шаһары.


Менің Отаным – ұшса құстың қанаты талатын, шапса аттың табаны тозатын, ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан, екі құрлықтың жүрегінен орын тепкен, есімі әлемге мәшһүр болған, қаншама ұлт пен ұлысқа Отан бола білген Қазақстан.

Ал кіндік қаным тамып, алақанымен аялап, ыстық құшағымен саялап, әрбір тау-тасы таныс өлке, балалық шағымның бал күндеріне куә болған, Алаштың анасы атанған, сыр елі, жыр елі – Қызылорда.

Бұралаң-бұралаң өткелдерден өтіп, қисық-қиыр замандарды бастан кешірген қазақ халқының өткеніне куә болған, алғашқы астанамыз Сыр елінде дүниеге келуім – мен үшін үлкен бақыт, зор мәртебе.

200 жылдық тарихы бар Сыр елі небір нәубет замандарды бастан кешірсе де, ұлттық болмысымыз бен салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жадынан өшірмеді.

Осындай өлкеде дүние есігін ашу кімге де болмасын бақыт емес пе?! Сондықтан туған жерімнің өткенін білу, келешегіне сеніммен қарау – менің азаматтық борышым.

Қарт Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сырдың баурайында орналасқан өлкеміздің негізі 1817 жылы Қамысқала болып қаланды. Кейіннен Ақмешіт, Перовск атауларына ие болды.

Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқан шақта киелі мекенге айналды да, Алаштың анасы – Қызылорда боп өзгертілді. Туған жер шабыттың қайнар бұлағы іспеттес.

Оның таңғажайып сұлу табиғаты, жұпар иіс аңқыған жусаны, оған деген кіршіксіз ыстық махаббат суретшінің түрлі-түсті бояуларынан таңғаларлықтай көріністің тууына, ақындардың қаламынан көркем туындылардың дүниеге келуіне, әншілердің құлақ құрышын қандыратын әуезді әндерді шырқауына себепкер болады.

Талай ақын Сыр еліне арнап өлең жолдарын өрнектеді, талай әнші әуенді сазымен туған жеріне сүйіспеншілігін білдірді. Алаштың анасы атанып, Сырдарияны жағалай орын тепкен мекеннің тумасы болған Әбділда Тәжібаевты да туған еліне, жеріне деген пәк махаббаты, шексіз құрметі бей-жай қалдыра қоймады, Отанына арнап жыр төгуіне бастама болды.

...Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді.
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді.


Ақынның шабыты бола білген Сыр елі Әбділда атамыздан басқа да талай жанның қалам тербеуіне, жері үшін ерлік көрсетуге себепші болды. Ақынның көңіл-күйін, ішкі сезімдері мен табиғат құбылыстарын, сұлулығын ұштастыра білуге себеп болған осы туған жері мен оған деген мөлдір махаббаты секілді.

Көне парсы тілінде «Үлкен маржан» деп аталып, ортағасырлық мұсылман жазбаларында жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен аталған Сырдың жағасына, қасиетті мекеннің топырағына кімдер келіп, кімдер кетпеді десеңізші?! Қазақтың маңдайына біткен талай ірі зиялылардың кіндік қаны тамып, топырағында аунап ойнады.

Екі ғасырлық тарихы бар өлкемізде Қорқыт ата, Асан қайғы, Жалаңтөс баһадүр, Мұстафа Шоқай, Шахмардан Есенов, Мұхамеджан Қаратаев, Зейнолла Шүкіров, Әбділда Тәжібаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Роза Бағланова, Кеңес Дүйсекеев, Мәдина Ералиева, Ғани Мұратбаев, Ыбырай Жақаев, Сәбира Майқанова, Темірбек Жүргенов, Асқар Жұмаділдаев секілді ұлы тұлғалар шыр етіп дүние есігін ашты. Осының өзі өлкеміздің мәртебесін одан әрі асқақтата түскен секілді.

Қызылордадай қасиетті мекенде дүниеге келу, тумасы болу әркімнің-ақ арманы шығар. Себебі Сыр елі – қазақ тарихының өткен беттеріне куә болған қадірлі ел анасы. Әрі талай қасиетті ата-бабамыздың кесенелері бой көтерген, туристерді өзіне еріксіз тартатын киелі орындардың көптеп тоғысқан жері.

Жаңақорған шипажайы – еліміздегі емдеу-сауықтыру орталықтарының арасындағы кереметтерінің бірі. Мұнда теңіз деңгейінен 170 м биіктікте орналасқан Теріскен көлінің шипалы, тұзды балшығымен емдеу қолға алынған.

Құрамына натрий, калий, магний, хлор секілді бірнеше элементтердің ионын жинаған тұзды, пайдалы көлдің балшығы түрлі аяқ-қол, омыртқа, буын ауруларына ем. Шипажай 393 адамға дейін қабылдай алады.

Сонымен қатар демалушыларға барлық жағдай жасалған. Шипажайдың ішінде сан алуан спорт, физиотерапия, массаж кабинеттері де жұмыс жасайды.

Жаңақорған – қасиетті кесенелерге өте бай аумақ. Осы аймақта Хорасан ата кесенесі орналасқан. Табиғаттың сұлу көрінісі, бал татитын бұлақ суы кімді де болмасын еріксіз баурап алары хақ.

Және таңдандыратын бір жайт – кесене аумағында қасиетті Меккедегі Қағбаның көшірмесінің орналасуы. Бұл жайлы ел арасында аңыздар да сақталған.

Тек бұл ғана емес өңірімізде ғұлама, әулие атанған Қылауыз атаның, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт атаның кесенелері, Қамбаш көлі, айта берсең, өте көп туристік орындар шоғырланған. Жастар арасында түрлі конференциялар ұйымдастырылып, аймағымыздағы туристік орындарды дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанның гүлденуінің айқын көрінісі – біз , жастар. Жүрегі «елім, жерім» деп соққан әрбір елжанды жастардың арқасында Қазақстан қарқынды дамып, өркендеуде. Аймағымыздағы жалынды жастардың әр түрлі бастамаларының арқасында өңіріміз гүлденіп, даму үстінде.

Көптеген сенбіліктер ұйымдастырылып, «Жасыл ел» ұйымының белсенді жастары абаттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қаламызды жасыл желекке орауда. Облысымызда «Жас құрылысшылар» ұйымы іске қосылып, құрамына 16-29 жас аралығындағы кәсіп игерген жастар тартылуда.

Соның нәтижесінде жұмыссыз жастардың саны едәуір төмендеп, қаламызда небір әдемі сәулет туындылары бой көтеруде. Көптеген заманауи құралдармен жабдықталған спорт нысандары қолданысқа беріліп, аймағымызда жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыруда.

Жерлестеріміз түрлі бәкелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүр. Жасампаз жастарымыз тек қоғамдық, спорттық салада ғана емес білім саласында да биік дәрежеге жетуде.

Әлемдік деңгейде өткен жаратылыстану мен математика бағытындағы білім көрсеткішін анықтайтын TIMSS зерттеуі нәтижесінде Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының оқушылары топ жарды.

Австралия мемлекетінің баспасөз беттерінде білім министрлігінің сұмдық нәтижеден көңілдерінің қалғанын, Қазақстандай жас елден артта қалғандығы туралы жарияланды. («Ақмешіт жастары» газетінен)

Облысымызда әрбір білім мекемесінде робототехника үйірмелері іске қосылып, ойлары ұшқыр жастар қатысуда. Бұл үйірме өзінің оң нәтижелерін беруде. Дарынды оқушыларымыз үй жинайтын, қоқыс жинайтын, адамның қажеттіліктерін өтейтін құлтемірлерді ойлап тапты. Әр түрлі додалар ұйымдастырылып, жастарды ынталандыру үшін іс-шаралар атқарып жатыр.

Елбасымыз Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттық дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген.

Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ – осы істің бастамашысы, жанашыры. Ел болашағын жарқын етіп гүлдендіру, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің қатарына жетелеу – біздің, жас толқынның, қолында.

Туған жерімізді аялап, оған қамқор болу – біздің міндетіміз. Себебі Отан – біздің үйіміз, қамқоршы – анамыз. Өз анамызды қалай жақсы көрсек, құрметтесек, Отан Анаға да сондай ілтипат танытуымыз керек.

Ата-бабаларымыз:«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт елде өмір сүріп жатқан біз, қазақстандықтар, бақытты халықпыз.

Осындай елде тыныш өмір сүріп, кең жазира далаға, асты да үсті де қамбаға толы өлке де өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтайық! Туған жерімізді кіршіксіз пәк, таза көңілмен сүйіп, өркендеуіне атсалысайық!

Айшат РЫСБАЙ
10 "А" сынып оқушысы
Ә.Мүсілімұлы атындағы
№101 мектеп-лицей
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Айжан Әлімова
Просмотров материала: 4 185

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 631 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 453 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 422 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 358 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 338 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 796 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 714 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 271 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 422 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930