20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аягөздің асқақ арманды ұланымын

23 май 2018, 23:26
Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заманы болады. Мен – ХХІ ғасырдың ұланымын. ХХІ ғасырды бүгінгі ұрпаққа, яғни мына біздерге, бұйырған бақыт деп ойлаймын. Әуелі тәуелсіздіктің жарқыраған таңында дүние есігін ашқаным үшін де бақыттымын, төрт құбылам сай болып ата-анамның қасында уайым-қайғысыз, шат-шадыман өмір кешіп жатқаным үшін де бақыттымын.

Мен ғана емес, мен сияқты ұл-қыздардың бәрі де осылай бақыттың бақшасында жайқалып өсіп келеді.

Мен – аңыздар мен абыздар елі атанған, Қозы мен Баян махаббатының куәсі болған киелі мекен Аягөздің жүрегі жұдырықтай болса да, талабы биік, арманы асқақ бір қызымын.

Кезінде асқақ арманды ақын С.Торайғыров:

Мен жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп бересі, аласым да.
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба?
– деген екен.

Бойында жалын мен күш-жігер бұлқынған ақын кешкен осы бір күйді мен де басымнан өткерудемін. Кішкентай жүрегім алып ұшып кеудеме сияр емес. Арман атты ақ қанат құсым мені биікке талпындырады.

Иә, адамда арман таусылған ба?!  Менің жасымдағы барлық қыздар сияқты мен де армандаймын. Әлемді аралап өзге жұртты танысам деймін, дертіне дауа іздеген жандарды емдейтін білікті дәрігер болсам деймін, өзімді танытып, елімнің жұлдызын жарқыратсам деймін, өзіне ғана емес өзгеге де шарапаты тиетін бай болсам деймін, көмекке мұқтаж, мейірімге зәру жандарға қол ұшын созып, айналама ізгілік нұрын шашсам деймін.

Міне, менің армандарым осылай жалғасып кете береді. Алайда тек армандап қоюмен іс тынбайтынын мен жақсы түсінемін. Сол армандардың жүзеге асып, шындыққа айналуы үшін де тер төгу қажет.

Жан-жақты білім, ұлттық және адами құнықтыларды игеру, тілдерді меңгеру сияқты ХХІ ғасыр адамына қажетті дүниелерді жүзеге асыру – бүгінгі күнде менің алға қойған мақсаттарым.

Өйткені армандар орындалатынына мен сенемін. Осылай сансыз армандарымды саралап отырып, менің армандарым менен үміт күткен ата-анамның, ұстаздарымның, халқымның армандарымен ұштасып жатқанына көз жеткіздім.

Сөйтіп:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
                             Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
                             Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
                             Үлкен  АРМАН керек екен адамға!
– деп ақын М.Шаханов жырлағандай, үлкен жүректі адам болуды армандадым.

ХХІ ғасыр – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асырауға ерік-жігері бар жастардың заманы. Сондықтан мені және менің замандастарымды арман-мақсаттарымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр.

Құмарың қанбайтын, жігеріңді қомдайтын, талаптыны қолдайтын, дарындыны шыңдайтын күн туды. Ондай болса, армандарымызды ақиқатқа айналдыруға күш салайық.

Олай болса, асыл арманды, жалын жүректі жастардың білімі мен жігері, еңбегі туған өлкеміз – Аягөзді көркейтуге арналсын.

Аружан СМАИЛОВА
9 «Ә» сынып оқушысы
Дулат Бабатайұлы атындағы
жалпы орта мектеп
Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз қаласы
Жетекшісі: Жанат Садвакасова
Просмотров материала: 2 498

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 759 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 582 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 551 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 485 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 468 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 761 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 312 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 463 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930