26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұркен Қойшыбаев: "Жайдарман" – менің өмірім

22 май 2018, 4:36
Сатирик Сейіт Кенжеахметұлының «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім» деген күлкі туралы тауып айтқан сөзі бар. Расымен, халыққа күлкі сыйлау, қоғамдағы келеңсіз жайттарды сынға алып, әзілмен жеткізу - кез келген жанның қолынан келетін іс емес. 

Солардың қатарында қоғам сұранысына ие жайдарманшылардың да бар екені рас. Тіпті "Жайдарман" арқылы танылып, өзіндік имиджін қалыптастырып үлгерген жастардың қатары қалың.

«Журналистика» мамандығының 4-курс студенті Нұркен Қойшыбаев - солардың бірі. Бүгінгі жас жайдарманшылардың әзіл-қалжыңы көрермен көңілінен шыға ма? Кейіпкерімізбен осы сұрақ төңірегінде сұхбаттасқан едік.


– Сұхбатымызды «жайдарманшы» болып қалыптасуыңнан бастасақ.

– 6-7-сынып оқып жүрген кезімде теледидардан Аманғалидың өнерін көрдім. Содан бастап Аманғалиға еліктеп, пародия сала бастадым. Уақыт өте қызығушылығым артып, жайдарманшы атандым. Құрама өнер көрсеткен 1 жыл ішінде факультетаралық чемпион, ректор кубогін және қалалық жаздық кубоктің орысша лигасында ІІІ орынды жеңіп алдық.

Ал, мен «Үздік ойыншы» деген атақты иелендім. 2-курстың аяғында «Еркін құрама» болып басқа ойыншылармен команда құрдық. Алған марапаттарымыз да баршылық. Яғни, «Ректор кубогы-2016», күзгі, қысқы маусымашар кубогін ұттық.

Одан бөлек, Сарыөзек ауылы әкімі кубогінің чемпионаттары болды. Өнер мен жайдарман біріктірген мектепішілік «Қызықты қазақтар» жайдарман командасын құрдық. Мектепішілік жайдарман ойындарынан жүлделі орындарды иеленіп те жүрдік.

Мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түскенде жайдарман ойындары біріктірген біз І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің «Ерекше құрама» жайдарман командасын құрдық. Ілияс Дауытов басшылық жасаған топ құрамында менен бөлек Рахат Рахимжанов, Нұрбақыт Әмербек, Бек Қалибек, Марлен Несіпберген болды.

Ерекше құраманың ерекшелігі – барлығымыз бір мамандық иесі, әрқайсымыздың бүгінде жеке құрамаларымыз бар. Уақыт өте «Тарих» мамандығының білімгері Руслан Самимолдаев басшылық еткен «Креатив» құрама командасында өнер көрсеттім. Бүгінде облыстық жастарға қызмет көрсету орталығының «Брэнд» жайдарман командасының капитанымын.

– Сіз үшін әзіл деген не?

– "Жайдарман" – менің өмірім. Өйткені, әзіл менің өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткен. Схнада қандай болсам, шын өмірде де сондаймын. "Жайдарман" десе ішкен асын жерге қойып, тағатсыздана күтетін көрерменнің көп болуы сапалы әзіл мен жақсы ойыншыға байланысты.

Жайдарман ойындарында жайдары жақсы әзілімен көрермендердің көзайымына айналу – басты міндет. Жайдарман ойындарының жандана түсуі көпшілікке оң көзқарас қалыптастырып, жастардың қызығушылығын жыл өткен сайын арттыруда.

Дегенмен, саннан гөрі сапаның болғаны маңыздырақ. Себебі, жиылған халық пен әділ бағасын берер төрешінің де күтетіні - ой салар астарлы әзіл, қағытпа қалжың.

Жүйесіз сөз, арзан күлкі, дарақы қылық, құр айқай–шу осындай тізбекпен елге күлкі сыйладым деп, өзі күлкіге қалып жататын жайдарман топтарының қатарына қосылмауды да ойлау қажет.

Ал, көпшілік қауымның жайдарман жайлы ойын сұрап, берер бағасын білгенімізде түрлі пікірлерді естідік. Бірі әзілдердің көңіл көншітпейтінін айтса, бірі жайдарман ойындарының жаңарып жатқандығына тоқталды.

Араларында біздің ойын форматымыздың да ерекшелігін айтып жатты. Соған тоқталсам. Мен басшылық ететін жайдарман тобы негізінен болмайтын әзіл және саясат тақырыбын да қозғайды. Әрбір ойынға алдын ала дайындықпен келеміз.

Әзілдерді өзіміз шығарып, көңілге ұнамдылығын да ескеремзі. Айта кетерлігі, біздің ойын көрсетуде де ерекшеліктеріміз бар, яғни, фишкамыз.

Олар: оқымысты бала мен ақымақ бала, толық қыз бен арық жігіт, қай-қайдағыны айтатын бала. Одан бөлек, «иә, иә» деген сөздермен «демеп» тұратын ойыншы да бар.  

–  Сөз бостандығына тоқталсақ... "Жайдарманда" цензура бар ма?

– Иә. Кейде балалар дұрыс әзілдей білмейді. Астарлап, шымшылап, қазақы түрде мақтамен бауыздағандай етіп жеткізуге болатын жерде турасынан қойып қалады. Айқайлағанша, тып-тыныш жасау керек. Сөз бостандығына келер болсақ, нақты бір шектеу бар деп айта алмаймын.

Мәселе жеткізу формасында. Менің командам қоғамдағы өзекті мәселені көбірек сынға алып, ел ескерер есті әзілдерді халық назарына ұсынамыз. Сабырлы еңбектің құны салмақты болмақ. Қарапайым көрерменнің де, осы саладағы мамандардың да пікірін білдік.

Әрі қарай ой таразысына салып, тұщымды әзіл ойнай білу - жайдарманшылардың, ал оны саралау - көрерменнің еншісінде.

– "Жайдарманның" миссиясы қандай?

– Өз ортасын таба алатын, ұлтжанды, ана тілімізде әзілдей алатын, қазақша сөйлеуден ұялмайтын, адамгершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеп шығару. Өйткені, "Жайдарман" – мүмкіншіліктер мекені. Ашылып сөйлеуге, сахна мәнерін үйренуге, жан-жақты болуға үйретеді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Шыңғыс МАРХАБЕКҰЛЫ
9-сынып оқушысы
С. Сейфуллин атындағы
орта мектеп
Алматы облысы
Ескелді ауданы
Бақтыбай ауылы
Жетекшісі: Жанна Қауранбекова
Просмотров материала: 2 013

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 291 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 112 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 084 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 026 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 009 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 249 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 735 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 870 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 066 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 733 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 834 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930