20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Өмірдің өзі – аламан бәйге" - Медет Байжұма

22 май 2018, 2:15
«Ақында адамзаттан дос болмайды, жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына» деген Мағжан сөзін ақын болып ғұмыр кешіп, өздерін ақындыққа арнаған неше пенденің тағдыры дәлелдеді. Ағаларының жолын қуып, ақындық жолға бет бұрған жастар арамызда жүр. Солардың бірі – «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс білімгері Байжұма Медет Серікұлы.

Бала күнгі Медеттің арманы бойына біткен ақындық талантын, дамытып, өмірін сол жолға арнау еді. Райымбек ауданы, Нарынқол өлкесінің топырағын бойына сіңіріп өскен арманшыл баланың ақындыққа бет бұруы 3-сыныптан басталған.

Ең алғаш сынып жетекшісінің тапсыруымен ұстазға арнап өлең шығарған бала бүгінде бірнеше туындының авторы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігі жоғарғы сыныпқа көшкенде жалғасып, Роза Құлыбаеваның жетекшілігімен талабын шыңдай түседі.

– Мектеп қабырғасында республика көлемінде 5 жарысқа және облыс дәрежесінде бірнеше мәрте бәйгелерде бақ сынадым. Аудан бойынша өткізілген мүшәйралар мен сайыстардың барлығына қатысып, жеңіспен оралуды мақсат тұттым,- деп Медет Серікұлы өзінің алғашқы жеткен жетістіктері жайлы сыр шертті.

Олардың ішінде көңіліне ең жақыны – Атырау қаласында өткен М.Өтемісұлына арналған жыр-мүшәйрасы. Себебін сұрағанымызда:

– Біріншіден, алыс аймақта өтуі. Соның арқасында Атырау жерін көріп қайттым. Екіншіден, санға емес, сапаға көбірек мән берілуі. Соның арқасында 2-орынды иеледім,- деді.

Ол оқушы кезінен мектептің өміріне бей-жай қарамағанын айтты. Оның айтуынша, 9-сыныптан бастап мектеп Президенті болған. 2012 жылы аудандық «Үздік жыл оқуышысы» атанған. Қатты қуанғаны – жарыстан үтік ұтып алған кезі.

Бір жылы бір күнде екі байқау өткен еді. "Соған дайындалу үшін көрші ападан үтік сұрауға бардым" дейді Медет. Бірақ сол кезде көрші апаның үтікті ұсына беріп: «Осы үтікті ел үшін алғандай болдық» дегені Медеттің намысына тиіпті.

Медет М.Мақатаевтың жыр мүшәйрасымен бірге Тәуелсіздікке орай өткізілген байқауға да қатысады. Нәтижесінде, екеуінен де жүлдегер болады. Дипломмен бірге «мынау сыйлығы» деп сыйлыққа үтікті берген сәтте көзіне жас оралғанын ұмытар емес.

Сонымен қатар, оның жанына жақын бағалы сыйлығы – домбыра. Қарасаз ауылында М.Мақатаевты еске алу кешіне қатысып, І орынды иеленеді. Сыйлыққа микротолқынды пешті тарту етеді.

Сол кезде ІІ орынды ұтқан жүлдегерге домбыра береді. Екеуара келісіп, сыйлығын домбыраға айырбастап алады. Бұл сыйлығы – әлі күнге дейін көзіне оттай басылып, жанына жылу беретін көрінеді.

Біз ақыннан өмірлік ұстанымы туралы да сұрауды ұмытпадық.

«Өмірдің өзі – аламан, бәйге. Біреулер шауып жатса, енді бірі қалып жатады. Ағы мен қарасы араласқан бұл өмірде дұрыс өмір сүру, ең алдымен, тәрбиеге байланысты. Отбасында алған тәрбиенің арқасында қандай сын, қиыншылық болмасын көтере аласың» – деді ол бұл сауалымызға.

Медет Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебін 2013 жылы аяқтап, Алматы полиграфиялық колледжіне «Маркетинг» мамандығына оқуға түседі. Колледж басшылығының қолдауымен «Ғажайып сәт» атты шағын жыр жинағы жарыққа шыққан. Алғашқы кітабы болғандықтан тұсаукесерінде де толқу үстінде болады.

Туған өлкесіне барып, шығармашылық кешін ұйымдастырған кезде 600-700 адамның келуі көңіліне қуаныш ұялатыпты. Оқуын ойдағыдай тәмамдаған соң, Нарынқол ауылының әкімшілігінде спорт меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Қазіргі кезде университетте ұйымдастырылатын іс-шараларға атсалысып, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Оқуда үлгерімі жақсы.

–Нағашы атам әдебиетке жақын кісі болған. Жастайымнан батырлар жырын оқып, көркем әдебиетті құлағыма сіңіріп өсірді. Ата-анам Серік Батырбеков пен Мадина Жақсылықова адам болып қалыптасуыма ықпал етсе, нағашы адам ақындыққа жол сілтеді,- деп сөзін жалғаған кейіпкеріміз ақындық жолдағы ұстаздарын да атауды ұмытпады.

Медеттің байқауларға барарда рухани үлгісі, талантын шыңдаудағы ұстазы бола білген Тұманбек Ібітанов болған екен. Ұстазының бойындағы азаматтық, әділдік, адалдық, шыншылдық, турашылдық, рухани байлық сынды қасиеттерін өзіне үлгі алып, бойына сіңіруге тырысқан. Медеттің баяндауынша, Тұманбек Ібітановтің рухани байлығының арқасында дұрыс жолдай таймай ақындыққа қол жеткізіпті.

«Өлеңге жасандылық қосу – қиянат жасаумен тең» деп әңгімесін жалғастырған Медет суырып салма ақындық өнерінің бойынан табылатындығын тілге тиек етті. Ол – «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» ұстанымына берік жанның бірі.

Бұл қасиетін айтысқа деген сүйіспеншілік пен домбыраға әуестігінен анық аңғаруға болады.

Намысшыл жігіт адамның түпкі пиғылына аса мән беретіндігі жөнінде сыр бөлісе отырып, әңгіменің қалай соңына таяғанын аңғармай қалдық. Бойында бірнеше талант ұштасқан кейіпкеріміз «жігітке жеті өнердің аздығының» дәлелі.

Шыңғыс МАРХАБЕКҰЛЫ
9-сынып оқушысы
С. Сейфуллин атындағы
орта мектеп
Алматы облысы
Ескелді ауданы
Бақтыбай ауылы
Жетекшісі: Жанна Қауранбекова
Просмотров материала: 2 955

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 767 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 590 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 559 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 493 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 476 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 764 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 315 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 466 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930