19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыл-аймағыңыздағы жер-су атауларының қайдан шыққанын білесіз бе?

21 май 2018, 2:49
Ауыл - қазақтын алтын бесігі, тереңірек айтсақ күре тамыры, тынысы. Сөз өрнегін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын жазушыларымыз, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.

Ауыл ардагерлері, алғашқы бес жылдық озаттары! Осындай қасиетті сөздер ойға оралған сайын бұдан жарты ғасыр бұрынғы 20-30 үйлі алғашқы колхоздар мен совхоздарды ұйымдастыру сол қиын өмірден сабақ ала жүріп, бүгінгі дәулеті шалқыған Республикадағы шаруашылық іргетасын өз қолдарымен қалаған алғашқы қарлығаштары ақ шашты абзал жандар көз алдымызға келеді.

Сондай абзал жандардың бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жан аямай күрескен және осы уақытқа дейін қажымай еңбек етіп келе жатқан, сол кездердің тірі шежіресіндей жандар жайлы қазіргі және болашақ ұрпаққа жеткізу баршамыздың қасиетті борышымыз.

Ұзынкөл табиғаты қатал, көзге түсер көріктілігі аздау, қысы қатты, жазы аптап аймақ. Алайда, ұзынкөлдіктер арасынан тағдырына өкпелілерді таба алмайсыз. Сол керіліп жатқан кер даласын «Өскен елім, кіндік кескен жерім» дейді. Өмірі, еңбек жолдары бүгінгі жастарға өнеге боларлық азаматтар жетерлік.

Қазіргі орталық қорымнан «Саман сарай» елді мекенінің аралығында үлкен ұзын көл болған екен, соған орайластырып ауыл осылай аталып кеткен. Ұзынкөл – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында орналасқан ауыл, әкімшілік округ орталығы.

Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 20 км жерде, көкпек, еркекшөп, жусан басым өскен сортаңдау, бозғылт - қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны - 1112 мың адам (2018 ж.). 1965 -77 жылдары «Ұзынкөл» кеңшарының орталығы болды.

Оның негізінде 1997 жылдан Ұзынкөлде және округке қарасты Еңбекші, Мұратсай ауылдарында серіктестік және 95 шаруа қожалығы құрылған. Ауылымыздың жер-су атауларының шығу тарихына тоқтала кетейін.

Мұратсай – ертеде сол жерде еліне қайырымды Мұрат есімді бай өмір сүрген көрінеді. Ол бау-бақша егіп мал ұстаған, жарлы-жақыбайға көмектескен.

Көк үй – елді мекенінде революцияға дейін, ұзақ жылдар бойы «Коняй» есімді бай адам отырған, алғаш ағаштан үлкен үй салдырып, көк түспен сырлаған, соның үйінің түсіне байланысты солай аталып кеткен.

Кондивин – елдімекені (қазіргі Ниетқали ауылы). Ертеректе осы жер Крупская колхозының жері болған, бірнеше үйлер қоныс тепкен. 20 ғасырдың бас кезінде Ресей Қазақстанды отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастаған.

Осындай саясаттың нәтижесінде алғаш көптеген орыс жанұялары келіп қоныстанған. Сол кезде осы жерде М.Н Кондивин есімді орыс ұзақ жылдар тұрып, бау-бақша салып отырған. Сол кісінің есімімен аталып кеткен.

Соңынан ұзақ жылдар Нығмет Куанышкалиев ағамыз осы жерде қоныстанып қолхоз, совхоз қойын бағып тұрған. Қазір балалары, ағайын- тумалары тұрып, жеке шаруамен айналасып мал бағып отыр.

Инженер – елді мекен. Еңбекші бөлімшесіне қарасты Инженер пунктінде соғысқа дейін Мәскеуден мұнай–газ қорын іздеуші экспедиция жыл сайын келіп, барлау жұмыстарын жүргізіп отырған. Солар «Инженер» деген ат берген. 1941 жылы соғыс басталып экпедиция келуін тоқтатқаннан кейін, ол жерлерге қой фермалары жайғасқан.

Абдолла – елді мекен. Бұл жерде Абдолла есімді бай адам тұрған. Бертінде колхозшылар кашар салып, қой баққан. Осы кісінің есімімен аталып кеткен. Мұратсай бөлімшесіне қарасты. Мұнда ұзақ жылдардан бері Рахматуллин Мұхтар есімді шопан тұрады. Қазір жеке шаруамен балалары айналысады.

Ғұбаш елді мекенінде Ғұбаш есімді адам сиыр бағып малшы болған. Сол кісінің есімімен аталған. Бұл жерде ұлы Ғұбашев Ерназар көп жыл сиыр бағып, елеулі еңбек етсе, жұбайы Ғұбашева Зауре сауыншы болып, еңбегі бағаланып облыстық депутаттыққа сайланған.

Бруцеллез елді мекенінде совхоздың ауруға шалдыққан малдары арнайы күтіммен бөлек бағылған. Ертеректе бұл аймақтарда, Бірман есімді ірі бай мекен етіп, жазғы жайлауға айналдырған екен.

Ақшкол – Елді мекенінде 1929-1930 жж. бұл ауылда 4 жылдық үлкен мектеп салынған. Мектеп сырты ақ бормен әктелген, алыстан аппақ болып көрінгендіктен Ақшкол аталып кеткен. Қазір ол жер Еңбекші елді мекені деп аталады.

Сақтапберген – адам атына байланысты аталған елдімекен.

Орлы – Сол жердің географиялық белгісін сипаттау мақсатында айтылған.

Алтықашар. Кезінде мал шаруашылығын тиімді ұйымдастыру мақсатында отарларды бір-біріне жақын орналастыру, шағын кешендер құру әдісі жүзеге асырылған. Осы мақсатта алты кашар деп аталған.

Ұзынкөл совхозының орталығы орналасқан жерде бұрынғы атауы «Қосай» атты көлтабан бар. Осы Қосайда 1926 жылы оншақты үйден екі серіктестік құрылды. Олардың бірі - «Ленин жолы» колхозы, екіншісі - «Ұмтыл» деп аталды.

Серіктестіктерге Тайыр Шукеев және Сейтқали Әжіғалиев деген азаматтар басшылық жасады. Серіктестік мүшелерінің бәрі сауатсыз болған. 1928 жылы екі серіктестіктен «Ленин жолы» атты артель құрылды. Басқарма басшысы болып Тайыр Шукеев тағайындалды.

1936-1938 жылдары аралығында Ұзынкөл ауылдық округінің территориясында «Жаңа тұрмыс», «Киров», «Еңбекші», «Крупская», «Жаңа өрнек», «Ленин жолы» колхоздары құрылып орналасқан. 1950-1951 жылдары бұл колхоздар біріктіріліп Ленин атындағы колхоз атанды.

1963 жылдың ақпан айында Жәнібек ауданы Жәнібек совхозының бөлімшесі болды. 1965 жылдың шілде айында «Ұзынкөл» совхозы атанып, өз алдына жеке шаруашылық ретінде танылды. Совхоз шаруашылығының қысқаша тарихы осындай.

О, туған жер, кең пейіл, құшағы кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.
Сағынышты қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар - ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған - ау
, - деп Фариза Оңғарсынова жырлағандай, әркімге де туған жері ыстық.

Ауылымның айтарлықтай аспанмен таласқан тауы, күркіреп аққан өзені болмаса да, мен үшін әрбір тасы асқар таудай, әрбір тамшы суы өзендей болып көрінеді. Бұл туған жерге деген сүйіспеншіліктен шығар.

Айсұлу СӘРСЕНОВА
10-сынып оқушысы
Ұзынкөл орта мектебі
БҚО
Жәнібек ауданы
Ұзынкөл ауылы
Жетекшісі: Гүлнара Бапахова
Просмотров материала: 1 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 575 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 397 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 367 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 302 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 282 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 252 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 403 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930