27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылым менің Каспийдің жағасында...

22 май 2018, 1:46
Жалпы ауыл деген сөздің өзіндік ерекше мәні бар. Ауыл тіршілігі өте қызық. Қалада өмір сүретін адамдар ауылға келуді көп аңсайды. Мектеп жасындағы балалар жазғы демалыстарын ауылда өткізеді. Ата-әжесінің қасында жазғы демалыстарын өткізіп, әжесінің құрт-майынан дәм татып, атасының аңыз әңгімелерін сүйсіне тыңдайды.

Ауыл жаз мезгіліне қарай өте әдемі болады. Бау-бақшалар жеміске толып, жайлауда төрт-түлік мал жайылып жүреді. Жер беті жап-жасыл тіпті жасыл кілем жайып қойғандай түрленеді.

Менің ауылым Баутин деп аталады. Ауылымыз әртүрлі ескерткіштермен, кәсіпорындарымен, сауда кешендерімен, спорт мектебімен, саябақтармен, ауруханалармен, мәдениет үйімен, білім ошақтарымен және балабақшалармен дамып келеді.

Тарас Шевченко, Иса Тілембайұлы, Досан Тәжіұлы ескерткіштері сәнді бой көтеріп тұр. Тарас Шевченко атында тек қана ескерткіш емес, көз тартарлықтай мұражай бар. Бұл мұражайда қазірде екі жүзден астам көне жәдігерлер сақталған.

Морпорт, Каспиан Оффшор Констракшн және сондай көп кәсіпорындары бар. Үлкен спорт кешені бар. Ол жерде әр түрлі спорт түріне үйретеді. Мысалға волейбол, бокс, баскетбол, футбол, күрес. Осы спорт түрін үйренген оқушылар шет елдерге түрлі жарыстарға бақтарын сынауға барады.

Тарас Шевченко атына салынған әдемі саябақ та бар. Бұл саябақта ағаштар өте көп. «Тазалық-денсаулық кепілі» дегендей біздің ауылда үлкен аурухана халыққа қызмет көрсетуде. Бұл ауруханада әр сала бойынша дәрігерлер жұмыс жасайды.

Жалау Мыңбаев, А.М. Горький, Есбол Өмірбаев, ФШМИ - осындай төрт білім ошағы бар. Мен Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында оқимын. Мектебімізде ұстаздар өте көп. Білгенің-бір тоғыз, білмегенің-тоқсан тоғыз деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған.

Білмегеніміздің барлығын ұстаздардан үйреніп келеміз. Жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, ізгілікке баулып келеді. Ауылымызда Түпқараған жастар орталығы бар. Бұл ұйым жетім-жесірлерге, жағдайы жоқтарға, жарым жандарға қолдарынан келгенше көмектеседі.

Бұл ұйым өте жақсы игі істерге бастамашы болуда. Ауылды жағалай қоршап жатқан Каспий теңізінің тамашасын тіпті сөзбен жеткізе алмаймын. Ол үшін осында келуіңіз керек. Қазақстанның көрікті жерлерінің қатарына мен өз ауылымды қосар едім.

Жаз айында теңіз асып, мұхит асып шетелге барып демалудың еш қажеті жоқ. Сондай демалыстың көкесі – менің ауылымда. Келсеңіз, құшақ жая қарсы алатын, төрінен орын беріп, ерекше сыйлайтын қонақжай ауылдастарым бар.

Үйге жатам десеңіз үйім дайын, қонақүй қолайлы десеңіз, үйдің іргесінде «Шағала», «Теңіз», «Достық», «Терминал» т.б. аталатын 5 қабатты қонақүйлердің есігі әрдайым ашық. Жағажай жақсы демалыс сыйларына кәміл сенемін.

Яхта мен катамаран, тез жүретін моторлы қайық сізге қызмет етеді. Міне, ауылымыз осындай жақсы істерімен дамып келеді. Мен ауылымды мақтан етемін.

Тілектес СӘРСЕНОВА
8-сынып оқушысы
Жалау Мыңбаев
атындағы мектеп-гимназия
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Баутин ауылы
Жетекшісі: Анар Төлеуова
Просмотров материала: 2 191

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 430 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 248 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 220 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 164 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 146 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 114 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 629 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 777 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930