25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Таудағы таңба, тастағы сурет

20 май 2018, 19:15
Тамыры терең, тарихы кенен Қаратал ауданының күншығыс беті, яғни Үштөбе қаласының өкпе тұсындағы етек-жеңі далиып, көсіліп жатқан Жылыбұлақ өңірі биік-биік төбесімен, шоқ-шоқ болып жататын шоқысымен ерекшеленеді.

Аудан орталығы мен Жылыбұлақ ауылынын арасын жалғайтын асфальт таспа жолдың ортан белінде, сол жақта көсіліп жаткан Бастөбе, ескі Ворошилов колхозы көне жұртының күнгейіндегі Ақылбайдың шоқысы, сәл әріректегі Сұлу шоқы мен Дауылбайдың шоқысы - жердің көркі, ежелгі тарихтың бүгінгі ұрпаққа араға сан ғасырлар салып жеткен, баға жетіксіз байлығы әрі тылсым құпиясын ішіне бүккен жәдігері.

Туған жер қадірін білетіндер Үштөбе ұғымына алтын арқау болған Бастөбені - жер шоқтығы Бастөбе деп мақтанышпен атайды. (Тегінде Үштөбе атауы – Бастөбе, Ортатөбе, Кіші төбе бірлігінен тұрады - автор).

Бастөбе кезінде қазақ жасақтарына сырт дұшпанның шабуылын алдын ала айқындауға қызмет еткен. Мамандардын дерегіне сүйенсек, теңіз денгейінен 710 метр биіктікте орналасқан Ақылбай шоқысы жайлы осы өңірдің тума талант ақыны Назар Қалиұлы шопанның ақ таяғын ұстаған жылдары.

"Қызықтырар кең даланың көркі осы,
Төбе шоқы нар түйенің өркеші,
Мың құбылтып, неше түрлі сайрайтын,
Құстар бейне табиғаттың еркесі"
деп перзенттік парызбен емірене жырлағаны бар.

Жергілікті тұрғындар заманында осы өлкені жайлап. мыңғырған малымен атағы шыққан, дәулетті жан Ақылбай есімімен аталатын шоқыны көк - жасыл реңінен қарай «Көк тау», ал іргесіндегі ауқымы атшаптырым келетін сайды «Қарасай» деп атайды.

Көне көз қариялардың айтуынша, оның шұбырған мың - сан жылқысы Жылыбұлақтан жабыла су ішкенде жарықтықтың суы тартылып қалады екен. Сол қисапсыз мал жинаған Ақылбай мырза ірі қарасының есебін алар түста санының көптігінен жаңылмас үшін оны осы сайға қамап, азайғанын немесе тұяғының көбейгенін біліп отырған.

Азайған тұсында малын қолды болдыға санап, іздестірген. Ал әжептеуір сайдың аузы –мұрны малға толса, көңілі масайрап, жайланады екен. Мұны қалайша қазағымның арғы замандағы егін-тегін, аста –төк байлығы демессің!?

Етек-жеңі кең Қараталдың бұрынғы «Новый мир» қой совхозының бір кездегі Қапал ауданының мал жайылымымен шектесіп жататын, заманында айдынында үйрек ұшып, қаз қонған Сарыкөлмен (қазір тартылып, табаны қалған) аттас Сарықамыс сайына бұралаңдап жеткізген сүрлеу жол табиғаттың тамаша бір көрікті жеріне алып барады.

Тура күнгей Алатауының жақпар тасты тау сілемдеріне тап болғандай күй кешесіз. Сайдың ортасымен сылдырап аққан жылға суының қос қапталы балдырғанды балаусалы көк шөп пен сыңсыған сәмбі талдар.

Жол бастаушымыз бұрынғы Жылыбұлақ орта мектебінің, бүгінгі таңда Үштөбе балалар үйінің директоры, осы өңірді зерттеуге, ондағы баға жеткісіз тарихи ескерткіштерді аман сақтап, оны көпшіліктің игілігіне айналдыруға, тездетіп мемлекеттік қамқорлыққа алу үшін шыр-пыр болып жүрген азамат - Ғалымжан Диқанбаев.

Қуаныштысы сол, балалар үйінің өндіріс шебері Санжар Нүсіпбеков бастаған бір топ тәрбиеленушілер осында арнайы келіп, бір күнгі танымжорық табиғат көріністерін тамашалауға бардық. "Мың рет естігеннен, бір рет көргенге не жетсін!" деген осы болса екен.

Жылғадан өтіп, сай бойымен жоғары өрлеген тұсымызда жақпар - жақпар жартастың сол жағындағы қызғылт - қоңыр түсті тастағы тау ешкісінің бейнесі жанына тоқтадық. Жолбасшымыз осы сәтте әңгіме тиегін ағытты:

"Осыдан екі жыл бұрын арнайылап ат ізін салған республикалык Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Зейнолла Самашевтін зерттеу дерегіне сүйенсек, мың тасқа қашалған тау ешкісінің бейнесі сонау сақ дәуірінен жетіп отыр. Тастағы суреттер топтамасы әлі алда. Көріп тұрғандай, бұл бейнелер таудың күнгей бетіне орналаскан. Жалпақ тастың жарықшақтанып, үгітілгені физикалык құбылыстан. Тас атаулы күн жылуынан күндіз қызады да, түнде суиды. Өкпек жел, жаңбыр мен қардың да әсері бар. Араға ғасырлар салып, бізге жеткен бұл жәдігерді көздің қарашығындай сақтау ендігі біздін міндетіміз - дейді ол.

«Жақсыны көрмек үшін» деген ниетпен ілгері қарай жылжыдық. Нақ осы тұста менің есіме журналист жазушы Уахап Қыдырханның «Ел тарихын кім айтар? Атадан қалған сөз айтар» - деген аталы сөзі орала кетті.

Иә, сол ел мен жерге қалқан болып, күзетте тұрған құз бетіндегі тастағы суреттер топтамасы етектегі сылдыраған жылға табанынан 50 -60 метрдей биіктікке орналасқан екен. Апайтөс жақпар тастардың қылта - қылта жерімен еппен көтеріліп, межелі жерге де жеттік – ау, әупірімнің күшімен.

Мінеки, қасиетті Қараталдың арғы - бергі тарихын бір адамдай білемін деп, көңілді тоқ санап жүрген менің өзімнің алыста емес, нақ иегімнің астындағы тарихи ескерткіштер топтамасын көріп, таң-тамаша қалғанымды қайтерсіз.

Ені мен биіктігі үш-төрт метрден кем соқпайтын, қызғылт күрең тақтайдай тегіс жақпар таста сегіз тармақтан тұратын қос мүйізді бүғы, ай мүйізі құйрығына жеткен тау ешкісі, қос мүйізді арқар, садақ тартқан адам, жылқы үстіндегі сәби, тіпті қорысты жерді мекендейтін қабан бейнесі солдан оңға қарай асқан бір шеберлікпен орналасыпты.

Қайран да даңқты бабалардын кейінгі ұрпағына тасқа қашап қалдырып кеткен ескерткіш белгісіне бүгінгі ұрпақ көзімен қарап, баға берудің өзі туған жердің әр тасының ішке бүккен тылсым құпиясын ашып, хабардар болудағы жауапкершілік жүгін батпандатып, ауырлата түсері бар.

Қадірін біліп, қасиетін ұғынғанға тастағы таңба мен суреттер өткен және бүгінгі тарихымыздың көзі мен өзі. Осы орайда ақын Сайын Назарбекұлының:

Жермеп бірге атам қазақ дөңгелеп,
Қанша күйреп, сонша күйреп сөнген еді.
Кеше тудық, ұлт емеспіз дегендер,
Тасты оқы, қалар санаң жөнге кеп.
Алтын тозар, темір азар деді де,
Бар үмітін бедерлепті тасқа сап,
- деген жыр жолдарына қалың оқырман назарын аударғанды құп көрдік.

Иә, сол құрыш кеуделі, ізгі жүректі, алтын қолды бабаларымыздың тасқа бедерлеген үміт арманына зерделі көзбен жіті қарап, ой елегінен өткізудін өзі бір ғанибет.

Нұрай НҰРТІЛЕУОВА
8-сынып оқушысы
№13 мектеп-интернат
Алматы облысы
Қаратал ауданы
Үштөбе қаласы
Жетекшісі: Жазира Оражанова
Просмотров материала: 3 413

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 239 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 060 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 032 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 974 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 957 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 862 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 045 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 317 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930