24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарты бар елдің қазынасы бар

19 май 2018, 18:49
"Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең" дейді халық. Алайда қазекең сол қарттардың өзін қоғамдағы қызметіне қарай қария, ақсақал, абыз деп бөлген. Бір әулеттің жоқ-жітігін түгендеп, ұрпағын түзу жолға салып отыратын қария да, бір рулы елдің телісі мен тентегін тыйып, өнегелік бағыт бергенді ақсақал деп, тұтас ұлттың көсемі бола білген қартты абыз деп дәріптеген.

Ұлт тарихында Асан Қайғыдан басталатын бабалар көшінің арқауы үзілмей, бүгінгі заманға келіп жетті. Мен тұратын киелі мекен Қарасай ауданында бабалар аманатын ұрпаққа табыстап, салт-дәстүрдің күзетшісі болып отырған абыз-ақсақалдар жетерлік.

Солардың бірі де бірегейі - жасы жүзден асқан еңбек және соғыс ардагері, ұлағатты ұстаз Сейітхан Ахметұлы Исаев. Күзде мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер, соңғы қоңырауда бітіруші түлектер абыз атамыздың ақ батасын алып аттану дәстүрге айналған.

Ол - Қарасай ауданының құрметті азаматы, "Барыс", "Парасат" ордендерінің иегері. Бірде сынып жетекшімізбен атамыздың үйіне қонаққа бардық. Атамыз сұрапыл соғыс жылдарындағы ескі әңгімелерін байыппен баяндады.

"Соғыстың алғашқы күнінен бастап қыршын кеткен жауынгерлердің өлімін көрдік,-деп ауыр күрсінді ақсақал,- олардың өлі денелері соғыс майданында көмусіз де қалып жатты. Артында үмітпен күтіп отырған ата-анасы, жары, балалары бар емес пе? Мен жанымдағы жауынгерлерге аты -жөнін, тегін жазып, оны барлық қалталарына салуды кеңес еттім. Ондағы ойым - жазатайым о дүниелік болып кетсе, артында қалған жақындар не өлі, не тірі екенін білсін дегенім", - дейді қария.

Соғыстан бұрын тарих пәнінің мұғалімі болған оның сан солдаттың із-түссіз жоқ болып кетуіне араша болғаны - қандай ақылдылық. Саналы жігіттің талай игі істерге бас болғанын білдік. Өзінің өмірлік жары да өрімдей кезінде бұрын-соңды көрмеген ұшақты санаулы күндерде меңгеріп, әуеде қалықтап, жаумен айқасқан.

Міне, осындай қос батырдың шаңырағы - нағыз патриотизмнің үлгісі емес пе? Соғыстан кейін өзі еңбек жолын бастаған киелі білім шаңырағы Абай мектебінде қызметін жалғастырады.

Ардагер ұстаздың тағылымын көрген сан мың шәкірттердің ішінде Тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, қазақ деген қайсар елдің абыройын асырған Елбасы Н.Назарбаев та бар.

Байтақ даласы мен қазынаға тұнып тұрған өлкесін, дархан көңіл халқы мен бейбіт елін дүниенің төрт бұрышына танытқан шәкіртін мақтан тұтады, бірақ мен осылай тәрбиеледім деп мақтанған емес.

"Нұрсұлтан - менің алдымнан дәріс алған көп шәкірттерімнің бірі. Кішкентай кезінен шыныққан, алғыр жігіт болды. Көпшіл, ерекше ұйымдастырушылық қасиеті оның көшбасшылығының негізі болды,"- деп еске алады қарт ұстаз.

Біздің мектебімізде дәстүрге айналған игі істің бірі - 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Елбасының сыныптастары ұстазы С.Исаевпен кездесу кешін өткізеді. Осы күні жастары жетпісті алқымдаған шәкірттер мен қарт ұстаздың сағынышқа толы риясыз әңгімесін тыңдап, бір жасап қаламыз.

Соғыстан кейінгі қиын кезең, ауыр тұрмыс жайлы әңгімелейді. Сұлтан мен Едігенің бір ғана аккордеонмен бүкіл балалардың көптен күткен мерекесін кереметтей етіп өткізгенін айтады. Менің басқа құрбыларым Елбасы туралы кинодан, теледидардан көріп, кітаптан оқып білсе, біз көз көрген қалың елдің ортасында жүріп, олардың сырға толы сұқбаттарына сусындап өсіп келеміз.

Исаев ұстаздық қызметімен қоса өмірін ой елегінен өткізіп, көңіліне түйгенін жас ұрпаққа өнегелі өмірдің аманатын жеткізуде шығармашылық еңбекпен де айналысады. Ағыл-тегіл ақтарылған өнегелі өсиеті оқырманның жүрегінен орын алды.

"Үстаз болу бір бақыт", "Бекзат ғұмыр","Аманат" атты кітаптары - ел тарихының бір бөлігі. Бұл кітаптардың тұсаукесері мектепте өтіп, өз кабинеті мен музейге табысталды. Сол арқылы ұстаздың талай сырына қанық болдық.

Жазушы кітаптарында С.Сейфуллиннің көмегімен Алматыға оқуға келіп, 30-жылдардағы аштықты басынан кешіргені, интернат аспазының ботқаға тұзын көп салып, содан балалардың сүзектен аман қалғаны жайлы айтады.

Әкесінің сталиндік репрессияның құрбаны болып ұсталып кеткенін сахналағанымызда, көзіне жас алған қарт ұстаз анасының рөлін сомдаған менің маңдайымнан сүйіп, бәрімізге ризашылығын білдірді.

Өзі үлкен өмірге аттандырған Елбасының сындарлы саясатына бұл күнде қолдау көрсетіп, насихаттап, жасампаз істерін мақтанышпен демеп отырады. Мектебімізде авторлық кабинеті бар. Оны құнды жәдігерлермен күні бүгінге дейін толықтырып келеді.

"Европа мемлекеттерінде президент сайланған соң, оның туып-өскен жерінде музей ашатын дәстүр бар екен", - деп бастады бір күні әңгімесін қария,- біз де зерттеп-зерделей отырып, Елбасы оқыған мектептің бір ғимаратынан музей ашуды қолға алдық".

Ұстаздың бұл бастамасы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына ұласты. Ұлағатты ұстаз музей жәдігерлерін, Елбасының шежірелік тарихын, балалық шағынан естелік болатын мол мәліметтер жинақтап, бүгінгі және болашақ ұрпаққа табыстады.

Қазір ол тарихи-мәдени тағылым алатын орталыққа айналып отыр. Елді аузына қаратып, ұйыта білетін, орамды ойларымен, өнегелі сөздерімен ауданның дамуына атсалысып отыратын қарт жауынгер.

Оның жаны мектеппен егіз. Бүгінгі мектеп тынысына алаңдап, барлық жаңалықтарға құлақ түріп, аталық кеңесін беріп отыратын тамырын тереңге жайған саялы бәйтерек. Мен қарт ұстаздың атаулы кабинетінде оқимын. Жақында ұстаздың бастамасымен кабинетіміз заманауи құрылғылармен жабдықталды.

Интерактивті тақта, проектор, соңғы үлгідегі компьютер, дидактикалық материалдар, карталар жиынтығы, барлық жиһаздар бізді ерекше қуантумен бірге оқуға деген ерекше құлшынысымызды туғызды.

Мені таңдандырған жайт - ұстаздың өз туған үйіндей болған мектебіне келіп, жаңа дүниені көзімен көріп, бізді құттықтағаны. Келешек үшін, елдің ертеңі үшін алаңдаған қарттың жан дүниесінің кеңдігі мен елжандылығы емес пе бұл?

"Өз тарихи тамырын білген жұрт алпауыт заманда жұтылмайды"- дейді тарихшы. Шығармамды ақылман атаға арналған мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Жолың тарих, тарих сенің өзің де,
Ерлік болып табылады сөзің де,
Жаса бүгін, жасара бер ,ардагер,
Көңіл құсы көкке самғар кезіңде.
Даңқың сенің аңыз болып асар бел,
Ерлігіңе сүйсінеді ел, тасады ел.
Жеңіс туын биік ұстап әрқашан,
Ардагерім, мәңгілікке жасай бер.


Айғаным СҮЙМЕНБАЙ
9 "А" сынып оқушысы
Абай атындағы
мектеп -гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Жетекшісі: Венера Кдырбаева
Просмотров материала: 2 230

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 063 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 885 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 856 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 795 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 777 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 848 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 984 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 310 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 511 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930