19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сәукен ата

19 май 2018, 11:30
Біржан сал елінің дана ақсақалы - Сәукен ата, азан шақырып қойған есімі Сауытбай Әбішұлы 1944 жылы 28 наурызда, бұрынғы Восточный совхозының Тассу ауылында дүниеге келген. Сауытбай атамыз ауыл арасында Сәукен атанып кеткендіктен, мен де шығармамның кейіпкерін «Сәукен ата» деп атағым келіп отыр. Өз жұмысымды мен Сәукен атамен кездесуден, өмірі жайлы сұхбаттан бастадым.

Атамыздың әкесі мал бағып, әрі мал дәрігері болған, шешесі сауыншы болған екен. Ақсақалдың айтуынша, арғы атасы Бақабас Абылайханның кеңесшісі болыпты. Атай бес ағайынды отбасынан. Сәукен ата үйдің үлкені, өзінен кейін қарындасы және үш інісі дүниеге келген.

Ағайындылардың бәрі өмірде өз орнын тапқан азаматтар. Қарындасы Шарбан 42 жыл мұғалім болып, зейнеткерлікке шыққан. Одан кейінгі інісі Мешітбай «Простор» деген совхозда директор болып қызмет еткен.

Одан кейінгі інісі Бүркітбай Чаглинка деген жерде қайтыс болғанға дейін бас дәрігер болып қызмет атқарған. Бүркітбай інісінен кейін Сексенбай деген інісі Айыртау ауданында судья болып істеген, қазіргі таңда зейнеткер.

Ал Сауытбай атамызға келсек, әкесінің жұмыс орнына байланысты Кеңашы ауылына көшіп, сол жерде 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін оқыған. Ал 5-сыныптан 10-сыныпқа дейін Степняк қаласының Абай атындағы қазақ орта мектебінде, яғни менің мектебімде оқыған.

Сол жылдары 10 жылдық мектеп болған екен. 1961 жылы мектепті бітіріп, Қотыркөлдегі ветеринарлық техникумға түсіп, 1964 жылы бітірген. Техникумнан кейін 1966 жылы Омбы мемлекеттік ветеринарлық институтына түсіп, мал дәрігері мамандығын алған. Алғашқы қызметін 1970 жылдары Қызылту ауданының «Комсомол» совхозында бас мал дәрігері болып бастаған.

Еңбекшілдер ауданының «Золотая нива» совхозына бас мал дәрігері болып ауысып, 17 жыл Уалиханов ауданында лабораторияда директор болып қызмет еткен. 1997 жылы аудан жабылғаннан кейін, 1999 жылы ауданның бас мал дәрігерінің орынбасары болып қызметке орналасқан.

Ақсақалдың жанұясына келсек, 1967 жылы Степняк қаласының Раяш атты қызына үйленіп, шаңырақ көтерген. Өмірге жеті баланы әкеліп, жолдасы екеуі аялап, мәпелеп, жақсы тәрбие беріп өсірген. Үлкен баласы Сәкен Қазақстанның барлау бөлімінің штаб бастығы болып қызмет етеді, полковник.

Екінші ұлы Шоқан әкесінің жолын қуған мал дәрігері. Одан кейінгі ұлы Ғани тарихшы, қазір Астанада жұмыс істейді. Қызы Айгүл Еңбекші ауылында тұрады, мектепте оқу ісінің меңгерушісі. Тағы бір қызы Айнагүл Бурабайда психолог болып жұмыс істейді. Екі баласы Қайыр мен Мұрат ерте қайтыс болған.

Барлық балалары «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші тәрбие көрген, өз елінің қадірлі азаматтары. Сәукен атаның, құдайым көпсінбесін, немерелері де аз емес екен, үлкен немересінен шөбере сүйгелі жүргенін маған ерекше шаттана айтып өтті.

Сәукен атадан өміріндегі қызықты жәйт туралы сұрап едім, ол кісі маған қызықты емес қорқынышты әңгіме айтып берді. Мал дәрігері болып жүргенде қысты күні үш күн далада қалып қойыпты. Қарны ашқаннан қар жеген екен.

Әрі қарай бүге-шүгесіне дейін сұрамадым, өзім қорқып кеттім. Бірақ, атамның өз қызметіне жан-тәнімен берілген, қызметін адал атқару үшін ажалға да бас тіккен ерекше жан екендігіне көзім жетті.

Атамыздың қолынан келмейтіні жоқ екен, жан-жақты, шығармашыл, қазіргі тілмен айтқанда креативті жан деп ой қорыттым. Себебі, өз жұмысынан басқа, бос уақытында өлең шығарып, газетке мақалалар жазған. Өлеңдерінің тақырыбы туған жер, ел азаматтары, ұрпақ тәрбиесі жайлы.

Осы уақытқа дейін шығарған өлеңдерін, прозалық шығармаларын бір кітапқа жинақтап, жүйелеп те қойыпты, бірақ қол қысқалығына байланысты кітабы әлі жарық көрмеген. Атаның сол жинағынан маған танысуға берген өлеңдерін мен бір-ақ деммен оқып шықтым десе болады.

Мысалы, келесі өлең жолдары кіндік қаны тамған жер Тассу ауылы және білім нәрін алған Абай атындағы қазақ орта мектебі туралы.
Елге сәлем, көз көрген!

Туған жерім – Тассуым,
Мейманға әзір ас-суың.
Қулы көлден арылмас,
Қаз-үйректер, аққуың.
Шөбі шүйгін, жері ащы,
Терең құдық Тас құдық.
Құрт майды жүрдік ас қылып,
Ер жеттік соғыс біткен соң,
Еңбектеп құлап қаз тұрып.
Есімде мектеп барғаным,
Оқу болып арманым.
Талай жыл содан өтіпті,
Егделік бізге жетіпті.
Шәкірттер түгіл ұстаздар,
Жан-жаққа ұзап кетіпті.
Заманда мынау өзгерген,
Жалығып жалған сөздерден.
Еске түсті бал дәурен,
Елге сәлем көз көрген!


Не деген керемет, сағынышқа, сезімге толы жолдар десеңізші! Сәукен атаның осындай көптеген шығармалары аудандық, облыстық газеттерде талай жарияланған.

Айта кетерлік керемет бір ақпарат, мал дәрігері-ақын атамыздың «Әкенің аты өле ме?», «Құрытып аң біткенді даламызда», «Беу, құштарым», «Күз» өлеңдері 1993 жылы республикалық «Жұлдыз» журналында жарияланыпты. Енді атамыздың жүрегін жарып шыққан өлеңдері кітап ретінде жарық көрсе, тамаша болар еді!

Сәукен атамыздың тағы бір керемет өнері - қаңылтырдан әдемі бейнелерді суреттеген (чеканка деп аталады екен). Ақсақалдың әкесі қолөнер шебері болыпты, бірақ Сәукен ақсақал әкесі сияқты бізбен етік тігіп, мәсі тігіп, қамыс өруге икемі болмапты.

Есесіне сөз өнеріне жақын болып, әлі күнге дейін осы өнерін өміріне серік етіп келеді. Атаны ақсақал деп айтқан себебім, Сәукен ата «өзімді ақсақалдар қатарына қосамын, өйткені, бес мезгіл намазым бар, жүрегімде иманым бар адаммын»,- деді.

Ешқашан ақыл сұраған адамнан ақылын, кеңес сұраған адамнан кеңесін аямаған. Мысалға, біздің елдің мешітінің Амангелді имамына берген ақылы туралы айтты. «Мен сияқты ащы су ішпейді екенсің, темекі шекпейді екенсің, намаз оқып, дін жолына түспейсің бе?!» - деген.

Сонда Амангелді аға ақсақалдың берген ақылын тыңдап, қазір Аллаға шүкір, Степняк қаласының имамы болып отыр.

Сәукен атаның дін жолына қалай келгені жайлы айтсам, жоғарыда айтылғандай 74 жасқа келгенше ауызына ащы суды ешқашанда алып көрмеген, темекі шекпеген адам екен. Жұмыс бабымен жүргенде «іш, іш» дегендерден бас тарта білген. «Алла тағала қуат берген ғой» дейді ақсақал.

Ақсақалдың әкесі коммунист болса да, тығылып, есік-терезені жауып, намаз оқып, ораза ұстаған. Өйткені 70-80 жылдары «құдай жоқ» деген ұстаным болған екен. Сәукен атаға әкесі тірі тұрғанда «үйрен» деген, сонда ақсақал қысқа ойлап, «дін жоқ» деп коммунистік партияда болған соң мән бермеген.

Содан әкесі 80 жылдары қайтыс болған соң, ақсақал өз бетімен араб әріптерін үйреніп, тығылып ораза ұстап ақырын осылай дінге келген екен. 1994 жылы Уалиханов ауылында мешіт ашылып, имам көмекшісі болған. Қазіргі таңда ақсақал Үлгі ауылында мешітте бас имам.

Осындай жан дүниесі бай ақсақалмен сырласу – мен үшін бір ғанибет болды! Осы жерде, сол «жабық» заманда иман жолына түскен жанның теңдессіз ерекше жан екендігіне тағы да бір көзім жетті!

«Қарап отырсам қазіргі заманымызда дін дамып келе жатыр, жастар жағы отырыстарда әдеби көркем сөйлеп, ащы суды да қойып келеді, осыған қарап жаным жай табады» - дейді ақсақал.

Мал дәрігері қызметінен 2007 жылы зейнеткерлікке шыққан. Кемел шағына жеткен тұста еңбегінің зейнетін көруден де кенде емес, 2011 жылы «Степняк қаласының құрметті азаматы» атағын алды, аудандық ақсақалдар алқасының белді мүшесі.

Сауытбай Әбішұлы сияқты жан-жақты, ақылшы, дана, керемет адамдар көп болса екен деймін. Құрдастарым, жастар жағы Сәукен атамдай ой-санасы, білімі қазына аталардың үлгі-өнегесін құлаққа құйып, көңілге тоқып өссе нұр үстіне нұр болар еді-ау!

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,- деп қайталай берді атамыз. Ал, ақсақалдар, алдыңғы толқын ағалар салған жолды жалғастырушы біздер, аталарымыздың батасының арқасында, олар артқан сенім туын биік ұстауымыз шарт деп есептеймін!

Жұлдыз МАҒЖАН
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 2 322

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 617 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 439 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 409 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 345 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 324 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 795 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 708 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 266 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 417 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930