29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бет-жүзін тұмшалауға болмайды" - Депутаттар никаб киюге тыйым салатын заңды қабылдады

Мәжіліс депутаттары бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Соңғы жылдары әлемде қалыптасқан геосаяси, діни ахуал, экстремизм мен терроризмнің күшеюі дін саласындағы ұстанымдар мен нормативтік, құқықтық нормаларды жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл әлемнің барлық елдерінің басындағы жағдай. Бұл мәселе бізді де айналып өтпейді. Сондықтан, дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған қадамдар мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін ауадай қажет деп санаймыз», — деді мәжілістің жалпы отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев.

Оның айтуынша, 12 заң актісіне, соның ішінде 3 кодекс пен 9 заңға 53 түзету енгізу көзделіп отыр.

Бірінші, дінді деструктивті мақсаттарға қолдануға жол бермеуге бағытталған түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда, «деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» деген жаңа ұғымдар енгізіледі.

«Бұл ұғымдарды енгізу және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын, атрибуттары мен сыртқы белгілерін таратуға тыйым салу арқылы сырттан елімізге жат иделогияның енуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Жобада бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салу көзделген. Мұндай шараларды енгізу азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет. Айта кетейін, мұндай нормалар Бельгияның, Францияның, Болгарияның, Австрияның және басқа да бірқатар мемлекеттердің заңдарында қолданылады.Бұл норма дінге ғана қатысты емес, сол себепті ол «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізліп отыр», — деп баяндады Кәлетаев.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар талап нақтыланған. Министрдің атап өтуінше, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде көзделген үш шектеу енгізілген.

«Атап айтқанда, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін діни бірлестіктердің мүдделеріне пайдаланбау, өзіне бағыныстағы қызметшілерді діни қызметке мәжбүрлемеу, діни бірлестікті құруға бастамашы немесе оның мүшесі болмау. Жалпы, ұсынылатын нормалар азаматтардың дін саласындағы негізгі құқықтарына, мысалы жұмыс уақытынан тыс кезде діни іс-шараларды және ресімдерді орындау немесе оларға қатысу құқықтарына әсер етпейді. Мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық банктің бюджетінен қаржыландырылатын ұйым қызметкерлерін де осы норманың бір бөлігімен қамту ұсынылады», — деді ол.

Тағы бір маңызды жайт, дінге көзқарасына қарамастан азаматтардың, соның ішінде дінге сенушілер мен сенбейтіндердің тең құқығы қамтамасыз етілмекші. Бұл бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті ескерту жасаған екен.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда шамамен 14,5% қазақстандық өздерін атеист немесе агностик ретінде көрсетіп отыр.

«Олардың құқықтары дінге сенушілердің құқықтары қорғалатын деңгейде қорғалуы тиіс», — деп атап өтті Кәлетаев.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау деңгейі күшейеді. Балалар мен жасөспірімдерді ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз діни салт-жораларға тартуға болмайды.

Шетелде діни білім алу реттеледі. Қазақстан азаматтары елімізде жоғарғы діни білім алғаннан кейін ғана шетелде оқи алады.

Бұдан басқа, діни бірлестіктердің қаржы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нормалар ұсынылып отыр.

«Олардың ішкі қаржылық есептерін міндетті түрде жүргізу талаптары енгізілді. Осы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялау көзделген. Халықаралық тәжірибеде бұл кеңінен қолданылатын заңнамалық талап. Аталған мәселе біздің қоғамда да талай мәрте көтерілген болатын», — деді министр.

Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық — ғибадат үйлерінен тыс жерлерде некені қию немесе тоқтату бойынша діни жоралар мен рәсімдерді жасауға тыйым салынбақ.

«Діни жолмен некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі ғибадат ғимаратына келе алмайтын жағдайда (ауыр науқастануы, мүгедектігі, бас бостандығынан айыру орындарында болуы) бұл діни рәсімді медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілі жүргізе алады», — деп түйді сөзін министр.
Просмотров материала: 4 943

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 538 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 377 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 258 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031