26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кемертоғанның жаңа мектебі биыл алғашқы түлектерін ұясынан ұшырады

13 май 2018, 2:46
«Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйренеміз» деп Луций Анней айтқандай, туған жерінің тұғырынан тәлім алып, қандас, рулас емес, ұлты бір қазақ халқы бірінен-бірі алған тәлім-үлгісін бөлісіп жатқан заман қазір. Сол сияқты ауылының дамып, көркеюін қалайтын, соған үлес қосуға ұмтылатын жастарымыз қаншама.

Мен, Кемертоған ауылының тұрғыны, тұрып жатқан, өмір сүріп жатқан жерімнен өзге қалаға қонақтай кетсем, Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі елін, жерін, қара топырағын аңсаған Байтас шалдай сағынатын жанмын-ау, сірә.

Қашанда халқымыз үшін ауыл - руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы. Сол ауылымыз, яғни Кемертоған ауылы, жылдан-жылға дамып, өркендеуде. Осының ішінде әсіресе мектеп пен мешітті ерекше атап өткім келеді.

Олардың әрқайсысына жеке тоқталар болсам, біріншіден, 2016 жылы іргесі қалана бастаған Кемертоған орта мектебі 2017 жылдың 2 қыркүйегінде ұстаздар мен оқушылардың игілігіне берілді. Бұл қуанышты мезет ауыл тұрғындары үшін, оқушылар мен ұстаздар үшін жүрек тебірентерлік сәт болды.

Мектептің ашылуы ел ойлағандай оңай болмады. Ең алдымен мектебіміздің ашылуына мекеме қарамағындағы жұмысшылар мен ұлағатты ұстаздарымыздың сіңірген еңбектері өте көп болды.

Әрине, жұмысшылардың атқарған істері бір бөлек, ал ұстаздарымыздың мектеп ашылсын деген ынтамен, берген көмектерін ауыз толтырып айтуға болады. Тамыз айының соңында әкімшілік оқушылар жаяу жүрмесін, деп жол салып, оқушылардың өмір қауіпсіздігіне алаңдап, автобустардың тікелей мектепке қатынауын қадағалап, қамтамасыз етті.

Кемертоған орта мектебінің ашылуы жедел әрі тез болуының түрліше себептері өте көп. Көрші ауылда оқитын жасөспірім балалардың «алыстан арбаламай, жақыннан дорбалап», оңтайлы білім алуына жағдай жасалды.

Осы уақытқа дейін балалар Лев Толстой атындағы орта мектепте білім алып келді. Билік осы жағдайды ескере отырып, оқушылардың өз ауылында жетік білім алуына зор мүмкіндік туғызды. Қыркүйек айынан бастап оқушылар жаңа мектептің табалдырығын аттады.

Ал мектептің алғашқы түлектеріне мектеп директоры Анар Айдымбаева жан-жақты білім алуға көмектесіп, түлектердің емтихандардан сүрінбей өтуіне жағдай жасап жатыр.

"Отаным, көктер әуелі, ауылым өсіп гүлденсе" деп екінші кезекте ауыз толтыра айтарым - Кемертоған мешіті. Атап өткенімдей, жүректеріне иман ұялаған жамағатымыз көрші ауылдағы “Қожа Ахмет Яассауи” мешітіне баратын.

Кемертоған мешіті салынып, біткен күннен бастап өз ауылымыздың мақтанышына айналған, айнадай жайнаған мешіттің төрінен орын алып отыратын жасөспірім балалармен, аға-інілеріміз қаншама екендігін байқадым.

Жетіп жатқан жетістіктеріміз бен алып жатқан мақтау қағаздарымыз қаншама. Әрине, оның бәрі ауылымыз Кемертоғанның биік белестерден көрінуіне зор ықпал етеді.

«Ауылым-алтын бесігім» демекші, ауылымыздың әлі талай биіктен көрініп, көркейе беруіне үлкен үлес қосатынымыз сөзсіз!

Аяулым ҚАППАР
11«А» сынып оқушысы
Кемертоған орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Кемертоған ауылы
Жетекшісі: Сеткин Нуракинова

Просмотров материала: 3 899

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 261 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 081 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 053 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 996 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 979 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 247 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 054 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 575 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930