28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бабалар рухына тағзым ет

15 май 2018, 1:06
Қазақ даласының қай түпкірін алсақ та шежіреге бай, терең сырға толы. Шығыс өңірін ауызға алсақ, ғашықтар мекені, Қозы-Баян елі деп ауыз толтырып айтып жатамыз.

Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет мырза туған ауылына деген сүйіспеншілік сезімін: «Бірден Қытаймен шекара басталады. Шығыс Қазақстанның ең қиыр пұшпағында орналасқан, Қазақстанның ең шеткі нүктесі, Қазақтың кең байтақ жері біздің ауылдан басталады деп ауыз толтыра айта аламын» деген жүрекжарды сөздерімен білдірген.

Сол сияқты мен де ұлан-ғайыр жеріміздегі әрбір ауылдың айналасы сан-салалы қазақ тарихы мен мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, таусылмас бұлағы дер едім. Сол бастау-бұлақтың бірі - қасиетті де киелі мекен Шынқожа.

Шынқожа – Алматы-Өскемен тас жолының бойында, Шығыс Қазақстанның Аякөз қаласынан отыз шақырым жерде орналасқан ауыл. Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысында Қабанбай туы астында бүкіл қазақ әскерінің үштен бірі - оң қанатты басқарған қолбасы Тума Шынқожа батыр Базарқұлұлы (1725-1770ж.ж) есіміне байланысты қойылған.

Шынқожа батыр тарихи өлкетану мұражайына кіре қалсаңыз, көненің тат басқан көзіндей құнды-құнды небір тарихи деректерге толы «Менің ауылым», «Ұлы дала рухы», Қазақ хандығы «Жер атауы - ел тарихы», «Ер намысы - ел дауысы», «Арын жалау, жанын алау еткен», интернационалист жауынгер, Ауған соғысының қаһарманы Аманбек Қалиасқаров, мектеп тарихы, ғылым, өнер-мәдениет жөнінде жасақталған бірнеше бөлімдерден тұратын мұражай қорын тамашаларыңыз хақ.

5-сыныптан бастап экскурсовод ретінде мұражайда көп нәрсені үйреніп, тағлым-тәрбие алып, өзімізден кейінгілерге бағыт беріп, үлгі болу үшін көп ізденіп, тәжірбие жинақтап өстік.

Мұражай жанынан құрылған әскери патриоттық «Мирас» клубы жұмыс істейді. Мұражайда соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, ертеңгіліктер, ерлік сабақтары өтіп тұрады.

Мұражай жас жеткіншектерге тәрбие беруде, халыққа қызмет көрсету барысында 1988 жылы 10 сәуірде тарихи өлкетану мұражайы дәрежесіне ие болып, төлқұжат №42 куәлік алды.

Облыстық мұражайлар байқауында екі рет II орын, Орталық қорғаныс (ДОСААФ) ұйымының «Үздік қызметі үшін» белгісімен марапатталған. 2002 жылы облыстық «Жыл мектебі» байқауына қатысып, 2003 жылы Шығыс оқу-әдістемелік орталығы электрондық оқулыққа түсірді.

«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильянов ағамыз ауылымызға өз қаражатына мәдениет үйін салдырып, кәсіпкер ағаларымыз ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосып, ойын алаңдарын, жолдын екі жақ қапталына шырша ағаштарын отырғызып, қоршап берді.

Жылда мамыр айында жеңіл атлетикадан интернационалист-жауынгер Аманбек Қалиасқаровтың, қазан айында Тума Шынқожа батыр бабамыздың қазақ күресінен облыстық турнирін өткізу дәстүрге айналған.

1997 жылы ауылымыздың тумасы Көкейев Еркін Әнуарұлы ағамыз батыр бабамыздың ескерткішін сомдаған болатын. Ал былтырғы жылы күре жолдың бойына Шынқожа батырдың ұрпақтары атқа қонған мүсінін орнатып, ашылу салтанатын өткізді.

Мұражайдағы «Ұлы дала рухы» бөлімінде ауылымның айналасында үш жерде шоғырланған таңбалы тастарының суреттері, кимешек киген ананың бейнесі-балбал тас, қасиетті қорғандары, ауылдың шығыс жағынан Орхон жазуы –«ұшпақ» сөзі , батысынан іш, ішре, ішкері жақ сөздері табылып, орын алған.

«Жер атауы- ел тарихы» бөлімінде батыр бабаларымыз ұстаған алдаспан, айбалта, үш қырлы сауыт бұзар жебесі,қозы жауырын жебелері қойылған.

Ұлы Отан соғысына арналған «Ер намысы- ел дауысы» бөлімінде аталарымыздың орден медальдары жауынгер үшбұрышты хаттары, соғыс кезінде түскен суреттері, алған жарақаты жөнінде берілген эпикриз-анықтамалары, Ленинград блокадасына қатысқаны туралы, Москва үшін арпалысқан, Сталинград шайқасындағы ерліктерін айғақтайтын куәліктері сақталған.

Тарихтан Сталинград шайқасында қазақ ұлтының асқан табанды ерлігі үшін қазіргі Волгоград қаласында «Қазақ» деген көшенің бар екені белгілі. Бұл қазағымның дархан көңіліне Алланың берген сыйы іспетті, ұлттың даңқын асырып, Сталинград шайқасына қатысқан біздің де ардагер аталарымызды мақтан тұтамыз.

Ауылдың айналасында мәдени мұра ескеркерткіштері Қаратал би, Сопы би әулие, Кенжебей батыр күмбездері, Қосқыз, Қосжігіт кесенелері бар. Бұл ұлттық құндылықтарымыз халқымыздың ғасырдан ғасырға жеткен мәдени мұраларын түсініп қастерлей білуге, өскелең ұрпақтың ойын дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен септігін тигізері хақ.

Еліміздің рухани өміріне тың серпіліс әкелген «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған шақта әр адам өзінің үлесін қосу тиіс деп білемін.

Осы орайда жылда жазғы демалысқа шығар алдында серуендеуге шығып Шет бастау, Қасқа бұлақ, Талды бұлақ, Тамшы бастауларының суын ішіп рахаттанып қайтатынымызды еске аламын.

Барлығының басында қасиетті жалбыз шөбінің иісі бұрқырап жайқалып өскенін көріп өстік. Келешекте бастау бұлақтардың суларын зерттеп шипалы қасиетін анықтап, халқымның денсаулығына пайдасы тиіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Жаңа жылдық құттықтауында ауыл әкімі Медет Серікболсынұлы ағамыздың "Аймақ бойынша «Ең үздік ауыл» атануымызға барлық ауылдастарымыз, мектеп ұжымы мен әрбір оқушының қосқан үлесі зор. Сенбілік сайын қарт адамдарға көмектесіп, көше тазалығы, тал егу жұмыстарын ұстаздары мен оқушылар атқарды. Биылғы мектеп бітіретін түлектерімізге мемлекеттік сынақтан жоғары ұпай жинап, алтын ұя мектебінің, ауылымыздың мәртебесін көтеріп, бәріміз қуанатындай жағдайда болайық» деген сөздері бізді мақтаныш сезімге бөледі.

Тарихын қастерлеген, берекесі жарасқан, міне, осындай ауылым бар.

Мөлдір СӘБИХАНОВА
11-сынып оқушысы
Шынқожа батыр атындағы
жалпы орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы
Аякөз ауданы
Шынқожа ауылы
Просмотров материала: 2 259

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 496 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 335 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 323 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 261 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 216 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 271 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031