19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пайда емес, арды ойлаған кәсіпкер

15 май 2018, 23:58
«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» дейді ұлы Абай, осы сөз мектебіміздің түлегі, білімді азамат, халық қалаулысы Абылай Бақытбекұлына арналғандай. Олай дейтінім – Абылай аға қаламыздағы жас бизнесмендердің бірі де бірегейі. Ол бизнесті ақша табуды көздейтін сатарман ретінде емес, халыққа қызмет көрсету мақсатында құра білген және өзін-өзі дамыту арқылы бүгінгі биігіне жеткен азамат.

Абылай аға туралы ретімен айтар болсақ, Степняк қаласында туып-өсті. Абай атындағы №2 қазақ орта мектебін 2002 жылы үздік бітірді. Мектепте белсенді, барлық салаға қызығатын ізденімпаз оқушы болды.

Мектепті бітіргеннен кейін Абылай Бақытбекұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің физика–математика факультетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.

Жалындаған жас бір мамандықпен шектеліп қалмай, бұдан соң «Көкше» академиясын «Қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтады.

Абылай ағаның балалық арманы – қаржыгер маман болып, әкімдікте қызмет ету болыпты. Виктор Гюгоның «Кім болам десең, сол болу – ұлы іс те, қолыңнан келгені болу – әр адамның ісі» деген қанатты сөзі ағамызға арнап айтылғандай. Балалық арманын іске асыруы осының айғағы болса керек.

Бизнес ашпас бұрын Абылай аға өзін әр салада сынап, тәжірибе жинақтап, бірнеше мекемеде жұмыс істеді, өз мінезін болаттай қайрады, темірдей шыңдады. Оның ішінде, Степняк қаласы әкімі аппаратында аудармашы-маман, Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде информатика пәні мұғалімі, Мәдениет үйінде техник-оператор, әкімдікте бөлім маманы болып қызмет істеді.

Бұл жұмыстар оған адамдармен қарым-қатынас жасау, тіл табысу, қажеттіліктерін анықтау бойынша өзінше бір өмір мектебіндей болды. Осылайша, университеттегі білімін тәжірибемен бекіткен Абылай аға өзін бизнес әлемінде сынап көруге шешім қабылдады.

Ол бизнесті туған қаласына адал қызмет етумен қатар, ешкімге тәуелді болмау және табысын ұлғайту үшін ашты. Сол 2010 жылғы алғашқы қадамынан бері бүгінгі күнге дейін «Ақмола облыстық шығын материалдарының орталығы» ЖШС-ның директоры және «ABDI PRINT» жеке кәсіпкерлігінің құрылтайшысы, иегері.


Бизнесті Абылай аға жиырма бес жасында бастаған екен. Басында қиындықтар көп болғанын есіне жиі түсіреді, өйткені ол жас болғандықтан көптеген фирмалар, мемлекеттік мекемелер, банктер оған сенім артуға қорқа соғып, күдікпен қарапты.

Сондай қиын сәтте оның қасынан жақындары, әсіресе, анасы Бағила Құсайынқызы табыла білді. Өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұстаз баласына да қолдау көрсете алды, басты сүйеніші болды.

Ал бизнес саласын ол бірінші мамандығы бойынша таңдады. Бизнесі өзі жақсы білетін, ең бастысы, қызығатын - компьютерлер, тұрмыстық техника, телефондар сату және халыққа қызмет ету саласында.

Өмірде өзіне мотивация берген, үлгі болған жандардың өсу, даму жолдары оны аса қызықтырып, олардың бизнес құру, адамдармен қарым-қатынас жасау, іскерлік сұхбат, келісім-шарттарды жасау жолдарының қыр-сырын үйренді.

Оның ішінде аса қызықтырған тұлғалар - «MICROSOFT» компаниясының президенті Билл Гейтс, «Касперский Лабораториясы» компаниясының президенті Евгений Касперский болды. Абылай ағаның ойынша, бизнесті жасау үшін, әрине, мектепте өте жақсы оқу және жоғары оқу орнын тәмамдау міндетті түрде қажет.

Ағадан «Қиналған сәттеріңізде бизнесті тастап кету туралы ойыңыз болған жоқ па?» - деп сұрағанда, ол:

«Бизнесті тастау жайлы ой болмады және ондай ой кәсіпкердің басына келмеуі де керек» - деп жауап берді.

Тіпті бизнесті жүргізу кезінде кәсіптік білімін, бизнес құпияларын меңгеру мақсатында Абылай Бақытбекұлы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында және «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорында әрдайым оқу курстарына қатысып та жүрді.

Абылай ағаның ойынша бизнесті басқару белсенді, ашық мінезді адамдардың қолынан келеді. Ағаның көптеген кездесулерге қатысты, бірақ 2014 жылы жас кәсіпкер ретінде Астана қаласына Елбасы Н. Назарбаевпен кездескені - ұмытылмас оқиға.

Жас кәсіпкердің халықтың қалауымен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайлануы да оған зор жауапкершілік жүктеді, ел ағаларынан үлгі алды, ел ісіне араласты, өз тәжірибесін дамытты.

Жас бизнесмен қайырымдылықпен жиі айналысады, әсіресе, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тұрмысы төмен отбасыларына жүйелі көмек көрсетеді.

Оқу жылы басталар алдында жылма-жыл туған мектебінің бірнеше оқушысын қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Бизнесін шарықтатуға қаржы ешқашан артықтық етпесе де, «алтын алма, алғыс ал» деген қазақи қағиданы ешқашан ойынан шығарған емес.

Туған қаласы үшін, оның тұрғындары үшін қолынан келер жақсылығын аяған емес. Қаламызда жеңілдетілген бағамен көптеген терминалдар орнатты, тұрмыстық техника дүкенін ашты, компьютерлік қызметі әрқашанда халық игілігіне қызмет етуде.

Жергілікті бюджетке 1,5-2 миллион теңге аралығында салық төлейді, сегіз жылдан бері екі жұмысшыны жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Жас болса да, «ондай болу қайда?» деп ойламастан өз ісін бастаған, қазір кемел шағында, өзіне де, өзгеге де пайда келтіріп отырған Абылай ағаны «жас та болса бас» деп айтар едім.

Ол кезінде ерекше тұлғалардан мотивация алып, алдына мақсат қойып, іскер жан болып қалыптаса алса; енді өзі де біздің өмірімізге мотивация беретін дәрежеге жетті.

Айзада БИЯТ
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 2 189

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 433 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 403 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 339 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 318 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 705 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 264 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 415 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930