26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы"

14 май 2018, 10:19
"Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады". Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытып, білім нәрімен сусындатып, талай түлекті мектеп табалдырығынан үлкен өмірге шығарып салған өлкеміздегі ең ерекше, жаңашыл мұғалім және мектеп басшысы - Құралай Нұрманова. Ол – Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы №10-мектептің директоры.

Басшы болып тағайындалғанына биыл төртінші жыл, алайда осы аз уақытта талай белестерді бағындырып, мектеп қоржынына біршама жеңіс пен жетістік енгізді. Көкірегінде ұлтшылдық қасиеті сайрап тұрған басшы мектеп оқушыларынан да ұлтшыл, отансүйгіш болуларын талап етеді.

Өзі қарапайым шопанның отбасында дүние есігін ашқан. Мектеп бітірген соң, барлық түлектер секілді арман қуып, Алматыға келіп, өзі қалаған филология факультетінің студенті атанған.

"Мұғалім болмағанда агроном болар едім. Әкем "бұл ер бала таңдайтын мамандық, басқа мамандық таңдасаңшы" деген соң, мұғалім болып шыға келдім",- дейді Құралай Шараубайқызы.

Жас кезінде көп жерде мұғалімдік қызмет атқарған. Мектеп директоры қызметіне 2014 жылы ие болды. Мектебінің атмосферасы жағымды. Көп уақыт мектеп қабырғасында өз жұмыстарыңмен айналыссаң да, шаршамайсың. Себебі айнала жап-жасыл өсімдіктермен әсемделген.

Бір жағынан әдемі көрінеді, екіншіден денсаулыққа да пайдалы. Мектепте 4000-ға жуық бөлме гүлі күтіп-бапталады. Гүл егуді оқушылардың өздері жүзеге асырады. Ал оларға бағыт беруші – Құралай Шараубайқызы.

Гүл өсірудегі негізгі мақсаты – қыздарды байсалды, сезімтал, ибалы етіп тәрбиелеу болса, ер балаларды еңбекқор, тәрбиелі, сабырлы болуға шақыру. Директор алдағы уақыттарда мектептегі гүлдердің санын миллионға жеткіземіз деп отыр. Бұл әрекеттің де қолынан келетініне сенімім мол. 

Білім ордасындағы тағы бір ерекшелік – Әбіш Кекілбайұлы, Сайын Назарбекұлы, Өмірзақ Озғанбай секілді дарынды ойшылдарға жеке кабинеттеттердің арналуы. Дана Абай да қапыда қалмаған, ақынға арналған кабинет те бар.

Апта сайын бұл тұлғаларға арнап іс-шаралар өткізеді екен. Бұл – көңіл қуантарлық жағдай. Өлкеміздегі ерен тұлғаларды өзіміз құрметтеп, бағаламасақ, басқалардың да көзге ілмейтіні белгілі.

Бұл тұлғаларға кабинет арнауының негізгі себебі – жас ұрпақтың бойына мәдени мұраларымызды сіңіру, өлкедегі ерекше адамдармен таныстыру. Мектеп соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Кітапханаларында да оқушыларға жақсы жағдай жасалған.

Акт залдарындағы қызыл түс пен ақ түстің үйлесімділігі жұмыстың талғамы биік қолдан шыққанын танытады. Мектепте оқушылардың өз қолынан шыққан Тамшалының кіші макеті бар.

Тоққа қоссаң сарқырама ағады. Бұл – фантазия мен ақылдылықтың жемісі. Міне, мектепте істеліп жатқан шаралар – осы. 

Білім ордасындағы мені таңғалдырғаны – мектеп ауласындағы жылыжай. Мектеп былай тұрсын, жылыжай дегенді үйден де көрмеген маған бұл қызық және ерекше көрінді. Ол жерде қызанақ, қияр, сәбіз, картоп және тағы да басқа көкөністер өсіріледі.

Маңыздысы – бұл жердегі барлық астықты оқушылар өз қолдарымен еккен. Піскен уақытта өздері бағып, баптап өсірген көкөністерінің дәмін татып көрген. Бұл да мектептегі тағы бір ерекшелік.

Мектеп басшысының жылыжайды салдырудағы мақсаты – "Еңбектің наны тәтті" деген нақыл сөзді оқушыларына тәжірибе арқылы жеткізу, еңбекқор болудың адам баласына пайдалы екенін түсіндіру. 

     Мектепте істеліп жатқан әрбір шара, әрбір жаңа қозғалыста тың идея мен өзіндік ерекшелік бар. Ерекшелік пен идея бір жолда тоғысқанда – адам баласын таңғалдыратын дүниенің өмірге келуі заңдылық.

Ал осы таңғажайып дүниені ойлап табушы адамды қалайша ерекше адамдардың қатарына қоспайсың?! Демек Құралай Нұрманова – нағыз ерекше адам, нағыз ерекше тұлға! 

Ақмарал БЕРЕКЕТОВА
11-сынып оқушысы
облыстық мектеп-интернат
Ақтау қаласы
Жетекшісі: Валентина Жұмабайқызы
Просмотров материала: 2 767

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 335 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 156 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 127 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 069 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 054 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 082 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 600 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 748 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930