26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазыналы қарттарымыз аман болсын

12 май 2018, 15:31

Фото: azattyq.org
Ауылымның қарттары дегенде есіме көршілерім Талапкер ата мен Майра апа түседі. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жеңіске жетудің ауыртпалығын бірдей көтерді. Ұлы жеңісте ана сүтінің дәмі бар. Ана сәбиге өмір сыйласа, соғыс адам өмірін жойды.

Ол кезде ана сүті аузынан кеппеген Майра Әшімова және Талапкер Әшімов небәрі 6-8 жасар балалар еді. Олар соғыстың кесірінен ерте есейді. Балалық шақтың дәмін татпады. Олар ересектер көрген соғыстың барлық қиыншылығын бірдей көрді.

Олай болса, майданмен тыл біртұтас соғыс лагеріне айналды. Осындай соғыс заманында Талапкер ата мен Майра апа Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бестерек ауылының «Қызыл Алтай» колхозында жұмыс істеген.

Майдандағы жауынгерлердің ерлік жеңістері, тылдағы еңбек ерлерінің табысты жемістері. Олай отбасы мүшелерімен тылдағы еңбектің ащы шындығының куәгері болып, өмір жолын бастады.

Биыл Талапкер ата 83 жасқа келсе, Майра апамыз 81 жасқа толып отыр. XX ғасырды XXI ғасырға жалғастырып, екі ғасырдың куәлары өмір бойы қол ұстасып келеді. Талапкер ата мен Майра апаның әңгімелеріне құлақ түрсем, "Қызыл Алтай" колхозында нан, ет, сүт тағамдарын өндіретін, киім-кешек тігетін жұмысшы күшінің 70-80%-ын балалар мен әйелдер құраған екен.

Бұл кісілердің әңгімесінен түсінгенім, тылдың беріктігі, қуаттылығы, майданның күш-қуаттылығы екен. Майдан мен тыл бір-біріне демеу, рух, күш-қуат беріп, өзара байланыста ерік-жігерлерін бірнеше еселеп өсіре түсулеріне өзара ықпал етеді екен.

Олардың бастан кешкен оқиғаларын тыңдай отыра, әңгіме барысында олардың қаншама қиыншылықтарды бастан кешіргендерін біліп, біздің оларға қарыздар екенімізді түсіндім. Талапкер ата мен Майра апаның айтқандарын естіп, терең ойға баттым.

Себебі, қазіргі ұрпақтың Ұлы Отан соғысының батырлары мен тыл ардагерлерінің алдында немқұрайлы әрекеттер жасауда. Ұлы Отан соғысы кезіндегі барлық ауыртпашылық пен қиыншылық көрген бұл кісілердің айтқан барлық оқиғалары менің жан дүниемді түршіктірді.

Талапкер ата мен Майра апаның ойынша, жауды екі жақтап қыспаққа алатын күш ол - майдандағы жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы еңбегі. Сондықтан біз тыл ардагерлеріне де өмірлік қарызбыз.

«Қызыл Алтай» колхозындағы еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін ауылшаруашылық өнімдерін нормадан артық орындап, биік көрсеткіштерге жетіп, жеңісті жақындата түскен екен. Тыл ардагерлерімізбен кездесуде қариялар өздерінің басынан өткен оқиғаларды әдемілеп әңгімелеп берді.

«Қыста табанынан сыз өтіп, ыстықта маңдайдан күн өтіп, тамақ пен киімнен жоқшылық көріп, жетім бала, жесір әйел саны артып, жоқтау, жылау қатарласа келсе де, жауынгерлер үшін аянбай еңбек еткен отбасының мүшелері, ауыл тұрғындарын көзімен көріп солармен бірдей қиындықтар көрдік. Ауылда техника, ат-көліктер жоқтың қасы болғандықтан, әйелдер, балалар, қарттар қол жұмысын көп атқарған »-дейді олар.

Талапкер ата мен Майра апамен кездесуде түрлі-түрлі, тіптен кітап беттеріне түспеген пәк, бұрын естімеген оқиғалармен таңдандыра отырып, көзге жас үйірте баяндап, хабардар ете білді.

Тағы бір әңгімесінде Майра апа ауылдың материалдық жағдайының төмен болғаны соншалықты, ашаршылықтың азабына төзе алмаған жазықсыз баланың өлімі жайлы айтты.

Ол бала қыршыннан үзілген соң, баланы зират басына апарып, жер қойнауына тапсыруға ақыреттік ақ мата таба алмай, ауыл халқының жүректері қан жылап, амалсыздан сабан шөпке орап жерлегенін айтқан кезде, менің де көзіме жас үйірілді.

Бұл қарттарымыздың әңгімесі тек қана тыл еңбеккерлерінің ауыр тұрмыс-тіршілігін баяндап қана қоймай, еліміздің болашағы - жас ұрпақты елін, жерін отанын сүюге, қарияларды құрметтеуге үйрете білді.

Майра апамыздың «Ұмытылмас есімдер орден медальдарда, өлең-жырларда, тарихи-әдеби кітаптарда, бейнефильмдерде, ел, жер, ауыл, қала, көше, мекеме-ұйымдар атауында, мұрағат-мұражайларда, ескерткіштерде, ұрпақтарына қалдырған ерліктің үлгілерінде» деген сөзі мені терең ойға жетеледі.

Талапкер атамыз болса қатарының, құрдастырының, азайып бара жатқанын айтып «Сендер бақытты ұрпақсыңдар, біз бала күнімізде көрмеген шат-шадыман өмірді сендер көрдіңдерр» деп сөзін аяқтады.

Менің өкінгенім, «Қариясы бар ел азбайды», «Қарты бар елдің қазынасы бар» деуші еді, ауылда қариялардың сирегені шындық. Менің ойымша, адамның өмір сүруі - табиғи құқығы ғой, сол өмір сүру құқығынан соғыс апаты қаншама адамды айырды десеңізші!

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толды, бірақ адамзатқа соғыс салған рухани зақым жазылып біткен сияқты, дегенмен де олардың ерліктері ұрпаққа үлгі болып, ал «Ұлы Жеңіс» сөзі алтын әріппен тарихта жазылып қалары сөзсіз.

Ауылымның ақсақалдары дегенде бірін-бірі жетектеп, ілбіп келе жатқан ерлі-зайыпты қариялар көз алдымда мәңгі қалары сөзсіз. Әрбір отбасы мүшесі, әрбір соғыс және тыл ардагерлерінің есімі ұмытылмайды, атаусыз қалмайды, өйткені Ұлы Жеңістің әрбір әрпі бостандықты, бейбітшілікті, қанды соғыс зардабын көрсетеді деп түйіндегім келеді.

Әсем РАХЫМОВА
7-сынып оқушысы
Ғадас Салықов атындағы
негізгі мектеп
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
Бестерек ауылы
Жетекшісі: Сәуле Оразгалиева
Просмотров материала: 3 073

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 376 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 196 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 167 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 111 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 095 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 876 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 095 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 612 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 760 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930