23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақыртас пен Құлан – туризмге сұранып тұрған өңірлер

12 май 2018, 12:13
Атамның әңгімесінен естігенім бар еді.

«Осыдан бірнеше ғасыр бұрын біздің өлкеде бір үлкен шаһар болыпты. Өзі биік төбенің үстінде қоныс тепкен көрінеді. Жан жағы сай-сала, саз-балшық, қалың қамыс. Қамалға сырттан жан баласы кіре алмайды екен. Қалаға кіретін тек бір ғана жол бар.

Ол шаһардың ішінен ғана ашылатын аспалы көпір. Сондықтан ол қаланы бірнеше ғасыр бойы жау басып ала алмапты. Ал сазды кешіп өту мүмкін емес. Талай сан мыңдаған қолды астындағы атымен бірге шым тартып, жұтып, жоқ қылған екен.

Саз жағалай қалың қамыс өсіпті. Арасында құлан жайылып жүреді екен. Сонысына қарай бұл қаланы «Құланды» кейіннен «Құлан» деп атап кетіпті».

Атамның айтқаны Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының солтүстік шығыс жағындағы бүгінде археологиялық жұмыстар жүргізіліп жатқан VII-X ғасырдағы Құлан қалашығының орны деп ойлаймын. Бұл жерді тұрғындар Құлантөбе деп атайды. Бір кездері айналасы сазды, көлді, ну қамысты болғанын айғақтайтын еш белгі жоқ қазір.

Тек сол маңға жақын түскен көшелердің жерасты суының жақындығы ғана – ел аузындағы аңыздың шындыққа жанасатынын көрсететіндей. Құлан ауылындағы орталық мешіт маңында тұратындар «екі күрек бойымен жер қазсаң, шып-шып етіп су шыға бастайды» дейді әлі күнге.

Иә, бүгінгі таңда қазақ даласындағы құнды жәдігерлерді әлем танып, мойындап үлгерді. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне біздің өңірімізден бес тарихи-мәдени ескерткіштің енгізілгені белгілі. Соның бірі – мынау Құлан қалашығы. 

Бұл қалашықтың тарихы терең, ашылмаған сыры көп. Қалашық биік төбе басында орналасқан. Аумағы өте үлкен. Археологтар қала негізінен үш қабаттан тұратынын айтады. Бірінші қабатта – XVII – XVIII ғасырларға жататын зират.

Мұсылман халқы негізінен адамды биік төбеге жерлеген ғой. Екінші қабаты XI – XII ғасырлардағы Қарахан дәуіріне жатады. Ал үшінші қабатын хан сарайы деп болжап отыр.

Құлан қалашығының өз заманында қандай рөл атқарғанын анықтау – археолог-тарихшылардың еншісінде. Біз тек Ұлы Жібек жолының бойындағы шаһардың стратегиялық мәні зор болғанын шамалаймыз. Керуен көштің осы Құланнан Таразға жеткенше бір түнемелік жер екен. Түнемелігі тура Ақыртас сарайына тұспа-тұс келеді.

Ақыртас кешеніне қатысты кей тарихшылар аяқталмай қалған әскери нысан болған деген байлам жасап жатыр ғой бүгінде. Меніңше, бұл сарайды салғызған билеуші жазғы орда есебінде қоныс етпек болған деп ойлаймын. Бұл да атамның әңгімесінен кейін туған ой.

«Осыдан бірнеше ғасыр бұрын бір хан жан-жақтан шеберлерді жинатып, қамал салғызбақ болыпты. Әлгі ханның жалғыз ұлы тай үйретерлік жаста екен. Нағыз – баланың әр нәрсенің сырын білгісі келетін шақ. Содан ерке ұл қайта-қайта келіп ханның мазасын ала берген көрінеді. Сонда бір айт, екі айтқанға көнбеген баласына хан ұрсып жіберсе керек.

Бала әкесіне ренжіп, айдалаға лағып кетіп қалыпты. Қамалға тас алып жатқан таудың үстіне шығып тастан-тасқа секіріп, беті ауған жаққа кете береді. Осылай бірте-бірте сағымға айналып, көзден ғайып болыпты.

Қас қарайған соң хан баласын іздестірмей ме? Сұрастырып көрсе жұмысшылар «анау тастың үстінде тұрған» деп жоғарыда тұрған тасты көрсетіпті. Тездетіп сонда барса, ол жақтағылар «анау тастың үстінде тұрған» деп одан да биіктегі тасты көрсетіпті.

Жолыққанның барлығы ханға осылай жөн сілтеп, жоғары өрлей беріпті. Биік қырға шыққанда бір жұмысшы анау ақырғы тастың үстінен көргенін айтыпты.

Хан ақырғы тасқа барып та ұлын таппапты. Сол күйі із- түссіз жоғалған ұлдың қайғысымен билеуші құрылысты аяқтай алмапты. Ал жұрт сол жерді «Ақыртас» деп атап кеткен екен».

Өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі – Ақыртас құрылыс кешені ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған.

Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол стансасынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан сарай туралы жазып қалдырған адам, XIII ғасырдың басында осы өңірге келген қытай саяхатшысы Чан-Чунь екен.

Ол өзінің саяхат күнделігінде: «Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады» депті.

Кейін Ақыртас құрылысын зерттеген әлем ғалымдарының да сүйенері – осы қытай дерек көзі.

Чан-Чуньнің алғашқы жазбасынан кейін бұл алып құрылыс жайында ешқандай болжам айтылмаған екен. Себебі, сол Чан-Чунның кезінде-ақ бұл ғажайып құрылыс тоқтап қалған еді. Не үшін аяқталмады? Ол құпия күйінде қалып қойды.

Ал оның қандай мақсатта салынбақ болғаны жайлы әртүрлі болжам жасалып жатыр.  Солардың бірі П.И.Лерх: «Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы»,-десе, академик В.В.Бартольд: "несториан ғибадатханасы" деген болжам айтады. 

Қалай десек те Ақыртас қалашығының сыры бүгінгі күнге дейін құпия күйінде қалды. Мүмкін, оның біз ойлағандай құпиясы да жоқ шығар? Ақыртас та Құлан қалашығы екеуі де Ұлы жібек жолының бойында орналасқан.

Екі қалашықтың арасы керуеннің бір түнеп жетер жері. Шаршап-шалдыққан керуеншілерге мызғып, демалып алар орын керек болғаны анық. Ақыртас қалашығы осы мақсатпен тұрғызылуы да әбден мүмкін ғой.

Әрине бұлар болжам ғана. Осы екі тарихи жердің сыры әлі күнге дейін бізге беймәлім. Неге Ақыртас қалашығының құрылысы аяқталмай қалды? Құлан қалашығын жау ала алмауының басқа қандай себебі бар?

Егер расында жау ала алмайтындай қалашық болса онда неге қазір құм басқан орны ғана тұр? Егер осы сұрақтардың жауабын ғалымдар табар болса, көптеген сыр ашылар еді? Бұл жаңалықтар шетелдік туристердің назарын аударатыны анық.

Туризмді дамытудың ең басты жолы – осы тарихи жерлердің сырын ашу. Жамбыл облысында тарихи, туризмге сұранып тұрған жерлер көп, әрине. Біздің міндет – сол жерлердің тарихын жалпақ жұртқа жария ету.

Бек ЖАҢБЫРБАЙ
11 сынып оқушысы
А.Байтұрсынов атындағы
орта мектеп
Көкдөнен ауылы
Т.Рысқұлов ауданы
Жамбыл облысы
Жетекшісі: Ардақ Үсейінова
Просмотров материала: 3 269

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 919 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 928 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 464 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930