19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Менің атам – абыз қарт

12 май 2018, 11:51
«Жаныңда жүр жақсы адам» демекші, жанымда күнде жүрген атамның қазыналы қарт, ақылдың кені, өмір жолы қиындық пен қызыққа толы жан екендігіне ешқашан мән бермеппін. «Туған өлкем» байқауы туралы қазақ тілі мұғалімі хабарлама айтқанда, маған алдымен «Кім туралы шығарма жазсам?» деген ой келді. Мұғалімім «Өз атаң қаламыздағы ерекше жандардың бірі, сол кісі туралы жаз»,- деп кеңес берді.

Атам туралы осы кезге дейін соншалықты деректерді білмегеніме алғашқыда ұялдым десем де болады; ал ол кісінің нағыз ерекше адам екенін білгеннен кейін осындай сайыс ұйымдастырған жандарға алғысым шексіз болды.

Менің атам - Мұса Абдос 1935 жылы 11 ақпан күні туған.

«Менің балалық шағым елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған неміс қарулы күштерінің тыныш жатқан отанымызға шабуыл жасаған кезіне тұспа-тұс келді. 5 жасқа қараған шағымда әкем Отан қорғау соғысына аттанады. Дәлірек айтқанда тамыз айынан бастап әкем үш ай бойы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) дайындық курсынан өтті. Ол кезде Макинск қаласына машина жүретін жол болғанымен жолаушылар қатынасын жасауға автобус болған жоқ. Осы Макинск қаласына жаяулап жетуге тура келетін еді. Анаммен бірге Ақмолаға бару үшін темір жол станциясы болған Макинск арқылы 2 рет бардым. Бала кездегі арманым – неміс-фашист басқыншыларының соғысы бітіп, әкемнің үйге аман-есен оралуы болатын. Құдай тілегімді қабыл қылып 1945 жылдың 30 қарашасы күні әкем үйге оралды. 4 жылдан аса уақыт күткен әкені құшып сүюден артық арман болмайды екен»,- деп атам әңгімесін әріден, толғаныспен бастады.

Әкесі соғыстан оралғаннан кейін 3-интернационал шахтасында ұста болып жұмыс істепті. Ал атам заман қиындығынан шетке шығып оқуға баруға мүмкіндігі болмапты. Әкесінің жолын қуып алғашында Степняк автобазасында ұста болып істепті.

Кейін Степняк қаласында шопырларды дайындайтын курс ашылғанда сол курсты тәмәмдап, шопырлық куәлік алған. Ол кезде Степняк қаласындағы милицияның бастығы Сыздықов Қадыр деген кісі болған екен.

Сол кісі автобаздың бастығынан елгезек, өз ісін жетік білетін шопыр керектігін ескерте отырып, бір адам тауып беруін сұрайды. Сөйтіп, бастығының таңдауымен, аудандық милиция бастығының шопыры болыпты. Ол кісі соғысқа қатысқан чекист болған екен.

Атамның да майдангер баласы екендігін түсініп, Алматы жоғарғы мектебіне жолдау хатымен оқуға баруына мүмкіндік береді. Қабілетті, шығармашылыққа икемі бар атам С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі.

Оны бітіргеннен кейін Көкшетау облыстық газеті « Көкшетау правдасында» жұмыс істейді. Жас маман халық шаруашылығының сан-саласындағы еңбек адамдары, өндірістердің дамуы туралы мақалалар жазып, газетке жариялайды.

Туған қаласы Степняктағы аудандық газеті редакторының сұрауы бойынша оған журналист болып орналасады. Ол кезде аудандық газет екі тілде шығатын болған. Соның қазақ тілінде шығатын бөліміне басшы болып тағайындалады.

Тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында ауданымызға Кеңес одағының түпкір-түпкірінен тыңгерлер келіп жатқан тарихи кез екен. Ауданымызда «Золотая нива», «Советский», «Қойтас», «Донской», «Невский». т.б. совхоздар ашылады.

Атам да тыңгерлермен тың игерушідей болып күнделікті дерлік іс-сапарға барудан жалықпай еңбек етеді.Тың игерушілердің қайнаған еңбегі газет бетіндегі атамның очерктерінде, мақалаларында жарық көріп жатады.

Бұлайша қолдау еңбек майданындағы, туған жерлерінен алысқа келіп тың игеріп жатқан еңбеккерлердің еңбегіне шабыт береді, еңбектегі ерлікке жетелейді.

Сол кезде тың жерде шаңырақ көтерген «Золотая нива» совхозының тың жерге түрен салғандары туралы повесть жазған. Сонымен қатар, ауданымыздың орталығы Степняк қаласы - алтын кендерімен атағы шыққан қала.

Сол кен орындарында, шахталарда жұмыс істеген шахтёрлар туралы да еңбектері бір төбе. Атам бұл кен игерушілері туралы әңгімелер жинағын жазып бітіріпті.


Мұса Абдостың Степняк қаласында
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу сәті. 1995 жыл

Атамның негізгі жұмысымен қатар тағы бір өнері - әке жолын қуып, зергерлікпен шұғылдануы. Ол жүзік, қапсырма, ілгек, білезік соққан. Тіпті, зергерлік жұмыстарды жүргізетін бөлек бөлмесі де болған екен. Жұмыстан кейін сол бөлмеде отырып, жаны сүйетін шаруасымен айналысқан, өнерін дамытқан, халықты қуантқан.

Атамның өкінішпен еске алатын оқиғасы бар. Бір жылы Нұргүл деген қызы Көкшетау қаласының жігітіне тұрмысқа шығады. Қазақ салты бойынша шешесін, жұбайын және ересек балаларын алып, құдалыққа кетеді. Үйде жасөспірім балалар ғана қалады.

Ересектер үйде жоқта, себебін кім білсін, үйдің маңайындағы қора-қопсысы, шеберханасы отқа оранады, көптеген дүние-мүлкі, кітаптары тып-типыл болып жанып кетеді.

Ең өкініштісі - баспаға әзірлеп қойған повесі мен әңгімелерінің қолжазбалары, журналистік қызметінде жиған-тергендері күйіп кетеді. Бірнеше жылғы еңбектің отқа оранғаны жүрекке ауыр тигендігі сондай - әлі де болса ұмыта алар емес.

Өзінің жастық шағынан бастап жұмыс атқарған газет редакциясынан зейнеткерлікке шығады. Зейнетке шыққан соң, «еліме қалай пайда келтірсем» деп ойланады. Атам арғы аталарынан бастап дін жолын қуған отбасынан. Сол дәстүрді жалғастырып, дінге деген көзқарасы әрқашан оң болған, жүрегіндегі иманынан таймаған.

Дәл сол шақта Қазақстан өз алдына дербес мемлекеттігін алды. Жаңа құрылған үкімет дінге бостандық берді. Ата дәстүрді жалғастырушы ретінде және ҚазМУ-де алған араб тілінен алған білімі көмек болып, ақсақалдар Алқасының шешімімен Степняк қаласындағы Мешіттің Имамы болып сайланады.

Содан бері дін жолынан бұрылған емес, дінді насихаттаудан, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуден жалыққан емес.

1995 жылы қаламызға президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіпті. Ол кезде Мешіт Көкшетау - Степняк тас жолының кіре берісінде болатын. Президент қала кіре берісіндегі Мешітке ат басын тірейді. Сол жолы ауданымызға атақты жерлесіміз Біржан сал атын беру жайлы сөз қозғалады.

Сол ұсыныс биыл жүзеге асып, бұрын Еңбекшілдер аталған ауданымыз енді Біржан сал атындағы аудан болып аталады.

Атам 2008 жылы Назым деген қызының мұрындық болуымен Меккеге Қажылық сапарына барып қайтты, мұсылманның бес парызын толық атқаруда. Атамның арқасында зәмзәм судан дәм татқаным - мені үлкен жауапкершілікке, адалдыққа бастайтынын мойындап, болашаққа бағыт алам.

Бір күні атамнан «Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды: шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт-шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп атаған. Сіз соның қайсысына жатасыз?» - деп сұрадым.

Атам «Өзімді абыз қарттар қатарына жатқызамын»,- деді ойланбастан.

«Өмірден көргені, білгенім, түйгенім көп, оны келер ұрпаққа беруден, оларды тәрбиелеуден ешқашан шаршаған емеспін. Күні бүгін де Құран Кәрімнен аят, сүрелерді жаттап, немерелеріме үйретіп жүрмін. Намаз оқыған сайын елімде, Отанымда бейбітшілік болып, деніміз сау болсын деп тілеймін. Алла жар болсын!»- деп аталық мейіріммен сөзін аяқтады.

Дариға МҰСА
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 3 215

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 660 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 482 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 451 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 386 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 369 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 442 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 723 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 291 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930