25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тұла бойы тұнған өнер

12 май 2018, 7:26
Өмірде «Сегіз қырлы, бір сырлы» жанды кездестіріп пе едіңіз? Менің қаламдағы ондай жан - Нұрлан Шаменов.

Мен шығармамды ол кісі туралы әріптестерінен, шәкірттерінен дерек сұрастырудан бастап, өзінен сұхбаттасумен аяқтадым. Ол кісі туралы кіммен сөйлессем де, барлығы бірауыздан ол кісінің ерекше жан екендігін айтудан бастайды. Шығарма жазу барысында бұл пікірлердің шындық екеніне өзімнің де көзім анық жетті.

Нұрлан ағайдың ең басты қызметі – мектеп мұғалімі. Бірақ ол кісі мұғалімдік шеңберден шығып кеткен, шәкірттерімен дос-жараны сияқты сырласады. Жатсынбай шын көңілімен араласады. Ойымды таратып айтсам, алдымен бұл кісі – суретші.

Бала кезіндегі арманы да атақты суретші болу екен. Кәсіби суретші бола алмаса да, алдына келген шәкірттерінің қабілеттерін байқап, «бұлақ көзін ашып» суретшіліктің қыр-сырына үйретеді.

Нұрлан ағайларының алдынан талантын дамытқан шәкірттері көптеген аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Олардың көптігі сондай, мұғалім біреуін ренжітіп алғысы келмей, ешбіреуінің атын айтпай қойды.

Шәкірттері сурет техникасының қара қарындашпен сурет салудан бастап, майлы бояу, акварель арқылы пейзаж, натюрморт, тіпті портрет жанрларында жұмыс істей алады.

Суретшілігімен қатар ол, фотографтық өнерді жетік меңгерген. Мені таң қалдырған бір жайт, ол фотоға түсірумен 1-сыныптан бастап айналыса бастапты.

Фото түсіру өнері бойынша да қазір Нұрлан ағайдың көптеген шәкірттері бар. Ең талантты шәкірттерінің бірі - оның туған қызы Шаменова Айгерім. Қазір ол студент. Фото түсіру өнерінен көптеген жетістіктерге жетті.

Айгерім ең бірінші рет «Дельфий» ойындарына қатысқанда, ағайға фотоүйірме ашу туралы ой келген екен. Қазір сол «Аrt Pfoto» атты фотоүйірмеге көптеген оқушылар қатысады. Оқушылар деп айту бұл үйірме мүшелеріне тіпті, олқылық танытатындай.

Себебі үйірмеден гөрі фотостудияға жақын, шығармашыл топтың мүшелері нағыз кәсіби мамандар десек болады. Олардың жетістіктері де аз емес. 2010-2018 жылдар арасында үйірме мүшелері облыс бойынша 8 алтын, 3 күміс медаль; республикалық деңгейде 3 медаль, ТМД елдері арасында өткен жарыста күміс иеленген.

Оқушысы Бекбосынова Мәдина І Еуропалық «Дельфий ойындарына» қатысып, төртінші орын алған. Бұл әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте үлкен дәреже!


Мектеп оқушылары бұл үйірмеде сонымен қатар қысқа метражды фильмдер түсіру, монтаждау өнерімен де айналысады. Ал сол үйірменің белсенді мүшелерінің бірі - қысқа метражды фильм түсіруші Ольга Фролова - Қазақстан құрама командасының мүшесі. Бұл табыс, сөзсіз, Нұрлан ағаның жетістіктері.

Қаламызға республикалық «Хабар 24» телеарнасының «Большие города» жобасы келіп, бағдарлама түсіргенде Нұрлан Абайұлы мен шәкірттері сол бейнебаянның басты кейіпкері болды, бағдарлама жүргізушісі Динар Тұрсыноваға фотосессия жасап, шағын фотожинақ та жасап берді.

Нұрлан Абайұлының жетекшілігімен әлеуметтік қысқаметражды фильмдер түсіруді үйреніп алған оқушылар өз өнерін дамытумен бірге, түрлі сайыстарға қатысып, бақтарын сынады. Соның бірі - Сайранбеков Ерқанат түсірген «Маршрутка» фильмі 2017 жылы республикалық сайыста ІІІ орынды иеленді.

Ұстаз ретінде Нұрлан Абайұлы дұрыс жолдан тайып бара жатқан оқушы көрсе, жылт еткен қабілетін байқап, әйтеуір бір талантын тауып, оның дұрыс жолға түсуіне жағдай жасайды, тыным таппайды. Өзінің айтуынша, оларға қанша уақыт керек болса, сонша уақытын бөледі.

Спортқа жақын балалармен тығыз жұмыс істеу мақсатында ол бірнеше жыл бұрын таеквондо үйірмесін ашты. Өз білген өнерін аянбай үйретті. Әттең, уақыттың тапшылығына орай, бұл үйірме жалғасын таба алмады.

2-3 жылдай жұмыс істеген бұл үйірме мүшелері де облыстық, республикалық деңгейде жетістіктерге жетті. Жоғарыда айтылған қате жолға түсе бастаған оқушыларын, осы үйірмеде, әсіресе, дұрыс жолға бағыттай білді.

Нағыз талантты адамдар сияқты, Нұрлан аға өзін «өнерлі» деп санамайды. Оның айтуынша, «егер адам шын көңілден өз сүйікті ісімен айналысса оның қолынан барлығы келеді, тіпті ауру-сырқауынан да жазылып кетеді».

Нұрлан ағаның әншілік өнері өз алдына бір әңгіме. Ол мектептегі фольклорлық ансамбльдің белді мүшесі, жеке орындаушылығы тағы бар. Жыл сайынғы аудандық, облыстық көркемөнерпаздар байқауларының лауреаты, дипломанты.


Степняк сияқты шағын қала үшін Нұрлан ағай таптырмас «байлық», баратын жері шектеулі, ауыл тектес қаланың балаларына ағамыздың өнер үйретуші үйірмелері «оазис» тәрізді.

Өзі талантты бола тұра, шәкірттерін де білетін өнерлеріне баурап жүрген, еңбексүйгіш, сирек кездесетін адамдардың бірі, ұстазымыз - баршаның «қызықты» жан деп есептеуіне толық сай, ерекше тұлға! Осындай ұстаз бұйырған біз де бақытты шәкірттерміз!


Асхат ҚАБЫТАЙ
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 1 953

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 240 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 061 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 033 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 975 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 958 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 863 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 045 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 317 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930