18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пайғамбарлар да күнә жасаған, оның жанында біз кімбіз?

02 май 2018, 10:55
Некедегі тұрақсыздық эстрада жұлдыздарының біразын айналып өтпеген. Мұның себебі неде? Әншілердің бақытты өмір сүруіне не кедергі болады? Бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында танымал әнші Ақбота Керімбекованы әңгімеге тартып көрдік. Айта кетейік, Ақботаның өзі үш рет күйеуге шыққан. Оның қазіргі күйеуімен арақатынасы туралы соңғы уақытта қоғамда алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Яғни, әнші бұл күйеуімен де ажырасыпты дейтіндер бар.

- Ақбота ханым, күйеуіңізбен ара қатынасыңыз жөнінде шындықты айтып беріңізші, жұрттың айтып жүргені рас па? Яғни шынымен ажырасып кеттіңіздер ме?

- Журналистер рейтинг үшін әншінің өмірімен ойнайды. Осы өсекті жазған адам ертеңгі күні өзінің өмірінде де мұндай жағдай кездеспейді деп ойлай ма екен? Отбасы болған соң түсінбеушіліктер болып тұрады. Тек күйеуімізбен ғана емес, кейде анамызбен, кейде баламызбен де ренжісіп қаламыз.

Бүкіл интернет «Ақбота ажырасып кетіпті» деп шулап жатыр. Жеке өмірім мен өткен өмірімді қозғағым келмейді. Барлығы жұмбақ болып қалсын. Біреуді кінәлай алмаймын да. Қателеспейтін адам жоқ. Тіптен фильмдерде көрсетіліп жатыр ғой, пайғамбарлар да күнә жасаған. Олардың жанында біз кімбіз?

- Жақсы, жеке өміріңізге араласпайық. Бірақ, жалпы әншілер қауымы осы ажырасады да жатады. Артынша екінші, үшінші рет үйленулері де тез. Сонда өнер жұлдыздарының арасында отбасылық құндылық деген асыл қасиеттің қалмағаны ма? Мәселен, өзіңіз үш рет тұрмыс құрдыңыз, ана KeshYOU тобының қыздары үшін әйелдері мен балаларын тастап кеткен әншілерді де білеміз. Бұл бір-екі мысал ғана...

- Ажырасып жатқан әншілер ғана емес, қазір екінің бірі некесін сақтай алмайды. Иә, мойындау керек, қазір отбасылық құндылықтың мәні жойылған. Отбасын асырайды деп сенген кейбір еркектеріміз жалқау, еңбек еткісі келмейді.

Біз сахна адамы болған соң жеке өміріміз елдің аузында жүреді. Сондықтан көзге бірінші болып түсеміз. Ал, жалпы әншілердің ғана емес, тағдыры ауыр қарапайым адамдардың өмірін естігенде жағамды ұстаймын. Сондықтан, әншілерді кішкентай қателігі үшін жер қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Жарайды. Ал, осы әншілердің жиі ажырасуына не себеп? Бәлкім өнер жұлдыздары сүйген жарына адалдық таныта алмайтын шығар?

- Біз де барынша жақсы жар, жақсы әйел, жақсы әнші болуға тырысамыз. Бірақ сахна адамы болған соң отбасында түсініспеушіліктер, қызғаныш басым болып тұрады. Негізі өнер адамымен отбасын құрған екен, онда барынша оны түсіне білген жөн.

Мен өзім адамдарды отбасына берілген және екі жақты бірдей, яғни отбасын да, қызметін де алып жүретін деп екіге бөліп қараймын. Тек күйеуі мен бала-шағасының жағдайын жасап отыратын әйелдер - отбасына берілгендер. Олар сол өмірін бақыт тұтады. Бұл типтегі әйелдерге басқа әлем қызық емес. Әркім бақытты өзінше бағалайды.

Ал, бойына Алла өнер дарытқан адамдардың өмірі оңай бола бермейді. Мүмкін ер азаматтарға қиындығы онша біліне бермейтін шығар. Бірақ әйел заты үшін қызметімен бірге үйдегі күйеуінің де жағдайын жасап отыру оңай емес.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Анар Дәукен.

Дереккөз: sn.kz
Просмотров материала: 12 645

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 488 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 310 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 279 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 215 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 194 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 433 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 197 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 222 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 653 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 784 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 663 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 291 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 229 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 380 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930