28 октября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Әулиебастаудың кереметі неде? (ВИДЕО)

02 май 2018, 3:28
Тарих жер-анадан басталады. Қаратау өңірі Қазақстандағы табиғаты ешбір аумаққа ұқсамайтын алапта орналасқан. Табиғаты қатал, қысы өте суық, жазы ыстық өңір. Аудан аумағының топырағына, шоқы бастарындағы белдеулерге қарағанда аймақтың үш рет су астында қалғаны аңғарылады.

Бұл өңірден кезінде су асты болған аймақтарда теңіз, өзендерді мекен еткен тас болып қатып қалған жәндіктердің, балықтардың, т.б. тіршілік иелерінің сұлба қалдықтары кездеседі. Папортник өсімдіктерінің жұмсақ денелі іздері тасқа таңба болып түсіп қалған.

Өзінің географиялық және табиғи-климаттық орналасу жағдайын ертеде Оңтүстік Қазақстан территориясында палеолит және неолит дәуіріндегі адамдардың өмір сүруіне аса қолайлы аймақ болды. Бір заманда бұл жердің ауа райы Үндістандағыдай субтропикалық болған.

Онда түйеқұстар, ірі мүйізді мамонт тұқымдас аңдар өмір сүрген. Оның айқын айғағы - Үшбас ауылы маңындағы өзен бойынан қолтырауынның тістері, бизонның бас сүйегінің астыңғы жағының табылуы.

Аудан аумағымен шектесіп жатқан Бетпақдалада бұдан миллиондаған жылдардан бері тіршілік ететін,тұрағын өзгертпей келе жатқан, өзге өңірлерде кездесе бермейтін қалқанқұлақ тышқанның жиі жолығуы сол дәуірдің айғағы мол жәдігері іспеттес.

Жамбыл облысында Әулиебастау әр ауданда орналасқан. Соның бірі – Айшабибі ауылынан солтүстік батысқа қарай 3 шақырым жерде орналасса, екіншісі - Талас ауданындағы Қарабастау ауылы жанында екен.

Ұстазым екеуіміз қалалық «Табиғатты аяла» атты экологиялық форумға қатысу үшін, елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып, «Туған жерді зерттейміз» аталымы бойынша өз зерттеу жұмысымызды Жамбыл ауданындағы Әулиебастау жерінде жүргіздік.

Негізі Әулиебастау - көне қала орны. Алғаш археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі сақталған орны тік төртбұрышты, ұзындығы батыстан шығысқа қарай 400 м, ені солтүстіктен оңтүстіке қарай 140 м, биіктігі 9 м.


Үстінде жұмыртқа тәрізді екі төбе бар. Оның біріншісі батыс жағында, көлемі 105х87 м, екіншісі шығыс жағында, көлемі 100х120 м. Құрылыс сырты топырақ дуалмен қоршалған, ортасында аумағы 20 м2 үйдің орны сақталған. Шығыс жағындағы орталық қорған ірі тастардан қаланған.

Қаланың оңтүстік-батыс жағындағы жарылған жартастың астынан бұлақ ағып жатыр. Бұлақ суынан қала түбінде аумағы 100 м2 көлшік пайда болған. Ақсу өз. осы көлден бастау алады. Жергілікті халық бұлақты Әулиебастау деп атайды.

Қала жұртынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап, ғалымдар қала Қарахан әулеті заманында (10 — 12 ғасыр) болған деп тұжырымдайды. Бұлақтағы су жыл бойы +16 градус тұрақты температураны ұстап тұрады. Су құрамын өмірге қажетті 17 түрлі минералды микроэлементтер: магний, калий, йод т.б құрайды.

Көктемнің жылы, шуақты күні түссе керек. Біз сапарға шықтық. Әулиебастау Тараз қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Жоспарланған жерге барып, киелі жерді өз көзімізбен көріп, зерттеп, жергілікті тұрғындар мен бұлақ басына келушілерден мол мәлімет алып үлгердік.

Олардан сұхбат алу барысында әр түрлі жауап алынды. Таңертеңімен келген жас отбасы бұлақ суына шомылса, келесі біреуі жаңадан туылған шақалаққа қырқынан шыққанша мөлдір судан құйып, әкетуде. Ал ақсақал болса, бұлақтан аққан суды тамашалап, мөлдір суын шөлі қанғанша ішіп жатыр.


Бұлақтың суын біз де ішіп көрдік. Жер астынан шыққан су сондай таза, әрі мөлдір. Ал дәмі өте керемет, балдай, қайта-қайта ішкің келіп тұрады. Бұлақтың суы көлге қарай ағады, ал көлдің 3-4 жерінде астынан дөңгеленіп су шығып жатты.

Бұл көрініс те әсерлі екен. Ойланып қарасам, бұлақ суының құрамында 17 түрлі минералды микроэлементтер кездеседі, сонда бұл судың "Сарыағаш", "Тассай", "Боржоми" секілді минералды судан қай жері кем?

Шіркін, қаражаты жетерлік осы өңірдің кәсіпкері осы бұлақтың суын лицензиясы бар өнім етіп шығарса, Әулиебастау жері бірден танымал аймаққа айналар еді.

Жыл сайын Әулиебастауға келушілер саны көбеюде. Әсіресе жаз айларында. Көліне шомылып, балшығын денелеріне жағып, бұлақтың суын үйлеріне алып кететін халық жетеді. Дегенмен, сол халық құр кетпей, Әулиебастау жерін ластап кетеді.

Ішкен- жегенін артынан жинамай кету – мәдениетсіздікке жатпай ма?! Демалып болған соң, көлдің жан-жағы түрлі қоқыстарға толып кетеді. Сондай нәрсені көрсем, жерім үшін жүрегім сыздайды. Мен - табиғат жанашырымын. Жүрген жерімде суды, ауланы, саябақтарды ластамай, жан-жағымдағы тұрғындарға да табиғатты былғама деп айтып жүремін.

Сондықтан менің жазып отырған мақаламды оқыған әрбір отандасымды табиғаттың бізге берген керемет дүниесін қадірлеп бағалауға, қорғауға шақырамын.

Аружан МҰХАМЕТІЛДА
8-сынып оқушысы
техникалық шығармашылық
орталығы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы
Жетекшісі: Айнұр Тілемісова
Просмотров материала: 2 572

Поделиться материалом


18:02 Фура загорелась во время заправки на АЗС в ЗКО... 175 Просмотров

17:40 Избиение ребенка в Таразе: озвучены новые подробности... 179 Просмотров

17:29 Қазақ футболын сыйламаған Тихонов пен Тигранға жаза... 485 Просмотров

17:27 Шу қаласында жаппай төбелес: екі адам қаза тапты... 934 Просмотров

17:26 21 протокол за опасные гонки завели на двух водителей в... 168 Просмотров

17:04 Детей лечат в коридоре больницы Нур-Султана из-за нехватки... 193 Просмотров

17:02 Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдады... 203 Просмотров

16:56 Қазақстанда ЭКҰ бағдарламасымен 25 мыңыншы бала дүниеге... 193 Просмотров

16:54 Алматыда Момышұлы бейнеленген мурал төңірегінде дау шықты... 197 Просмотров

16:52 Мужчина изнасиловал свою знакомую в Актау... 213 Просмотров

16:14 Двое человек скончались в результате драки в Шу... 182 Просмотров

16:12 Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды... 193 Просмотров

16:09 Қазнетте жолға секірген ер адамның видеосы талқыланып жатыр... 202 Просмотров

16:02 "Сбила и переехала": отец погибшей школьницы озвучил... 203 Просмотров

15:46 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының... 188 Просмотров

15:40 Прохожий набросился на маленького ребенка в Таразе... 154 Просмотров

15:31 Қазақстанда ең төменгі жалақыны кім алады?... 120 Просмотров

15:15 Бороться с пандемией останутся только министры -... 129 Просмотров

15:14 «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған... 133 Просмотров

15:07 Таразда ер адам көшеде ойнап жүрген бүлдіршінді ұрып құлатты... 264 Просмотров

15:02 Бекболат Тілеухан жаңа заң туралы: енді көкпар мен бәйгенің... 151 Просмотров

14:50 Жануарларды қорғау туралы заң ұлттық спорт түрлеріне тыйым... 132 Просмотров

14:50 Кто получает самую низкую зарплату в Казахстане... 130 Просмотров

14:42 "Менің орныма отыр". Шенеунікке ұсыныс тастағаннан кейін... 263 Просмотров

14:37 Защитить врачей попросил депутат Мажилиса... 128 Просмотров

14:27 Түрік Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас... 138 Просмотров

14:22 Потасовка замакима и жителей Кербулакского района попала на... 136 Просмотров

14:09 "Ол кетіп қалды". Мәжіліс отырысында депутат министрлерді... 129 Просмотров

13:18 Метель и сильные осадки ожидаются в Казахстане... 120 Просмотров

13:15 Закон о защите животных: запретят ли проводить национальные... 136 Просмотров

13:04 Қазақстандықтар жинағының 2 трлн теңгеге жуығын ем мен үйге... 148 Просмотров

12:50 Оқуы құрсын, ақша тапсын! Тағы бір әйел баласын оқуға... 1 303 Просмотров

12:42 Закон о защите животных: запретят ли проводить национальные... 124 Просмотров

12:36 Қазақстанның кей жерінде боран мен қатты жауын-шашын... 1 132 Просмотров

12:34 Зағиптарға арналған смарт-білезік жасап жатырмыз... 128 Просмотров

12:24 QazVac әзірлеушілері мемлекеттік сыйлық алады... 157 Просмотров

12:21 Бейжіңде өтетін Олимпиаданың медальдары қандай?... 160 Просмотров

12:20 Почти 2 трлн тенге потратили казахстанцы на жилье и лечение... 141 Просмотров

12:03 Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр... 208 Просмотров

11:58 Представитель омбудсмена появится в каждом регионе... 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031