20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Менің Әуезовім

02 май 2018, 2:30
Жапырағы мәңгіге жайқалатын қазынам,
Мұралары әлемге мәшһүр болған нар тұлғам.
Халқын сүйген, құрметтеген, шабыт берген жазушым,
Бас иеміз, қошеметпен бір өзіңе жазып ән.

Алып бейне, көк аспанда жарқырайтын жұлдызым,
Таңғалдырды жәдігерің – мектеп болған тағдырың.
Қалды тарих беттерінде шуақ шашып таң нұрым,
Омарханұлы Мұхтарым – перзенті ұлы ғасырдың.
(өз шығармашылығымнан)


Өмірдің әсемдігі, адамзат пен қоғам тіршілігі, қазақ өмірі, табиғат көркі, жетім баланың ғұмыры, қазақтың жастары, тарих тағылымында болып жатқан өзгерістер, жиырмасыншы ғасыр жаңалықтары, әйел келбеті, тарихи шындық, қазақ драматургиясындағы реализм, ұлттың мінез-құлқы, Абайдың жолы... – мұның бәрі әдебиеттің шынары, рухани байлығы, парасатты қазақтың данасы, найзадай жарқылдаған көркемсөз зергері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен сабақтас.

Алапат дауылдардан, толассыз жаңбырдан, аязды борандардан сүрінбей, налымай өткен Әуезов Мұхтар Нұрғалиев Рымғали айтқандай,«сарқырмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін өзгеше құбылыс». Бір сөзбен айтқанда, Әуезовтің Мұхтары – дүние жүзінің көшін алға сүйейтін дәуір Мұхтары.

Мұхтар Әуезов шығармашылығы – кең әлемді дүр сілкіндірген, жаһандық әдебиеттің мұрасында өшпес ізі қалған туындылар жинағы. Әуезов трагедиялары – бақшадағы алуан түрлі гүлдерге ұқсас образдар галереясы. Көркемдік талғаммен жазылған алып самұрық құсымыздың әңгімелері мен повестері – әдебиеттің патшалығына айнала білген Алатаудың биік шыңдары, қарлы шоқылары.

Бәйтеректей үлкен табыс алып келген ерен тұлғаның еңбектері – әлі ешбір тірі жан барып көрмеген күн жұлдызының жалыны. Себебі менің Мұхтарымдай еңселі азамат бұл бес күндік фәниге әлі қадам басқан жоқ.

Жазбаша өнердің сұлтаны, атақты жазушы, драматург, аудармашы, ойшыл-ғалым, профессор, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылым академиясының академигі, құдіретті талант иесі Мұхтар Әуезовтің өнегеге толы ғұмыры сарқылмайтын өзендей, сырылдап аққан тұнық бұлақтай өтті де кетті.

Бар өмірін өз халқын, оның шыңға шыққан биік мәдениетін шексіз сүюге, өзге халықтың әдеби жанрын өз елінің әдебиетіндей терең түсініп, оны құрмет тұту мен түрлі әлеуметтік мәселелерді шығармалары арқылы суреттеуге, жеткізуге арнаған.

Әуезов тағдыры – ғылым мен білімге толы мектеп, өмірдің шырағы, Каспий теңізі. Суды ғаламшарымызда ұстап тұру қабілетіне ие жердің серігі тәрізді Мұхтар да әлемдік мәдениетке көптеген ірі игіліктерді қосты.

Галактикадағы миллиардтаған жұлдыздардың біріккен күші асыл Мұхтарымның әдеби тіл құнарлылығы мен жан сезімінің күшіне жете алмайтын секілді.

Әуезовтің жазбалары – Париждің ең танымал сәулеттік құрылысына айналған, Париж қаласының нышаны, Франция елінің тұмары – Эйфель мұнарасы іспеттес. Тамашалағанда көзің талмайтын биік мұнарадай, Мұхтар ағамыздың мұраларын оқығанда, құмарың қанып, ләззатқа бөленесің.

Оның шығармалары қазақ жастарын оқуға шақырып, надандық қамалынан шығаруға, жамандық құлпын шешуге, ұлтаралық бөлінушілік пен халық санасындағы қауіп-қатерге толы кемшіліктерге қарсы тұруға үндейді.

Мақалалары ертегілер еліндегі сиқыршының жетістіктеріне ұқсап, өмірдегі құндылықтар мен адам бойындағы таңғажайып қасиеттерге бастама бола білгендей. Әуезовімнің пендешілікке салынып жасалынған әділетсіздіктер мен опасыздықтарға тоқтау салған, адамға рухани жігер беретін мақалалары– "Адамдық негізі – әйел", "Қазақ оқығандарына ашық хат" және "Бүгінгі зор міндет".

Заман көшбасшысы Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасы, "Қорғансыздың күні" әңгімесі, "Тастүлек", "Ескілік көлеңкесінде", "Қараш-қараш", "Көксерек"шығармалар жинағы, "Қилы заман"повесі, "Жетім", "Қаралы сұлу", "Үйлену" деген атпен жарық көрген тағы басқа да еңбектері бар.

Қазақ даласының кемеңгер ұлы махаббат пен мархаббатты, достық пен татулықты арқау ете отырып, шығармаларын адамдыққа, адалдыққа тәрбиелеуге арнаған.

Аспан төрінің дүлдүлі, еліміздің мақтанышы болған Мұхтар Әуезов абайтанушы ретінде ел жадында мәңгілікке сақталған. Жиырма бірінші ғасырдың таудай державалары Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары тәрізді Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Омарханұлы да – әдеби жанрдың ірі державалары, мәдениет тәжінің иегерлері.

Рухани ұқсас бейнелер – алтын шарға айналған көктөбелер. Оның дәлелі – бұлтпен таласып жатқан көктегі қазақтың төбесі – "Абай жолы" роман-эпопеясы. Мұхтарсыз Абай, Абайсыз Мұхтар танымал болмас еді.Себебі энциклопедиялық деңгейде жазылған роман әлемдік деңгейдегі үздік туынды ретінде жоғарғы баға алғаны белгілі.

Күн сәулесі іспеттес Мұхтардың "Абай жолы" романы энергия көзіндей бүкіл түркі әлемін жер бетіне паш еткен көркем шығарма атанды. Ана тіліміз – қазақ тілінің өркендеп гүлденуінде рөлі зор болған романның ғаламда салтанат құрғаны анық.

Осыған орай, жеке шығармашылығымнан мына өлең жолдарын тамыры тереңге жайылған "Абай жолы" роман-эпопеясы мен дара жазушы Мұхтар Әуезовке арнағым келеді:

Қыран құстай көк аспанда самғаған,
Көгершіндей қанат қағып талмаған.
Бұлбұл құстай жүз дауыста сайраған,
Әуезовім лүпілдеген бар жүректі баураған.

Абай танып, көпшілікке Абай жолын арнаған,
Жаһан жұрты төрт томдықты Мұхтарменен таныған.
Мұхит жолын кемеменен басып өтіп баураған,
Жүз он алты әлем тілге «Абай жолын» аударған.

Классика деңгейіне көтерілді шығарма,
Мақтанышым – эпопея-роман өте тамаша.
Ие болды шығармамыз жаңғырығы заманның,
«Ленин» сыйлық лауреаты деген үлкен атаққа.

Көшін бастап әдебиеттің Мұхтар дана атанды,
Халық артқан Әуезовке бар үміттер ақталды.
Күш бірікті, байтақ елдің көк байрағы желбіреп,
Егеменді Қазақстан Мұхтар ұлын мақтады.

Текті халық данышпаны нұрлы болды Абайдай,
Тауқіметті күндерде де пана болды шырақтай.
Абай жолы айналар хақ белгісіне әдебиет,
Мұхтарымның әрбір сөзі келешекке өсиет.

Қастерлейік Абай жолын, Мұхтарды,
Ол біздерді бодандықтан құтқарды.
Әрбір үйге сақтап қойдық кітабын,
Енді оқиық айқара ашып құшақты.


«Абай жолы» роман-эпопеясының арқасында Сарыарқаның төріндегі атақонысымыз – қазақ елінің даңқы шарықтай түсті. Құдіретті Мұхтарымыз романды табандылықпен, еңбексүйгіштікпен, мұхиттай білімімен, тынбай ізденісімен жазып шықты.

Ғасыр сырын, халықтың мұң-мұқтажын, асыл даналығын, дәуір ақиқатын роман арқылы көпшілік оқырманға көрсете білді. Мұхтардай арыстанымыз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен шығу тегін түрлі кейіпкерлерді пайдалана отырып тақырыпты толық қамти білді.

Қара сиямен ақ қардай қағазға жаңа мазмұндағы биік туындыны түсірді, өмірге әкелді. Әрбір бөлігі Абайдың жүріп өткен тағдыр жолына сән беріп, түпкі ойын байлыққа толтырғандай еді.

Қабілеті зор Мұхтардың шығармадағы тағы бір ерекшелігі - оның Абай Құнанбайұлын жан-жақты зерттеп, бағалауы, сынауы еді. Абайға кездескен өмір соқпақтары мен түрлі сынақтары арқылы өрбіген роман – ақын Абайдың бақ пен тақ таласын, зұлымдыққа қарсы күресін, халықты жақсылыққа бастар әдісін, бойындағы адами қасиеттері мен кемшіліктерін түгелдей ашып сипаттаған.

Лаулаған оттай өшпес дәрежеге жеткен ашкөздік, қанағатсыздық, надандық, имансыздық пен білімсіздік салдарын оқиға желілеріне қосып, оқырманын керемет сезімге бөлеген, тәрбиелеген. Бала Абайдың дара Абайға айналу жолын, тәжірибесі мол Құнанбайұлының өмірбаянын төрт томдық кітапқа енгізген.

Абай мен Мұхтар – екі дәуірдің өкілдері. Сол себептен екеуі де– қазақтың шоқтығы биік перзенттері. Абай – даланың классик ақыны, сазгер ағартушысы, сөзшең ойшылы, философы.

Ал Мұхтар – ақын болмасада, жүрегі ақындыққа жақын шебер суреткер, романист, эпостық жанрдың майталманы, оқиғаны жанама түрде жеткізіп, талас-тартыс пен қақтығыстар арқылы қыздыра көрсететін драматург.

Мұхтар Абайды бір-ақ рет көрсе де, өзгелерден мәлімет жинады, Абайдың әдебиеттегі орнын бағалады. Оқырманға кұнды деректерді ұсынды. Бірнеше рет өңдеу жұмыстарын жасай отырып, шығыс тумасының ақиқатын жазып, кітап қылып шығарды. Абай мен Мұхтар арасында байланыс өте көп.

Мұхтар Әуезов – қазақтың хан тәңірі, мәдениет әміршісі. Мұхтардың сөзі де алтын, өз де алтын. Таң намазы уақытынан кейін күн қалай күлімсіреп, бүкіл жаратылыс иелеріне жылы шуағын шашып, барлық әлемге шапағын төксе, дәл солай Мұхтарда барша халықтан мейірімін аямады.

Ғазиз жазушы, тәлім-тәрбиеге жетелеуші, рухани ұстаз Мұхтар Омарханұлы– орыстың Пушкинін, ағылшынның Диккенсін, немістің Томасын басып озушы. Менің Әуезовім қазақ тарихын зерделеген ұлы жазушы ғана емес, ұлттың жазушысы.

Тәуелсіз Қазақстанның Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:

«Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі бостандығын аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметттеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау».

Бір кездері әкем маған "Зияткер болғың келсе, ең алдымен Мұхтар бабаңды оқы, зертте, оны танып біл", – деген болатын. Дәл қазіргі уақытта әкемнің маған дұрыс жолды нұсқағанына, тура бағыт-бағдарды бергеніне қуанамын.

Мұхтар - бүкіл Қазақстан, бүкіл әлем мақтанатын қаламгер. Мұхтар Әуезовті тану арқылы өз бойымдағы дағдыны дамытып, қасиет қалыптастырдым, өзімді өзім тәрбиеледім. Мұхтардың мендік екенін сезінген сәттегі бақытты ұқтым. Әдебиетке деген шынайы махаббатты түсіндім.

Ақмарал ІЗТІЛЕУ
12 «А» сынып оқушысы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шымкент қаласы
Жетекшісі: Нұрсәуле Нұрмағамбетова
Просмотров материала: 3 496

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 780 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 603 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 572 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 507 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 489 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 769 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 319 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 470 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930