29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экологиялық апат жыл өткен сайын адам өміріне қауіп төндіріп жатыр

28 апрель 2018, 9:25
Кешегі Кеңес Одағының кезінде дүние жүзі Арал түгілі, Қазақстан сияқты елдің, қазақ сияқты ұлттың бар екендігін білмеді. Олар тек орыс халқын ғана білді. Дінімізді, тілімізді ұмыта жаздап, есіл ата-бабалардың мұраларымен ес жидық.

Енді міне, егемендікті ту еткен соң президентіміздің сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды, соның ішінде туған жерім Аралды да әлем таныды десе болады. Оның айғағы - бүгінгі таңдағы әлем таныған Аралдың топырағын, суын, тұзын, ауасын, жалпы айтқанда шежіресін зерттеп жүрген Арал топырағын екінші туған жеріне айналдырған қытайлар, француздар, ағылшындар, үндістер.

Аралды бүгінде әлем таниды. «Қорғаны мықты елдің, Іргесін жау түре алмас» деген халқымызда қанатты сөз бар. Соның айғағында, мықты ер азаматтарымыздың арқасында XXI ғасырда туған жер шежіресін шертіп отырмыз.

Осы орайда еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөзі көкірегімді оятады: «Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не деп таниды?» деген ойын өзіме серік ете отырып, Аралдың әлемдік деңгейге дейін қалай көтерілгенін, қандай сатылардан өткендігін ой елегінен өткізсем...

Алып теңіз дүние жүзіндегі ең ірі көлдердің ішінде үшінші орын алады. Әдетте, Аралды «теңіз» деп атайды, бірақ ол теңіз емес, көл. Арал теңізі, өзінің көптеген түбектерімен қоса алғанда, 65000 шаршы км жерді алып жатыр.

Бұл аумақ Голландия мен Белгияны қоса есептегенде, бұлардың жер көлемінен әлдеқайда асып түседі. Теңіздің ұзындығы 500 км, ал ең кең ені 300 км, теңіздің орташа тереңдігі 23 м/ге жетеді, бірақ кеме Орынбор жағалауына қарай Чернишев шығанағына бет алғанда, оның тереңдігі 70 м/ге дейін тереңдейді.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км³, тереңдігі – 30 -60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Арал теңізінің сұлулығына тек Эгей теңізі ғана таласа алатын.

Аралдың суы мөп-мөлдір, көкпеңбек болып тұнып жатады деседі. Суға 5 теңгені салып жіберсең, оның су түбіне қалай барып шөккенін еркін көруге болатын.

Міне, осындай мақтасаң сөз жетпейтін, алайда қазірде әлемдік проблемаға айналған Арал апатына себеп болған факторлар мыналар: 1. Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
2. Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
3. Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейту; 4. Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; 5. Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Азия материгінің аса ірі екі өзені – Амудария мен Сырдария мен осы Арал теңізінің аса бағалы байлығы – балығында. Аралда балықтың 20-дан астам түрі болған. Оның ішінде аулауға жарамдысының саны- 12.

Сазан, бекіре, қаяз секілді балықтар еті құндылығы жағынан өте бағалы болып келеді. Арал теңізінде дүние жүзінде ең сирек кездесетін балық та бар. Ол балықтың аты – скафирингус.

Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелденген.

Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды.

Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Арал теңізінің болашағы дүние дүзі халқын толғандыруда. Оның біржолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқулар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде.

Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын орынсыз пайдаланудың салдарынан тұтас бір аймақтың экологиялық тепе-теңдігі бұзылды. Соңғы жылдары Арал суы күрт төмендей бастады. Әсіресе, балық деген жәндік өте сезімтал, су бір елі азайса, одан жаппай көше бастайды.

Міне, бұл жәйт те Арал теңізінен көрініс тапты. Оған қоса, ғалымдар келтірген деректер бойынша, Арал жағалауындағы тұз ауаға көтеріліп, төңірегіндегі құнарлы жерлерді тұзды өңірге айналдыруда.

Суда тұз мөлшерінің шектен тыс көбеюінен теңізді мекендейтін балықтардың, құстардың көптеген түрі жойылуға шақ. Қазір бұл өңір экологиялық апат аймағына айналуда. Көз алдымызда табиғаттың інжу-маржаны – Арал құрып кету қаупінде...

Жер бетіне көрік берген Арал тарихта ерте кезден белгілі. «Арал теңізі» деп аталуы Әмударияның құяр сағасын мекендеген елге байланысты деген дерек бар. 1870 жылдары Орталық Азиядан Орынбордағы Меновой сарайына қарай керуен тартатын еді. Қазіргі Арал қаласы тұрған жерде Мяконьков деген көпестің бекеті болатын. Бұл жер сол кезде «Алтықұдық» деп аталатын.

...Өткен ғасырдың бас кезіндегі Арал теңізінің шаруашылықтағы алатын орны қандай еді?

Солтүстік Бөген балықшылары мен жұмысшыларының ревлоюциядан кейін Поволжье халқының басына ауыр күн туғанда В.И.Ленин 1921 жылы 7 қазанда Арал балықшыларына хат жолдап, ашыққандарға көмек көрсетуін өтінген.

Бөгендіктер телеграмманы алысымен 24 сағаттың ішінде 14 вагон балық жөнелткен. Сол кездері балық өндірісінің өркендеуіне үлес қосқаны үшін 1960 жылы Жоғарғы Совет Президумының Жарлығымен Ұштап Өтеулиеваға Социалситік Еңбек Ері атағы берілді.

Аштықтан ісіп жатқан шалдар мен кемпірлерге, құр сүлдері қалған аш 8 миллион еңбеккерге, ақыр соңында, қырылуға аз қалған 7 миллион балаға көмек қолын созған, қайран Арал! Жалпы, Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті.

Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті.

Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды.

Оның негізгі себептері мақта және күріш өсіру үшін жұмсалған, ысыраппен пайдаланылған су мөлшері. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды.

Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Қазіргі Арал мүлде бөлек кейіпке енді.

Сөз арасында Аралдан шыққан алыптарды тілге тиек еткім келеді. Бұл күнде еңбек ерлерінің ескендерін бұл мақалаға тізбектей берудің артықтығын сезіп отырмын. Әрине, жас баладан, мектеп партасындағы оқушылардан бастап, қарияларға дейін олардың есімдері белгілі.

Десе де, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясымен әлем оқырмандары таныс екендігін атап өтудің артықтығы жоқ. Кітап желісінде сипат алған Арал теңізі мен қазіргі суы жоқ жетім теңізді салыстыруға келмес әрине.

Ал, композитор М.Сыдықов еңбектері Арал теңізін одан ары өркендеткені өтірік емес. Теңіздің бірде бір перзенті үлессіз қалмағандының айғағы осы емес пе. Бұлардан өзге «Әл үстіндегі алыптар» атты Аралдың тағдыры сипатталған туынды XX ғасырдың орта тұсында эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатаровтың 60 жылдық мерейтойына байланысты алуан табиғатты хаттары жазушы қағаздарының арасынан табылған еді.

Эпистолярлық жанрға жататын Сайлаубай Жұбатаровтың шығармашыл хаттары сол кездің өзінде өз алдына бір төбе болатын. Аралдың әл үстінде екендігін жазушының өз сөзін тыңдаған едім, енді сол «Каспий Азов» арасына алып арна тарту идеясын хат түрінде жазғым келеді.

Ақыры міне, ТМД серкелеріне тастаған сол бір ілгері ұсыныстан, осы ойда жүрген әдемі ниет үндесіп, жанданды. «Кіші Арал» сүргінінде жазылған хаттардың ішіндегі ең жүрегіме жақыны Жұбатаровтың Жак Ив Кустоға жазған хаты.

Жак Иван Кусто Мұқаммед Әли, Майкл Джексон, Тайсон секілді әлемге әйгілі бапкерлер сияқты Ислам дінін жасы ұлғайған шағында қабылдаған адам.

«Франция-Париж» деп басталатын бұл хатта жерлесіміз эколог С.Жұбатаров жиһанкез мұхит зерттеушісі Кусто мырзаға фантастикалық бағытта Арал теңізінің қасіретін тебірене жеткізген.

«Мұхит әкеміз әл үстінде, Арал өлім халінде! Алас тағдырлы бұралқы өлім. Бұл жағдайсыз үкімі кешегі күндері бүкіл әлемдік жанталаса қарулану «Мақта тәуелсіздігі», «Күріш молшылығы» деген уәж ұрандарымен бүркемеленсе, соңғы кездерде салғырттық, «дүниеқоңыздық» кедергілерінен тамыр тартып жатқан сыңайлы.

Теңіздер, мұздықтар, ормандар, көгал шұраттар, тропиктер проблемадан алыс, сенімді, қамсыз күйде өмір сүріп жатқан сыңайлы. Әйтсе де ол игіліктерді Шадат патшаның пейішінің дуалымен қоршап қоя алар ма екенбіз?!» деген жазушы ары қарай өз ойын Қазақстанның Қазығұрт тауының төбетіндегі Нұх Пайғамбар кемесі жатқанын, сол бағзы замандағы топан су басқан жерде киелі кемені жанды бейнелі аңыз, әпсаналардың көп екенін тілге тиек етеді.

Бұл жер өркениет ақырының бастауы боп жүрмесін деген үрейдің ойдан кетпейтінін де қынжыла баяндайды. Қызық, сонау өлі планетаны бір заманда, бар болғаны кәдімгі су басып кеткен деседі ғой. Ал Аралға сол топан судың жүзден бір бөлігін ғана сыйласа, көңілдері теңізді аңсап жүдеген халық үшін мұның өзі зор қуаныш болар ма еді, әттең?!

«Арал өлді, оны тірілтейік!» деп айқай шу көтеріп, ынтасыз даурықпаға жел берген жасаушы қимылдан гөрі теңізді қалпына келтірудің нақты жолдарын іздестірген жөн. Арал жай бұғып жатқан жоқ. Ол қойнауына мұнай мен газдың мол қорын қымқырып, бұғып жатыр.

Оған дәлел, соңғы жылдағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған 200 миллиард тонна мұнай қоры. Сондай-ақ, Арал жағалауының Солтүстік батысынан көмір, минералды бояулар, пигменттер, теңіз табанынан жақұт, Жақсықылыш тауынан сульфатты Көлсұлу тас кеніші табылды.

Ендігі орайда өзімнің туған жерімнің экологиялық сырына тоқталып, қырын ашып көргім келеді. Өз билігі өзінде, дербес шешім қабылдауға машықтанған шетелдіктер үрдісі Арал аймағы адамдарына оң әсер қалдырды.

Волонтерлардың ақы-пұл дәметпейтін қоғамдық белсенділігі Аралдың отты жастарына қозғау салды. Біріккен Ұлттар Ұйымының жобаларды қорғау орталығының Арал филиалы ашылды. Жаңашылдық жалаугерлері даралана бастады.

Жобаны ұсыну, қорғау үшін өміршең идеяларды қуаттап, жүзеге асырылуы тиіс тірек проблемелар шаш етектен болатын. Озық ойлы патриоттар туған өңірге септігін тигізуге құлшына ат салысты.

Ақиқатын айту керек, БҰҰ-ның Аралдағы өкілдері теңізінен айырылған өлке жұртшылығына жанашыр пейілмен нақты қадамдар жасады. Алғашқылардың бірі болып Арал теңізін Түркия азаматы, ғалым Туркер Алтан зерттеген болатын. Ол экологиялық салдардың әлеуметтік шешімін табуға талапкерлердің көзін ашты.

Шағын кәсіпкерлік ұғымын қалыптастырып, несие алу жолдарын нұсқады. Сол кездерде ашылған жүн түту, аяқ киім жөндеу, қонақ үй қызметін ұсыну тәрізді кәсіпкерліктер қазірдің өзінде жалғасын тауып, нақты жоспармен жұмыс жасауға төселді.

Арал өңірі ғана емес, бүкіл республика, Орта Азия мемлекеттері арасында Даниядағы «Тірі теңіз» қоғамы арқылы Аралда қалған балық кәсіпшілігіне нәр жүгірткен, өлі теңізге жан бітірген батыл бетбұрыстардың маңызы өз алдына бір тарих.

Арал теңізінде камбала аулау арқылы балықшыларды ата кәсібіне оралтуды мұрат тұтқан даниялық теңізші Курт Кристинсеннің есімі әлі күнге дейін әлем жанашырлары арасында құрметпен аталады.

Жоғарыда сөз болған жәйттердің негізгі түйіні Жер-Ана әлем елдеріне ортақ, оның бетінде болатын табиғи ауытқушылық көгілдір планетаны мекен етушілердің бәріне бірдей зардабын тарттырады. Оған жанды мысал көз алдымызда суалып бара жатқан Арал теңізі.

Өйткені, әлемді апатты жағдайда біріктірген теңіз Үндістан шай алқаптарын басып қалғанын айтпағанда, мұхит асып барып, Американың экологиясын да бүлдіріп жатқандығының өзі-ақ, табиғатқа «менікі – сенікі» деп елге, мемлекетке бөліп қарауға болмайтындығын байқатты.

«Арал тағдыры – адам тағдыры» екендігін естен шығармауымыз керек. Айта кеткенім жөн болар, мен де Арал топырағында дүниге келген «теңіздің» бір перзентімін. «Теңіз перзентімін» дегенім өзіме де ерсілеу естіледі, амал қанша.

Осы сөзді мақтанышпен айтар күн туар ма? Қазірдің өзінде өзге қаланың немесе елдердің тұрғындары Арал теңізінің жергілікті халқын өзге ғаламшарлықтай таңырқайтынын жиі кездестіремін. Әрине, Аралды бүкіл әлемнің танитындығы, білетіндігі мені қуантады.

Бірақ, мен әлем халқы Арал теңізін «экологиялық қауіпті аймақ, ақыр заман ордасы» деп емес, басқалай жарқын жетістіктерімізбен таныса деп армандаймын. Кішкене кезімде әкем теңізді сипаттап берген болатын.

Бұрын көрмегендіктен мен теңізді өлеңмен өрнектеп, жадыма тоқығанмын. Әлем таныған Арал теңізіне деген сағынышымды келесі өлең жолдарына сыйғыздым:

Арал. Мұражай. Ақ кеме.
Сабақтан соң үйге қайтпай әуелі,
Ақ кемені аралауға құмармыз.
Мұражайы, әткеншекті алаңы,
Ойнап, күліп құмардан бір шығамыз.
Ақ теректер жайқалады көз тартып,
Спорт сүйер қауымға бар кешені.
Сол алаңның орынында қалмапты
Аралымның ақ толқыны кешегі.
Үйге кеш кеп, әкеме айттым қуана:
«Мұражайды араладық армансыз.
Аралымның өткеніне қанықтым,
Көз тартатын түрлі заттар бар сансыз.
Ақ кемені мұражай қып қойғаны,
Қандай жақсы, көрікті әрі жан – жағы.
Бір кездегі көркем сұлу теңіздің,
Осы ақ кеме емес пе бір жұрнағы?»
Дәл осы сәтте мұңайды әкем жанары,
Алып – ұшқан көңілім де пәсейді.
Аралымның сорларындай бозарған,
Ақ аспан да барлап тұрды әкемді.
«Балалығым өткен туған жерімнің,
Ақ тозаңы аспанға ұшып сор болды.
Бір кездегі теңіздің ерке көлігі
Мұражайға айналып, әне, қор болды.
Жағалауды сүйіп жатқан толқыны
Бала шақтың естелігі боп қалды.
Көк теңіздің құрғағанмен табаны,
Ел есінде ескірместей сақталды».
Солай әкем іштей мұңын ақтарып,
Көкжиекке көзін тікті ойланып:
«Арал халқы үміт жібін үзбестен,
Кіндігімен қалған елге байланып».
Әкем сөзі көңіліме ой салды.
Ақ кеменің хәлін сонда ұғындым.
Толқын сүйген тұмсығын күнге төсеп,
Тұрған кеме ахуалына күйіндім.
Арал!Арал!
Оралшы тез қайтадан!
Ақ кемелер жүзсін алыс елдерге.
Мен тұрайын жағасында қол бұлғап,
Асау толқын тасып тұрсын кемерде!


Ақтолқын СӘДІБЕКОВА
11-сынып оқушысы
№260 орта мектеп
Қызылорда облысы
Арал ауданы
Жетекшісі: Аида Кемалова
Просмотров материала: 7 564

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 619 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 444 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 381 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 337 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 450 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031