26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аралды бірге аралайық!

28 апрель 2018, 8:36
Арал есімі теңіз бейнесінде естеріңізде қалғаны рас. Қазірде теңізден қол үзіп қалған бұл шаһардың ахуалы нашар деп айтуға да келмес. Себебі, басшылықтың назарына іліккен бұл аймақ қазіргі таңда туристік саяхат жасауға жарап-ақ тұр. Ал, ендеше кеттік, Аралды бірге аралайық!

Құлақта шуылы ғана қалған теңіз кетерінде «күт мені» деген болатын. Күтудеміз әлі, бір келер әйтеуір. Кеше ғана «Кіші Аралға таяп қалдым» деген еді. Жетіп қалған шығар?! Ол келгенше “Ақ Жайық” аталатын айтулы жүрдегіңізден түскен бойда сізге Аралды аралатайын.

Арал қаласын алғаш көргенде қаранар қаламгердің “Қан мен терін”, сосын, әрине, “Соңғы парызын” және солардың әуенін сезінерсіз. Вокзалдан шыққаннан кейін Балықшылар алаңын байыптап, Ақ кеме ескерткішіне аңтарыла қарайсыз. Ақ кеме Ақтаудың атақты мәрмәр тасынан жасалған.

Біресе қанатты балық секілді, біресе бағзыдағы Арал балықшыларының аруақ туы сияқты, біресе бүгінгі армандар айдынында желкен керген кеме секілді мағыналар іздегіңіз келеді-ай. Енді орталыққа қарай өтейік. Мұнда сізді ертегі әлеміндегідей әсем көрініс күтеді.

Шаһарымыздың түнгі жарығына талаурай толықсыған ай мен шоқ-шоқ жұлдыздардың сүт сәулесі қосылған. Аралымыздың Орталық алаңы ертегілерден елес беретіндей.

Тулаған балықты құшақтаған Балықшы ескерткіші, Барсакелместің бір белгісіндей Құлан ескерткіші ерекше көрінеді. Әсіресе, түнде. Осыдан бес жыл бұрын екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстан оралмаған аралдық алты мың боздаққа арналып, аты-жөндері жазылып, “Тағзым” мемориалы жасалған болатын.

Биыл Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында кешен қайта жаңғыртылды. Батыр аналарға және ауданның Құрметті азаматтарына арналған аллеялар да үйлесімді. Түнгі Аралымыз түрлі-түсті фильмдей әсерлі әрі сырға толы.

Аралымыздың аумағында жиырма жеті жерде үлкенді-кішілі сор басқан алаңдар ағараңдап, дауылды күндері тұзды шаң борататын еді. Соңғы жылдары сол сорларымыздың саны біршама кеміді. Бір сордың орнына Тәуелсіздік алаңы салынды.


Екінші сордың орнында №262 мектеп-гимназияның ғажайып ғимараты бой көтерді. Үшінші үлкен сордың Жалаңтөс баһадүр атындағы спорттық сауықтыру кешеніне айнала бастағанын көрсеңіз таң қаларыңыз анық. Шынында да шаттанасыз.

Спорттық сауықтыру кешенін көрсеңіз, сергектене серпілесіз. Кеудеңізді мақтаныш кернейді. Аралдың келешегіне үміт артасыз. Сенесіз. Жалаңтөс баһадүрдің еңселі ескерткіші рухыңызды биіктете түседі.

Испандық технология бойынша жабдықталған жабық жүзу бассейнін, зау-зәулім залдарды, заманауи спорт құралдарын, жасанды көгал төселіп, жасылды-сарылы орындықтары текшелене тізбектеліп үлгерген кең көлемді футбол алаңын көргенде ше, қалайша қуанбайсыз?


Кереметтей кешеніңіз күз басында аралдықтар игілігіне беріліп, шаһарыңыздың көркін арттыра түспек. Қиялау тұстағы қияңқы сорды білдірмей жіберген және бір бедерлі құрылысыңыз – №262 мектеп-гимназия ғимараты. Теңіздің ендігі бір сор орнында №260 орта мектебі бой көтерді.

Вокзалға жақындау орналасқан бұл мектептің жанында «Арал» мейрамханасы бар. Іші соңғы үлгідегі жиһаздар мен техникамен жабдықталған мейрамханаға келсеңіз армансыз демалып қайтарыңызға кепілдік беремін.

Шаршадыңыз ба? Онда мейрамханадан шыға бере дәл алдыңызда орын тепкен «Арал» қонақүйіне шақырамыз. Бірақ, асықпаңыз. Саяхатымыз әлі біткен жоқ.


Солға қарай өтейік. Мінекиіңіз, Тарас Шевченко атындағы ескі, ежелгі мектеп үйінің жанынан өтіп барамыз. Мұнда кемеңгер суреткер Әбдіжәміл Нұрпейісов, кезінде республика Үкіметін басқарған Ұзақбай Қараманов, Балық шаруашылығы министрі болған Құдайберген Саржанов оқыпты.

Тәуелсіздік алаңы айналасы атшаптырым сордың орнына орнапты. Биіктігі жиырма бір метр тұғырдың төбесінде атқа мініп, жорыққа шыққан сақ сарбазының бейнесі зораяды.

Теңіздің қалдығындай қоймалжың көлшік пен ағараңдаған тұзды соры кеберсіген кезеңнен сәл-пәл алыстау дөңесте осы заманғы әп-әдемі ғимарат тұр. Бұл – “Атамекен” балық өнеркәсібі” ЖШС. “Атамекен-Холдинг” қаржылық-өнеркәсіптік тобының қолдауымен салынған.

Ары қарай ғашықтардың ескерткіші манаурап көз тартады. Бұл не деймісіз? Бұл – жақында ғана бой көтерген «Қыз Жібек пен Төлеген» ескерткіші, ал жанындағы жаңа Мәдениет үйі.


Мұнда көбіне маңызды іс-шаралар мен жиналыстар өтіп тұрады. Біразына қатысып та көргенмін, ғимараттың мінсіз көрінісі көз тоярлықтай деп айта аламын.

Одан ары орталықтағы «Батыр Ана» ескерткішіне барамыз. Емін-еркін кешкі серуенде балалық еске түседі. Ал бұл шешімі жоқ мәселе емес. Аралда «Үлкен ойын алаңы» бар. Жанында тамақтанатын «Prime» деп аталатын дәмхана да бар.

Одан шыға бере есіме енді түсіп жатқаны, Орталық музей мен Бассейн алаңы. Осындай керемет саяхаттауға тұрарлық жерді сіз ешқайдан таппайсыз. Музейдің сыртқы бейнесінен бөлек ішкі көрінісі тіпті қызық: көне жәдігерлер, балықтың қатырылған сувинирлері, неше түрлі бағзы заманның естеліктері.


Құдды баяғы заманға өтіп кеткендей әсер қалдырады. Кезінде Арал жұртына Лениннің 14 вагон балық сұрап жазған хатын да осы жерден кездестіресіз.

Ал енді айтыңызшы, осындай тарихы шежіреге толы, әр дүниесі бір тарих болатындай киелі қаланы қайдан табасыз?

Кемелердің жанында саяхаттау ұнайтын болса, Аралға келіңіз! Жылы жүзді қонақжай халықты көргіңіз келсе, Аралға келіңіз! Әлемнің сегізінші кереметін көргіңіз келсе, Аралға келіңіз! Біз тек қуанамыз...


Ақтолқын СӘДІБЕКОВА
11-сынып оқушысы
№260 орта мектеп
Қызылорда облысы
Арал ауданы
Жетекшісі: Аида Кемалова
Просмотров материала: 4 442

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 295 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 115 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 029 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 013 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930