20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жас математик Ақназар Қажымұрат уақытты тиімді пайдалану керек дейді

25 апрель 2018, 5:56
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болар еді,» - дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Расымен де, ел болашағы - жастардың қолында. Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалап, оның қырандай самғауына ықпал ететін де - жастар.

Кезінде " Мен жастарға сенемін!" - деп Мағжан Жұмабаев атамыздың ұран тастауы да тегін емес шығар. Бүгінде Бабалар көшін жалғаған Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі жастар өздерін ғылым-білім салаларында жан-жақты көрсетуде.

Сондай жастардың бірі – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «О» сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат. Жас физиктер мен математиктер арасында Ақназарды білмейтіндер, ол жайлы естімегендер жоқ шығар.

Өткен жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Пекин қаласында «S.-T. Yau High School Science Awards» халықаралық жасөспірімдер арасындағы ғылыми жобалар жарысының соңғы кезеңі өткен еді. Әлем оқушылары арасындағы ең қиын бәсекеде Қытай, АҚШ, Сингапур және өзге де мемлекеттердің қатысушыларын артта қалдырып, Ақназар алтын жүлде иегері атанып, қанжығасы майланып қайтқан болатын.

Бұл - Ақназардың үлкен жетістіктерінің тек бір бөлігі ғана. Біз болашағының кірпішін қазірден қалап келе жатқан Ақназармен сұхбаттастық.

- Ақназар, сіздің физика және математика ғылымдарына деген қызығушылығыңыз қашан және қалай басталды?

- Математика ғылымына мен Э.Т.Беллдың « Математика ғалымдары» («Творцы математики») кітабын оқығаннан кейін қызыға бастадым. Ал, физикамен нақты қашан айналыса бастағаным есімде жоқ.

Табиғатта болып жатқан жағдайларды түсіндіру үшін нақты заңдардың болуы мен үшін қызық болды. Сол себепті, физиканы оқи бастадым. Оқыған сайын физика мен математикаға деген қызығушылығым арта түсті. 


- Сіз танымал жарыстар мен олимпиадаларда жеңімпаз атандыңыз. Мысалы, Қазақстандағы нағыз мықтыны саралайтын «Жәутіков» және «Эйлер» олимпиадалары мен беделді «Новосібір» олимпиадасына қатыстыңыз, Қытайда халықаралық жарыста және Джакартада алтын алқа иеленген болатынсыз. Осы жарыстар барысында қандай қиындықтар мен кедергілер болды?
 
- Негізінде, физика жайлы кітаптардың көп болғанына қарамастан, олардан тиімді әрі нақты мәліметтерді табу қиыншылық туғызрды. Ол мәселелерді тәжірибелі олимпиадаға қатысушылармен араласу арқылы шеше бастадым.

Сондай-ақ, қазір бірнеше НЗМ-терінің физика пәні бойынша олимпиада тобы physics.nisolymp.kz сайтын дамытып жатыр. Онда олимпиадаға қатысушы жастар өздеріне қажетті кез-келген ақпаратты таба алады.

- Шет елдерде жүріп, шетелдік білім жүйесімен танысқан боларсыз. Ендеше, өз еліміздегі білім беру жүйесіне қандай баға берер едіңіз?

- Шынымды айтсам, Қазақстанның білім беру жүйесінде не болып жатқанынан хабарым аз. Бірақ білерім, ғылымның кейбір салаларында М.Өтелбаев, С. Дурвудхан және А. Жұмаділбаев сынды мықты ғалымдар өз білімін жастармен бөлісуде. Сол кісілерге алғысым шексіз.

- Ақназар, сіз еліміздің білім беру жүйесіне өз үлесіңізді қосар ма едіңіз? Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай? Ғ. Мұстафин атамыз "Арман деген көп белес, біріне шықсаң, бірі бар" дегендей, болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

- Менің бірінші арманым - жоғарғы оқу орнының математика факультетіне түсіп, кейін сол мамандығым бойынша доктарантураны бітірсем деймін. Ал, өмірлік ұстанымым жайлы нақты ойланған емеспін, бірақ адалдықты жақсы көремін.

Ешкімге зияным тимесе екен деймін, біреуге қиянат жасағанды жек көремін. Енді болашаққа деген жоспарым туралы айтатын болсам, ғылымға өз үлесімді қосып, Қазақстанның ғылым орталықтарының дамуына септігімді тигізгім келеді.

- Сұхбатымыздың соңында, Ақназар, өз замандастарыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

- Мен оларға кеңес беру үшін әлі тым жаспын және тәжірибем аз деп ойлаймын. Сол себепті, жай ғана «ӨЗ УАҚЫТТАРЫҢДЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЙ БІЛІҢДЕР» дегім келеді.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Алуа КЕҢЕСОВА
11 «С» сынып оқушысы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Алматы қаласы
Жетекшісі: Саягүл Смагулова
Просмотров материала: 2 969

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 721 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 544 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 512 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 446 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 430 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 746 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 449 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930