19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкенттік мұғалім бір жылдан бері директормен соттасып, әділдікке жете алмай жүр

23 апрель 2018, 13:45

Фото: azattyq.org
Шымкенттік мұғалім Гүлжан Сәлімбаеваның мектеп директорымен соттасып жүргеніне біраз уақыт өтті. Ол өзін мектеп басшылығы міндетіне жатпайтын жұмысқа тартып, ақыры жаны да, тәні де жараланғанын айтып келеді. «Мансұқ етті» дейді. Мектеп басшылығы әрине, бәрін жоққа шығарады. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұл тек Гүлжан ғана емес, жалпы еліміздің барлық мұғалімдеріне қатысты мәселе.

«Мұғалімдер қанаудан құтылулары керек, ал қазіргі таңда мектеп ұстаздарының кез-келген тапсырмамен жүгіретіні белгілі нәрсе», дейді азаматтық позициясы берік азаматтар. Дегенмен қозғалыс байқалады – «қазір ұстаздар бұрынғыдай емес, өз құқығын қорғауға дайын және оларға көмектесеміз деген азаматтық қоғам да бар».

Бұл жолғы сот осы сәрсенбіде басталды. Шымкенттегі № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева былтыр көктемде сенбі, сабағы жоқ күні мектеп басшылығының міндетіне жатпайтын жұмысқа шақырғанын, бармай қойғасын, бармай қойғанда, анасы ауырып, ауыл жаққа кеткендіктен, әбден ұрыс естігенін айтып, “жан да, тән де азабына түскенімді дәлелдеймін” деп жүр.

«Істі тікелей ашатын 37 куәгердің тізімі көрсетілген өтініш хатымызды қабылдамады. Онымен қоса, тағы да бірнеше өтініш хаттарымыз қабылданбады. Олар толық зерделенбеді, зерттелмеді. Өкінішке орай, осы сот барысында мен өзім тікелей басты сот отырысына қатыса алған жоқпын. Себебі мен ауруханада ем қабылдап жаттым. Осы ем қабылдап жатқан сәтте шешім шығарылып қойған. Мен сол шешіммен келіспегендіктен енді апелляциялық шағым жазуға мәжбүр болып отырмын», – дейді № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева.

Директор мен қарапайым мұғалімнің соты былтыр жазда басталған. Ол кезде оны сотқа мектеп директоры мен оның екі орынбасары берген еді. «Ар-намысымызды таптады» деп, тіпті оқытушыдан 6 млн теңге өтемақы өндіруді талап етті. Іс әуелі Еңбекші аудандық сотында, кейін Абай аудандық, одан соң Әл-фараби ауданының соттарында қаралған.

Үшеуіне де шағымданған - мектеп. Бірақ олардың талап-тілегін сот қанағаттандырмай тастады, - дейді Гүлжан. Ал қазір сотқа арызданушы Гүлжанның өзі. Ол әлі сабақ пен сотқа қатар барып жүр.

-Басшыларым қайта-қайта мазалап, сотқа бере бергеннен соң, құқығымды қорғау үшін осыған мәжбүрмін, -дейді мұғалім. Ол да өтемақы талап етіп отыр. Тек директоры мен екі орынбасар сұрағандай 6 млн теңге демейді.

«Бұл сотта мен 2017 жылдың 4-12 сәуір аралығында мұғалімдерді, яғни оның ішінде мен де бармын, міндетімнен тыс жұмысқа жеккенін анықтау және солжұмысқа жеккені бойынша моральдық шығын өтеу. Мен он күнге 10 мыңнан 100 мың талап етіп отырмын», – дейді № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева.

Айтпақшы, Гүлжан тек мектепті ғана сотқа бермепті. Жауапкерлердің тізімінде Білім және ғылым министрлігі де жүр.

«Міндетімнен тыс жұмысқа «жегіліп», директордан қысым көрдім» деген мұғалім өз сөзін дәлелдеуге бекінген. Бірақ сот барысында талапкер мен жауапкер тараптың тартысы қатты болды. Тіпті сотқа дәлел ретінде келтірген бірінің айғақтарын екінші жақ «қолдан өзгертілген» деп бет бақтырмады.

Мұғалімнің медициналық сақтандыруға байланысты “үй аралап толтырдым” деген тізімін мектеп директорының екі орынбасары жоққа шығарып, “телефон шалып сұрағанымыз сайлауға жасалған тізімдер еді”, деп ақталды.

«Сол күні сайлау учаскесінің тізімі керек болды. Тікелей осы кісі жауап бергендіктен осыған қоңырау шалып, осы кісіден сұрадық. Ол кісі ол тапсырманы бізге бере алмады. «Үйге, ауылға кетіп бара жатырмын»,- деді. Мен қайтпаймын, келе алмаймын деді. Келгеннен кейін енді жауапкершілік болу керек қой, неге сіз келмедіңіз, неге тапсырмадыңыз деген ойда АКТ түзілді. Түсініктеме алынды. Бірақ оның ешқандай шара қолданылмағаннан кейін заңды болған жоқ, ол», – дейді № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Айжамал Қозыбекова.

«Әкімшіліктен болсын, сайлау комиссиясынан болсын, Сәлімбаева сайлау комиссияның мүшесі болсын, орынбасары болсын, бұл мұғалімнің негізгі жұмысына кіретін міндет емес!» – дейді Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Маржан Аспандиярова.

Алайда жауапкер жақ өз дегенінен қайтпады. Мектеп өкілінің ойынша, талапкердің сот алдына қойып отырған уәждері негізсіз.

«Еңбек кодексінің талабы, әдеп кодекстері бұзылды» деген уәж келтіреді. Бірақ № 38 мектеп тарапынан ешқандай заң талаптары немесе әдеп кодексінің талаптары бұзылған деген уәждері негізсіз деп есептеймін», – дейді № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназияның өкілі Нұрдәулет Мұсақұлов.

Дегенмен мұғалімдікі «өтірік емес» дейтіндер бұл істің тек Гүлжан ғана емес, басқа да барлық мұғалімге қатысты екенін айтады. Ұстаздар «құлшылықтан» азат етілуі керек, – дейді заңгер Маржан Аспандиярова.

«Бұл тек қана Гүлжанның ісі емес, жалпы Қазақстанның мұғалімдеріне, Қазақстан ұстаздарына азаттық керек. «Құлшылықтан» құтылу керек мұғалімдер. Ал қазіргі таңда мектептің ұстаздары бала оқытумен емес, кез келген тапсырмамен жүгіретіні ол белгілі нәрсе. Ел назарын аударған сотқа бұл аптада нүкте қойылмады. Сот алқасы келесі жұмаға дейін үзіліс жариялады. Оған дейін екі тарапты бітімгершілікке келуге шақырды», – дейді Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Маржан Аспандиярова.

Сот процесінде екі тарап та бітімгершілікке келуге қарсы еместіктерін айтып жатты. Бірақ… Бірақ ертеңгі күні Гүлжан Сәлімбаеваны түртпектемейтіне кім кепіл? Мектеп басшысының атынан сөйлегендер сендіруге тырысқанмен мұғалімнің көңілі күпті.

«Біздің бір бірімізге деген өкпе-назымыз бар, әрине. Олардың бәрі шын мәнінде шынайы түрде шешілетін болса, алдағы уақытта мен татуласамыз деп ойлаймыз. Ал егер олай шешілмейтін болса, сот процесі жалғасады. Менің қаупім - алдағы уақытта маған қолайлы жұмыс жасауыма мүмкіндік береді дегенге күмәнім бар», – дейді № 38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева.

Дегенмен сен қозғалғандай. Гүлжан жұмыс істейтін мектеп былтырдан бері жоғарыдан берілетін «үй аралау» тапсырмасын сап тиыпты. Мұғалім осыған қуанамын деді.

«Септігі тиді деп ойлаймын. Өйткені басқа, іштегі менің қатардағы әріптестерім барлығы қуанып, «Егер сен болмағанда біз тағы аралайтын ба едік?! Биыл үй аралау, тұрғындардың тізімін, ол жердегі баланы есепке алу, биыл оны да біз атқарған жоқпыз. Мүмкін сенің арқаң болар" деп маған өздерінің алғыстарын айтып жатыр», – дейді Нұртас Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкентте директордың түнге дейін қара жұмысқа салғанын айтқан мұғалімді әріптестері ұрып тастағанын хабарлаған едік.
Просмотров материала: 3 675

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 643 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 465 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 434 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 369 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 350 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 717 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 374 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 274 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 425 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930