25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жас қазақ" ұйымын құрған ұлтшыл жастың бірі – менің атам еді

23 апрель 2018, 9:15
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Мәди Бапиұлы


Қасиетті Қарқаралы жерінің үш мың жылдық тарихы бар, қаншама ұлы тұлғаларды, данышпан, батыр, ғалым, күй аталары мен жырауларды дүниеге әкелген киелі жер.

Сонау 1824 жылы Қарқаралы болып, іргетасы қаланған, өзіндік баға жетпес тарихы бар, қазақ ұлтымыздың маңдайына біткен игі жақсыларының мекені. Қазақ ұлтының дамып, ел болуына, керегесі кең, терезесі тең мемлекет болып қалыптасуына қосқан үлесі ұшаң теңіз.

Қарқаралы ертеден-ақ бүкіл қазақ елінің саяси-мәдени және экономикалық орталықтарының бірі болғаны белгілі. Осы тұрғыда 1848 жылы атақты Қоянды жәрмеңкесі арқылы Қытай сияқты ірі мемлекеттермен саяси-экономикалық көпір орнатқанын білеміз.

Ежелден ерекше әсем табиғатымен танымал Қарқаралы өңірі - үш жүзге билік айтқан қаз дауысты Қазыбек, Кенже би, Тәттімбет, Шөже ақын, Мәди Бәпиұлы секілді елдің рухын көтерген көсемдер мен сөз бастаған шешендердің, данышпан, ойшылдар мен ғұлама ғалымдардың, ірі мемлекет қайраткерлері мен асқан өнер шеберлері, ақындар мен батырлардың мекені.

Елім, жерім деп жанын берген қазақ ұлтының көшбасшы көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ақбайдың Жақыбы, Нығмет Нұрмақов сияқты ұлт жанашырларын қалай атап өтпеске. Сонымен қатар, дауылды күні қара бұлт қаптаған аспанда найзағайдай жарқ еткен, жасын отындай ағып түскен дауылпаз ақын Қасым Аманжолов - осы киелі өңірдің перзенті.

Сондай-ақ түрік тілдес, исі мұсылман халықтардың ішінен алғаш топ жарған батыр, сынақшы, ғарышкер жерлесіміз Тоқтар Әубакіров атамыз да осы Қарқаралы топырағында дүниеге келгенін мақтан етеміз.

70 жыл бойы имандылықты үндеп, насихаттап, мешіт салғызған Құнанбай қажы, Абай өткен замандағы Қарқаралы келбетін өшпестей етіп бейнелеген кемеңгер Мұхтар Әуезов, қазақ тілі ғылымының бастауында тұрған Ахмет Байтұрсынов, ұлы Шоқан Уәлиханов, адамзатты жаппай қырып-жоятын жойқын атом жарылысына алғаш рет қарсы дауыс көтерген академик Бақия Атшабаров, ұлы бабамыз Әл Фарабидің зерттеушісі Ақжан Машани сынды қасиетті тұлғалар ұшар басын күн сүйген ерек шыңдардай көз алдымызда жарқырап тұрады.

Қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы медицина ғылымының докторы Гүлбаһрам Тарабаева. Асқақ тенорымен күміс көмей әншілеріміз, алтын дауыстарымен жүрегімізде қалған Әміре, Әсет, Жүсіпбек Жанақ пен Нарманбетті, актер, режисер Қалибек Қуанышбаевтар болса, кейінгі буын апаларымыз Бибігүл, Шолпан Жандарбекова, Рақима Қойшыбаева мен Мақпал Жүнісова сияқты өнер таланттарын мақтан тұтамыз.

Осы қасиетті Қарқаралы жері туралы айтылып, жазылып отырғанда әрине менің атам жазушы, журналист Мақсым Омарбекұлы туралы қалай атап өтпеймін. Кейінгі буынға мұра ретінде қалдырған жеті кітаптың және он шақты жинақ кітаптарының авторы.

Атам сонау 50-жылдары 9-сынып оқып жүргенде қылышынан қан тамып тұрған кеңес үкіметінің саясатына қарсы шығып, «Біз неге өзіміздің қазақ тарихын оқымаймыз?» деп үндеу тастаған. Өзінің басын қауіп-қатерге тігіп, сыныптастарымен бірге "листовкалар" таратқан.

Кейіннен институт қабырғасында оқып жүріп, «Жас Қазақ» ұйымын құрып, қазақтың ұлт ретінде қалыптасуына тағы бір мәрте үлкен үлес қосқанын білеміз. Осы тұрғыда мыңдаған очерктер мен эсселер жазылған еді.

Ал енді Қарқаралы тарихына тағы бір мәрте үңіле кетсек, сонау 80-90 жылдары Қарқаралы ауданы осы атамның үлкен еңбегінің арқасында аудан болып сақталып қалды. Сонымен қатар бұрынғы Фрунзе совхозына Қасымның атын берейік деп, сонау Алматыға дейін барып, атын алып берген еңбегін атап өткім келеді.

Сондай-ақ, «Семей-Невада» қозғалысының Қарқаралы ауданы бойынша төрағасы болып еңбек етті. Атам саналы өмірінде Қарқаралы ауданының жұртшылығы үшін тынымсыз, адал қызмет етті.

Осы мақаланы жазу барысында ерекше бір рух, шабыт бергендей болып, өзімнің өлең шумақтарымды туған жеріме арнаймын.
Қасиетті туған жерім,
Қарқаралы мекенім
Сен деп соққан жүрекке,
Арналады бұл өлеңім.
Тыңдаңдар, тыңдаңдар,
Өстім мен бұл жерде
Білемін мен жасымнан
Қарқаралы деген өңірде
Бітпес тарих, аңызы
Мәди, Қасым секілді
Жырлайды ғой ақыны
«Атыңнан айналайын Қарқаралы»
Деп өшпес атын қалдырды.
Батыры көп бұл мекен
Нүркен, Мартбек, Петрмен,
Өзін отқа құшқандар
Ерлікпен кеткен ер жандар,
Ұмытылмас ешқашан.
Алғаш аспаннан жер көрген,
Алған жақындап ай көрген,
Тұңғыш қазақ еріміз
Тоқтар деген ғарышкеріміз.
Өршіл рухты азамат,
Батыр мінез ғажап-ақ!
Мақтанышы қазақтың
Мақтанышы ұлы даланың
Бұл батырдың елі де
Кіндік кескен жері де
Қасиетті Арқаның
Қарқаралы деген
Ұлы өлкеден басталады
Құнанбай мешіт салған жер,
Абай келіп жатқан жер,
Алихан, Ахмет, Сәкендей
Алғаш «Алаш» құрылып,
Елге қызмет еткен жер.
Киелі топырақ жерінен
Өнерімен алға шығыпты,
Мәди, Бибігүл, Тәттімбет
Қазақтың ән саласын,
Солардай жоғары биіктет.
Сонау Семей атомы
Қиын шақта булыққан,
Талай жаңа буынды
Денсаулықтан қырылтқан.
Алғаш қарсы келіпті
Академик Атшабар!
Бұл ғалымның елі де,
Кіндік кескен жері де,
Қасиетті Арқанның
Қарқаралы жерінде.
Атам менің-ақын,
Аты оның Мақсым!
Елім, жерім деп жүріп,
Бір талай жанға үй беріп
Әділдікті ұнатқан
Семейдегі атомға
Қарсылықпен үн қатқан!
Кезіндегі совхозға
Аты оның Фрунзе еді
Бұл біздің ауыл деп,
Қасым атын бергізді!
Одан қалса талай рет
Қарқаралы ауданы
Аудан болып қалуы,
Қыл үстінде тұрғанда
Өткір сөзді, от ауыз
Сақтап қалды қаланы.
Неткен сұлу жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің,
Деп, Қасымдай жырласам
Жетер ме екен менің өнерім.


Ақмарал МАҚСЫМ
11-сынып оқушысы
О.Жәутіков атындағы
№1 орта мектеп
Қарағанды облысы
Қарқаралы қаласы
Жетекшісі: Қайрат Омарбеков
Просмотров материала: 2 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 153 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 975 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 945 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 885 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 866 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 015 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930