26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астаналық оқушы ұстаздардың қателігінен екінші жыл қатарынан 10-сыныпта оқып жатыр

Астанадағы №31 мектепте оқитын М.Мұхасалимов осымен екінші жыл 10-сыныпқа барып жүр. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қабылдауына жазылған заңгер Алтын Жандосова мектеп директорының кінәсінен бір жылы зая кеткен оқушының мәселесін көтеріп, министрден көмек сұрады. Заңгердің айтуынша, қазір 10-сынып оқушысы М.Мұхасалимов мектепке барудан бас тартып отыр. Бір жарым аптадан бері үйде екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Өткен жылы 10-сыныпты бітіргенде, тарих пәнін “екіге” тапсырды деп, сынып жетекшісі табельге ата-анасының орнына өзі қол қойып жіберген. Оқушының ата-анасы бұдан хабарсыз. Сөйтіп директор әлгі баланы 10-сыныпқа қайтадан қалдырмақшы болған. Мұны естіген ата-анасы мектеп директорына келіп, ұлдарының тарихтан тапсырған жазбаша жұмысын көрсетеді. Бала бәрін толық жазып берген, екі алатындай еш себеп жоқ. Сөйтіп білім бөлімінің өкілдері араласып, комиссия құрылып, тарихты екінші рет тапсыруға мүмкіндік береді. Қайта емтихан ұйымдастырып, ақыры 11-сыныпқа барасың деген. Мен де директордың бұл сөзіне сендім. Жаңа оқу жылында, яғни былтырғы жылдың қыркүйегінде мектеп директоры ата-анасын жеке шақырып алып, “ұлдарың бір апта 10-сыныпта оқи тұрсын, кейін мен оны 11-сыныпқа ауыстырамын” деп уәде еткен. Бірақ бұл жайында маған тіс жармасын деген, менің заңгер екенімді біледі ғой. Сөйтіп не керек, мәселе шешілген шығар деп жүрсем, жақында әлгі баланың ата-анасы хабарласып, “директор бізді алдады, балам әлі 10-сыныпта оқып жүр, оқу жылы да бітуге таяп қалды” деп көмек сұрады”, — деді заңгер министрге “Нұр Отан” партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде.

Алтын Жандосованың айтуынша, мектеп директоры “ана мектеп басшысымен сөйлестім, мына мектеппен келістім” деп оқушының ата-анасын бір жыл бойы алдаусыратып келген.

“Бала толық отбасынан, ұлты түрік, жеке бизнесі бар. Баланың сабақ үлгерімі жақсы, оның алдында екі жыл қазақ-түрік лицейінде оқыған. Кейін лицейдің ақшасы өсіп кеткен соң, төлеуге жағдайы келмей, ұлдарын қайтадан сол өзі оқыған 31-мектепке береді. Енді қазір осындай мәселе туындап отырған соң, “барымызды сатсақ та, сол лицейде қалдыруымыз керек еді, біз қателік жасадық” деп өкініп отыр”, — деді заңгер Sputnik Қазақстан тілшісіне министрдің қабылдауынан шыққан соң.

“Осыдан кейін білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдайтынын естіп, ата-анасына хабарласып, министрге осы мәселемен кіретінімді айттым. Олар да қарсы болған жоқ, керісінше мән-жайды түсіндіріңізші ол кісіге деп өтінді. Министрге кіретінімді мектеп директоры біліп қалып, ата-анасын бопсалаған ба, нақты білмедім. Әйтеуір маған телефон соғып, “министрге кірмей-ақ қойыңыз, ұлымызға зияны тиіп кетіп жүрер” деді. Мен айттым, енді бәрі кеш, ол кісінің қабылдауына жазылып қойдым” деп. Айтыңызшы енді, баланың тағдырымен ойнауға болмайды ғой. Баланың үлкендерге сенімі жоғалған. Бір жарым аптадай болды, “мен мектепке бармаймын, сабақ туралы айтпаңдар”деген ата-анасына”, — деді Алтын Жандосова.

Заңгердің арызын тыңдаған министр мырза “ата-анасы менің атыма арыз жазсын” деді.

“Біздің процедура мынадай: ең әуелі бұл мәселе сол мектептің қамқоршылық кеңесінде қаралуы тиіс. Олар істің анық-қанығына көз жеткізіп, қателік кімнен кеткенін анықтап, бізге баяндайды. Біз өзіміз қызметтік тексеріс жүргізе аламыз. Бірақ ол үшін ең алдымен сіздің қағаздарыңызды прокуратураға жіберуіміз керек. Ең дұрысы, баланың ата-анасы келіп, менің атыма арыз жазсын”, — деп қысқа қайырды Сағадиев.
Просмотров материала: 5 024

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 354 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 174 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 145 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 089 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 073 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 087 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 753 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930