26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылына мешіт салдырған атпал азаматқа жұрт дән риза

20 апрель 2018, 8:34
Тектілердің мекені, талаптының тұяғы тиген, танымалдар түлеген қасиетті Қызылқоға ауданын білмейтіндер кемде-кем. Осы қақпақты қара қазан – Қызылқоғадан шыққан тұлғалардың бірі өнерімен өрге жүзсе, енді бірі азаматтылығымен мәлім. Ал мен сөз еткелі отырған тұлға қазақ бабамның «Еңбек етсең емерсің» деген нақыл сөзін мықтап жанына тоқыған, білегіне емес, біліміне сенген, мақтауға да, мақтануға да тұрарлық азамат, аталмыш ауданның тумасы – Жауғашты Жоланұлы Нәбиев.

Жауғашты Жоланұлы Нәбиев – 1942 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында дүниеге келген. Туған өлкем Сағызымда сағым қуып өскен Жауғашты ағамыз, қазіргі таңда өзім білім алып жатқан №9 орта мектебінің түлегі.

Оқуға түсіп, қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп 1965-1975 жылдары арасында «Қызыл ту» пластмасса бірлестігінде электрик, инженер, жаңа лаборатория бастығы, бас инженердің орынбасарлығына көтеріледі.

Ал бас директор болса Жауғашты ағамыздың өте білімді, жаңалықшыл инженер ғана емес, бизнеске де бейімі бар екенін байқап өзіне коммерция жөніндегі орынбасар етіп алады.


Сол жерден Жергілікті өнеркәсіп министрлігіне жоғарылап, 1982 жылдан бастап Министрлер Кеңесінің жаңадан ашылған «Сыртқы байланыс және көрме» бөліміне меңгеруші болып ауысты. Күні бүгінге дейін сол кезде өзі құрған «Қазақстан Коммерция» компаниясының президенті.

Атап өтсең аты дардай боп көрінетін мамандықтар мен компания атаулары Жауғашты ағамыздың тәкәппарлығын арттырып айға алып кеткен жоқ. Керісінше, ағамыз қандай белестен аттап, қандай шыңға қол созса да елдік, ұлттық мүддеге ықыластығын жойған жоқ.

Атақты жазушы Сәбит Мұқановтың Маңғыстау жеріне сапарынан кейін туған немересінің атын қалай «Адай» деп қойғаны жайлы білетін боларсыздар. Өзінің шыққан тегі Адай Жеменей руының тектілі мен іске ептілігі Жауғашты ағамыздың бойынан танылып-ақ тұрды.

Өзімнің туған өлкемнен түлеп ұшып, төрткүл дүниені шарлап елімнің нарығының дамуына зор үлес қосқан азаматтың жомарттығын айтпай кетсем, сын болар. Өзінің өткені мен бүгінін саралай алған, туған жердің текті ұлы 2008 жылы ауылымызға өз қаражатымен «Абдолла Хазіреті» мешітін салдырған болатын.

Бұл игілікті бастама рухани білім мен дініміздің үйлесуіне септігін тигізді. Мешіт салынғалы арада он жыл өтсе де күннен-күнге нұрланып, мұсылман жұртшылықтың рухани нәр алатын ғимараты өз қасиетін жоймай қаз қалпында тұр.


2017 жылғы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғалы бері біз секілді мектеп оқушылары үшін жаңалық боп көрінетін көптеген рухани дүниелер көз алдымызда танылып, көңілге қонып жатыр.

Алайда, рухани жаңғыру керек екен деп рухани жерлерді аралап, ескерткіш бастарына ас беріп деген секілді дүниелер де көп жасалып жатыр. Бірақ, мен мұндай шаралардан рухани азық алып жатқандай емеспін.

Мен ХХІ ғасырдың ұланымын, менің түсінуімде рухани жаңғыру – өткен ғасырларда өмір сүрген, елдік мүддені жанына серік еткен бабаларымыздың ісін немесе салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Тарата айтқанда, Жауғашты секілді абзал азаматтарымыз жастайынан көптеген игілікті істе жүрді, міне қазіргі ХХІ ғасырда да осындай алдыңғы буын ағаларымызды үлгі ете отырып, солар секілді азаматтарды тәрбиелеп шығара алсақ, бұл – нағыз рухани жаңғыру болмақ.

Ақнұр САЙФОЛЛА
10 сынып оқушысы
№9 орта мектеп
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
Жетекшісі: Асылан Мәтенов
Просмотров материала: 2 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 339 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 160 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 131 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 073 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 058 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 083 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 601 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930