27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нығматуллин әлеуметтік зерттеуге деп ақша сұраған Сағадиевке шүйлікті

ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин жыл сайын әлеуметтік зерттеулер мен консалтингтік қызметке бөлінетін қаражатты тексеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілісте "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин әлеуметтік зерттеулерге қыруар қаржы жұмсап отырған білім және ғылым министрлігін сынға алды.

"Ерлан Кенжеғалиұлы (білім министрі – ред.), жауапты апатты мектептерден бастаған екенсіз. Мен сіздердің бұл бағытта қалай жұмыс істеп жатқаныңызды айтайын. Қазақстанда бүгінде 45 апатты мектеп жұмыс істеуін жалғастыруда, 127 мектеп - әлі үш ауысымдық. Бұл бір. Екіншісі, бізге шынымен де осы әлеуметтік зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің басын ашып алу керек. Қараңыздар, 2018 жылға арналған бюджетте әлеуметтік зерттеулер жүргізуге 17 мемлекеттік органмен 7,2 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі нақтыланған бюджетте тағы сол әлеуметтік зерттеулерге қосымша 3,3 млрд теңге көзделіп отыр. Біз әрине мұндай зерттеулерді өткізуге қарсы емеспіз, мүмкін бұл қажет те шығар. Жаңа сіз өз аргументтеріңізді келтіруге тырыстыңыз. Бірақ, осы тұста кейбір көрсеткіштер мен фактілерге назар аударғым келеді. Мәселен, бюджетте мүгедектерді күтіп-бағатын адамдарға төленетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 2,7 млрд теңге қарастырылған. Ішкі істер министрлігіне өткен су тасқынына байланысты бюджетті нақтылау кезінде 1,6 млрд теңге бөлініп жатыр. Қалай сонда, әлеуметтік зерттеулер саласында су тасқынына қарағанда шұғыл төтенше жағдай қалыптасты ма?", — деп ашуланды спикер.

Нығматулин білім министрлігіне өткен жылы дәл осы әлеуметтік зерттеулерге бөлінген соманы мысалға келтірді.

"Жаңа депутат Жұмаділдаева атап өтті, әлеуметтік зерттеулерге бөлінген 460 млн теңгеге қосымша 800 млн теңге алуды жоспарлап отырсыздар. Сонда жалпы биылғы жылға 1,3 млрд теңге бөлінбек. Әріптестер, қараңыздар. Бұл қалай жасалады? Өткен жылдың бюджетін алайық. Дәл осы министрлікте әлеуметтік зерттеулерге дәл осындай 1,3 млрд теңге қарастырылған. Алдымен 770 млн теңге бөлініпті, нақтылау кезінде тағы 540 млн теңге қосылған. Сонда сіздер жыл сайын әлеуметтік зерттеулерге миллиард теңге жұмсауды жоспарға айналдырып алдыңыздар ма? Әрине, егер осы зерттеулерді көріп, бағалап, қолдансақ жақсы ғой. Өкінішке қарай, ол да жоқ. Мәселен, мынадай зерттеу "экспертно аналитическое сопровождение реализации некоторых мер государственной комуникативной политики в условиях процесса модернизации в рамках современного Казахстана". Бұл зерттеу білім жүйесіндегі қандай проблеманы шешпек сонда? Тағы үлкен сұрақ. Бірақ осы зерттеу жұмысына қыруар қаржы сұрап отырсыздар. Мұндай мысалдарды білім министрлігінен ғана емес, жіті тексерсек, басқа да мемлекеттік органдардан табуға болады", — деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы осы орайда Есеп комитетіне өтініш айтты.

"Келесі жолы парламентке республикалық бюджет бойынша есеп беруге келгенде, әлеуметтік зерттеулер мен консалтингтік қызметтерге бөлінетін бюджет қаражатын тексеруді өтінеміз. Бұл сома жылдан-жылға өсіп отырғанын көріп отырмыз. Назар аударуды талап етеміз. Егер осындай бассыздық болса, мемлекеттік органдардың басшыларынан жауабын сұрайық. Әр жыл сайын осындай зерттеулерге миллиардтаған қаржы құрту жоспарға айналды ма?", — деді ол.
Просмотров материала: 2 825

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 415 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 233 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 206 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 149 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 132 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 880 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 109 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 623 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 772 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930