20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мен туған ауыл Жайықтың жағасында...

18 апрель 2018, 9:00
Біз тарих пен тағдырды бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Бүгінгі күні біз «ереуіл атқа ер салып», «егеулі найза қолға алып» ел үшін, жер үшін жауға шапқан Махамбет пен Исатай, Сырым мен Мұрат сынды талай батырларымыздың арқасында тыныштықпен тәуелсіз күн кешудеміз.

Бұл халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан ұл-қыздарының, асыл жүректі, асқақ рухты ақиық перзенттерінің арманы. Осынау арман орындалып тәуелсіздік алғалы біз ғалам деп аталатын кең дүниенің ажырамас бір бөлігі екенімізді сезіне білдік.

Қазақстанның әр түкпірі түрліше құлпырып, жандана түсіп, тарих беттерін жаңа парақтармен толтыруда. Соның бір көрінісі – Қазақстанның батысында, Еділ мен Жайық аралығында жатқан тағдыры тарихқа, қойнауы қазынаға толы, айтар сыры мол өңір арайлы Атырау өңірі.

Кешегі елі үшін еңіреген ер, халқы үшін қол бастаған батырларымыз өткен бұл жер бүгінде басқаша сыр шертеді, өзгеше жырлайды, әлемге бар даусымен айқай салатын шаттық үні бар. Атырау-Жайық өлкесі бай тарихы, сарқылмас сыры, таусылмас жыры, күмбірлеген күйі бар шежірелі де өнерлі өлке.

Жер үсті – ырысқа, асты – қазынаға, төскейі – малға, өзені мен теңізі – балыққа толы бай өлке. Сол өлкедегі осы бір ерекшеліктерді бойына жиған киелі де тарихи мекен Индер ауданы – халқыма қорған болсам деп талай ерлердің еңіреп өтіп, «қарындас қамы», «ел қамы» үшін садақ асынған көптеген батырлардың, жезтаңдай жыраулар мен ақиық ақындардың Отаны.

Дала абыздары Асан қайғы мен Қазтуған қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған Жерұйықты, бақыттың бесігін Ұлы Су – Жайықтан іздесе, сол Асан қайғының өткен жерлері «Асан қайғы түнеген көл», «Асан қайғы түстенген таулар» киелі мекен ретінде жерімізде сақтаулы.

Аудан қаншама ақын-жазушыларды, республикаға белгілі азаматтарды қиядан ұшырды. Кешегі Сырым, Махамбет пен Исатай сынды батырларымыз жауға шапқан жеріміз бүгінгі күні мұнайлы өлкенінің қазынаға толы бай өңіріне айналды.

Оның әрбір жері, өзені мен тоғайы, әрбір ауылы мен қыстауы адам баласын тамсантар ерекшелікке, тарихқа, өркендеу мен жаңаруға толы.


Соның бірі өзімнің туып өскен жерім – Бөдене ауылы. Кербездене аққан жазиралы Жайық өзенінің жағасында орналасқан ауылым егемен елдің, асқақ Атырауымыздың, кенді мекен Индеріміздің бір бөлшегі ретінде қалыптасып келеді.

«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйытқи соғар желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне көну керек, бәріне төзу керек. Расында да, тәуекелге тұратындардың ғана қолы жетпесе тәуелсіздік бола ма? Арпалыспен келмесе шынайы азаттық бола ма?

Оңайлықпен келмесе оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?» деген Президентіміздің ұлағатты сөзін тілге тиек ете отырып, бірер сәт тарих сахнасына көз тастайық.

Бөдене - XVIII ғасырда өмір сүрген адам. Сырыммен замандас, сырлас, көңілдес болған белгілі би. Сол арқылы тарихи құжаттарда аты қалған адам. Ру жағынан Себек – Беріш деп аталады. Ата тегін жіктесек былай болып келеді: Беріштен Байбақты, Байсейіт болып тарайды.

Байбақтыдан Әсілбас, Құсылбас, Шақай болып бөлінеді. Әсілбастан Себек пен Жаңбыршы туады. Себектен Борбас, одан Тума, одан Байтілеу, одан әңгіме етіп отырған Бөдене туады. Бірақ туған-өлген жылдары белгісіз.

Зираты сол Индер өңірінде, өзі мекендеген Бөдене мен Жарсуат ауылдарының аралығында, қыр бетінде дейді. Бөденеден Әтембек, одан Батырбек, одан елге белгілі Бекалы туады.

Ендеше туған ауылымыз, өскен ортамыз күндердің күнінде атағын әлем танитын келешегі кемел, болашағы зор, тарихы тұңғиықтан тамырлаған, әрбір ұланның елжіреген жүрегінен орын алар ұлттық рухтың ұшқыны болып, гүлдене беретініне мен кәміл сенемін.

Сөзімнің соңын ақын аға-апаларымыздың ізін жалғар, білімді ел тірегі болуға ұмтылған, арман жетелеп, мақсат қуған әпкемнің өлеңмен өрілген жолдарымен аяқтасам деймін.

Жетелеген кең даланың өр төсі,
Өрле көкке асқақ арман өлкесі.
Кемеліме келген шақта арайлым,
Атанармын Атыраудың еркесі.
Жағалауды дірілдеткен солқылы,
Өрле көкке Ару Жайық толқыны.
Сағынышпен еске ап ұлы аймағын,
Жас жеткіншек бүгін, міне, толқыды.
Сендік үнмен тұңғиықты кештім де,
Шырмау жырдың бұғауларын шештім мен.
Заңғар десем, сенің рухың кең далам,
Оған талас туғыза алмас ешкім де.
Шынымен-ақ бір өзіңде өстім бе,
Қадіріңді мен қалайша кеш білгем?
Жоқ, кеш емес,
Алда белес асулар
Жаңартамын әлі талай тарихыңды ескірген!




Ақерке ЖҮСІП
10-сынып оқушысы
Бөдене орта мектебі
Атырау облысы
Индер ауданы
Бөдене ауылы
Жетекшісі: Анаргүл Бисенғалиева
Просмотров материала: 3 301

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 742 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 565 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 534 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 467 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 451 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 447 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 208 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 668 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 754 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 466 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 306 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 446 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 457 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930