28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қайсарлықтың символы болған Анар Бексұлтанова!

18 апрель 2018, 8:29
"Қаштық!... Тығыл!.. Келе жатыр! Таста, ойыншықтарымызды кейін аламыз!" Сыбырлап... "Ұста қолынан, еңкейіп жүр көріп қоймасын" – деді де, еңбектеп жүрген сіңлісін киімінен тістеп, сүйрей жөнелді. Інісі артынан демеп, өзі де тәлтіректеп артына алаң-алаң қарап еріп келеді.

Жылдам-жылдам үй артындағы үйілген отынның арасына барып тығылу керек. Сүйреп келіп айтеуір жетті-ау үшеуі. Енді әлгі қорқынышты адам кеткенше тыныш тығылып отыру лазым.

Қашып келе жатқандары - анда-санда дорбамен ауыл аралап жүретін дуаналар. Қарасы көрінгеннен бар ауылдың баласының құты қашатын. Бұл менің кейіпкерімнің әңгімесінен кішкентай ғана үзінді.

Менің атым Айшабибі. Тараз қаласында тұрамын. Ары қарай не болды, неге киімінен тістеп сүйреген дейсіз бе? Айтайын. Өйткені бүлдіршіннің туылғаннан екі қолы жоқ еді. Бірақ отбасындағылар оған онша мән бермегендей кейіпте болды.

Жұмысқа кетерде кішкентай інісі мен еңбектеген сіңлісін соған табыстап кететін. Бәлкім сіз де танитын шығарсыз, ұлттық теле арналардан көрініп жүретін қолөнер шебері, құрақшы және қыз жасауы кәсібімен танымал болған Анар Бексұлтанова.

Анар әпкенің балалық шағы жайлы айтып отырмын. Осы байқау жайлы естігенімде ойыма бірден Анар әпке түсті. Өйткені анамның жақын құрбысы болғандықтан оны қатты жақсы көремін. Екі қызы Әдемі мен Сұлуайымды ертіп үйге келіп тұрады, біз оларға барамыз кейде.

Анашым да үнемі Анаркам қайсарлықтың символы ғой! – деп сөйлейді. Студент кездерінен таныс-біліс жақын дос. Ал біз болсақ қыздарымен жақсы құрбы болып келеміз. Осы мақаламды жазуға барғанымда Анар әпке жайлы ғаламтордан көптеген бейне баяндарын теле арналарда берген сұхбаттарын қарап шықтым.

Өз өмірі мен кәсібі жайлы әсерлі әңгімелері көп. Мен Анар әпкені қай қырынан жазсам деп ойландым. Туған өлкемнен шыққан бизнесмен, қаламыздың ерекше кейіпкері, жасампаз жастары ма деп.


Барлық жағынан жазсам да, сай кеп тұрғандай. Расында анам айтқандай, қайсар қыз екен. Жасау тігу арқылы кең танылған шебер әпке өзінің алған грамоталары мен дипломдарын көрсетті.

Мен үшін қызық болғаны балалық шағы еді. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келіп, балалық шағын сонда өткізген. Қазір Тараз қаласында тұрады. Жан-жағын жақсы адамдар қоршаған. Әкесі Сағынтай мен анасы Айман қазір дүниеде жоқ.

Қос қанаты қыздары мен бауырлары, дос-құрбылары, жанашыр жандары бар. Өз еңбегімен түрлі байқауларға қатысып ұтып алған гранттарымен, жасау сатып жинаған ақшасына үй алдынан цех тұрғызып, түрлі тігін жабдықтарын сатып алып жатыр екен.

Бұл оның бала күнгі арманы. Анасы мен әжесінен үйренген өнері. Олар әртүрлі сырмақтар ойған, құрақ құрған көненің көзін көрген кісілер. Бірақ цехтың ашылуына әлі де талай қаражат пен қолдау керек екендігін айтып қалды.

Әңгіме барысында ақылдаса отырып біраз ойланып өз туып, өскен жерінде, ауылында болған оқиғалардан сыр шертті. Бұл кәсіп бала күнгі арманы десек те екі қолы жок қыз үшін осының бәрі қол жетпейтін қиялдай көрінетін.


Анасы да үйдегі үлкендер де Анар әпкенің бетінен қақпапты. Қайшы десе де ине десе де береді екен. Осылай аяғымен құрақ қиып ине сабақтауды өз бетінше үйренген екен. Аяғымен сурет салып, жазу жазады. Тамақ істеп, еден жуады.

Тағдырына жазғанына мойымай, алға жылжиды. Жоғары оқу орнын аяқтап талай кедергілерден өтіп облыстық мұражайға түсіндіруші болып жұмысқа кіреді. Екі қызды жалғыз асырап отырған ана жеке кәсіп ретінде жасау тігуді қолға алады.

Екі әпкесіне өзіне ұнайтын жұмыстың көзін табады. Намаз оқып, арапша жазып оқи алады. Заманға сай аяқ машиналардың шығуы қуанышын екі еселеді. Өз қиялындағы құрақтарды тіге алады. Тынбайды талмайды. Қонақжай да кең пейіл.

2013 жылы бастап, 2014 жылы 3 миллион теңге грант жеңіп алып бастаған бизнесі жайлап жанданып келеді. Басқа қалалардан да сұраныс жібергендер болды. Қазіргі кезде Алматы, Атырау, Қызылорда облыстарынан сұраныстар көп келеді екен.

"Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?" деп сұрадым.

- Биыл есігімнің алдына цех соқтым. Осы жақында ою оятын лазерный апарат алдым, көрпе тігетін станок алдым, жастық тазалайтын аппаратым бар, соның бәрін іске қосып, цех тоқтамай жұмыс істеу үшін 2-3 адамды жұмысқа аламын, - деді Анар ханым.

Айшабибі ІЗТЕЛЕУ
7-сынып оқушысы
№ 54 мектеп
Жамбыл облысы
Тараз қаласы
Жетекшісі: Назым Арапбаева
Просмотров материала: 13 190

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 495 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 334 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 322 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 260 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 215 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 271 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031