19 марта 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



"Қатын күрестің" қазаққа не керегі бар?

16 апрель 2018, 12:56
Әлеуметтік желіде келінді шаңыраққа терезеден кіргізу туралы бейнероликтер өріп жүр. Әрине жұрт оны таңсық көрген соң жүктеген ғой ғаламторға. Бірақ кейбір ауыл аймақтарда ол қалыпты үрдіс. Жалпақ жұртқа ерсі көрінсе де, көнеден келе жатқан ырым жоралғылар жоқ емес. Мәселен, "қатын күрес" деген бар. Ақжаулықты апалар мен жас келіндердің жағадан алысқандарын көріп, жағаңды ұстайсың. Әрине ойын. Бірақ арты отқа айналмаса игі.

Сонымен  әр нәрсеге астармен қарап, ырыммен ыңғайлайтын халықтың ұрпағы болсақ та, мәнсіз дүниелер де тұрмысымызға шырмауықтай шырмалып отырған жайы бар. Тойда гүл лақтыру, кетер аяқ айтып ішу, қалыңды ұрлау сияқты кірме жоралғылар сияқты сансыз, мағынасыз мәнсіз жоралғылардың жөні қаншалықты дұрыс.

"Қатын күрес". Ел ішінде бұл дәстүр  осылай аталады. Әрине, жаппай сипатқа ие емес. Тек соңғы жылдары ол жөнінде әсіресе, жастар  естіп-біліп жатыр. Әлеуметтік желінің құдіреті. Десе де, қоғамның бұл дәстүрге деген пікірі көп жағдайда негативті. Жұрттың дені оны жоққа шығарып жатады.

Яки, қазақта мұндай салттың жоқтығын, тіпті, ол қоғамды азғыруға жетелейді деген ой айтады. Алайда, түркітанушы Ақеділ Тойшан бұл жаңсақ пікір дейді. Қатын күрес қазақта бұрыннан бар!

"Әлеуметтік желіде гір көтеріп жатқан келіншектеріміз жүр ғой. Сол сияқты бойына бұла күші сыймай тұратын аруларымыз бар. Олар ер азамат ретінде күн сайын емес әрине, Наурызда күреске түсетін болған. Осындай күресті "қатын күрес" деп атаған" – дейді Түркі академиясының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшан.

Әрі бұл дәстүр еріккеннің ермегі емес. Соңғы жылдары ел ішінде етек ала бастаған тағы бір дәстүр, дәстүр деппіз ғой дұрысы ырым жоралғы,  жаңа түскен келінді есіктен емес, терезеден кіргізу. Үрдіс әсіресе батыс өңірде жақсы сақталған. Мұндай ырымды бір  күнде, бір шаңыраққа, екі  келінді бірдей түсіріп отырған әулеттер жасайды. Абысын тату болады деген үмітпен. 

"Менің естуім бойынша, егіздер үйленеді ғой, сол кезде біреуін есіктен, біреуін терезеден кіргізеді дейді. Енді бізде қазақта осындай бір нәрсе бар, бие кейде екі құлын табады ғой, сол кезде бір құлынды міндетті түрде біреуге беріп жіберу керек. Әйтпесе екеуі де өліп қалады дейді. Сонда келін түскен кезде, бір-ақ келін түсу керек қой негізі, кейде екеуі түсіп қалса, енді ол ырым, ол дәстүр емес" – дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Қазақтың қай салтын алып қарамаңыз мақсатсыз емес. Десе де, дәстүр тұрмыстан түзілетінін ескерсек 70 жыл қызыл империя құрсауындағы тіршілік біраз түзетулер енгізгені анық.  

"Біз орыс отарына айналғаннан кейін, арақ ене бастады. Неге? Өйткені ішіп алған адамға жер деген жоқ, ел деген жоқ. Ар, намыс,и ұят деген қалмайды. Сондықтан орыс отаршылдығының ең ауыр құралы- ол ғасырлар бойы дәлелденген кезінде гректер скифтерді де осылай жаулап алған екен, испандықтар үндістерді осылай арақ арқылы жаулап алған, сол әдісті бізге де қолданды. Сол арақ ішкеннен кейін адам өзінің төл дәстүрін ұмытып, жаулаушы, отарлаушы ұлттың салт-дәстүрін қабылдай бастады. Сол арақтың кесірінен тойдва отырып сүйісетін болдық, туфли ұрлайтын болдық, сол араққа байланысты орыстың бүкіл ырым-жырымдары қазаққа ене бастады. Ол халықты аздырып, халық өзінің атын ұмытып қалды. Аттарын өзгерте бастады. Асқар Аликке, Зейнегүлі Зояға айналды деген сияқты бұл ұлт кәдімгідей есеңгіреп, есін жоғалта бастады» - дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Қазаққа жат дәстүрлердің денін, әсіресе, той-томалақтардан жиі байқаймыз.

"Мысалы тойда гүл лақтыру.Біздің қазақтың салт дәстұріне жатпайды. Бірақ тойларда жиі қолданылады. Міндетті түрде болсын деп. Ол қыздар өзара жарысады ол аздай. Осы гүлді тосып алсам тұрмысқа шығып кетем деп" – дейді асаба Жасұлан Қадырбек.

Көп дәстүрдің көмескіленуі кеңестік кезеңмен шектелмейді. Қоғамдағы құндылықтар секунд сайын өзгерген заманда ұлттық дәстүрлерімізді қаз-қалпында сақтап қалу сөзсіз қиын. Осы себепті, бүгінгі таңда біраз салттың бет-бейнесі бастапқы кейпінен ажыраса.. 

"Бұрынғы ескі беташар қалай болды дегенде, қыз ұзатылғанда жасалынады. Жар жар. Енді ол жар жарды әкеліп келін түскенде орындап жатырмыз. Өйткені, заманға икемдеп алдық. Бұл енді жарасымды. Міндетті түрде ескі дәуірдегіні қалдырамыз десек, теріс болады. Ал, мысалы беташарда табақ қойып, ақша сұрап жүру ол деген ыңайсыз енді. Ол жерде келіннің достарына сәлем салғызады. Ол сұмдық қой, достарына неге салады. Өйткені, ол- ақша табудың бір құралы сияқты ұзын сонар тізімді жасап алады да біздің асабаларымыз тиын табудың жолын ойлайды. Ол ерсі" – дейді Түркі академиясының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшан.

Енді бір дәстүрлеріміз жайлы, жаңсақ пікірлерді мүдделі топтар  әдейі қалыптастырып жүр.

"Бұл жерде осындай бір мәселе. Мынау қазіргі кезде радикалды ағымдар, әсіресе дін арқылы келіп жатыр, бұларға кедергі келтіретін- ұлттық салт-дәстүрлер. Содан олар ұлттық салт-дәстүрлерді жойса, жолдағы кедергіні алып тастаса, өзлерінің мақсат-мүдделерін ешқандай шектеусіз, іркіліссіз, кедергісіз жүзеге асыру үшін, қазақтың жолдырында кесе келдең тұратын салт-дәстүрлерді тиіседі. Саналы түрде тиіседі. Мысалы беташар. Беташарды ширық деп қабылдап жүргендер бар. Шынында беташар ешқандай ширық емес, ол шын мәнінде адамгершіліктің алтын қағидалары. Келіннің келіп, иіліп сәлем беруі. Бұнда ешқандай да ширық, Аллаға серік қосудың шаңы да жоқ деп айтар едім" – дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Десе де, бұл қазақы салт дәстүріміз жойылып барады деген сөз емес. Бұл тек ұлттық құндылықтардың өніп, өркендеуін тежеуші факторлар. Ал, оның дәріптеліп, насихатталуы мен тәлім әрі тәрбиенің  ұлықталуында ауылдағы ағайын үлкен рөл ойнап отыр.

"Кеңестік кезеңде салт дәстүрдің сақталып қалуының басты себебі ол ауылдық жерлерде салт дәстүрдің сақталуы. Яки ауыл ол дәстүріміздің бесігі. 90 жылдары тәуелсіздіктен кейін сол дәстүрлер қазақ қоғамына ене бастады" – дейді Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының сарапшысы Медет Өмірзақов.

Яки, даладағы қазақ барда,  қаладағы қазақылық та сақталмақ.

Гүлнұр Жақсылық
Просмотров материала: 1 635

Поделиться материалом


20:02 В мае в Алматы установят памятник Денису Тену... 125 Просмотров

19:58 Нурсултан Назарбаев остается главой Совбеза и партии Nur... 203 Просмотров

19:25 Касым-Жомарт Токаев будет временно исполнять обязанности... 436 Просмотров

19:24 Сенат төрағасы Тоқаев президент міндетін уақытша атқарады... 201 Просмотров

19:20 Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты... 219 Просмотров

19:14 Нурсултан Назарбаев заявил о прекращении своих полномочий... 180 Просмотров

18:04 Кайрат Кожамжаров стал депутатом Сената... 155 Просмотров

17:57 Малик Мурзалин стал заместителем руководителя администрации... 165 Просмотров

17:46 Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық көлемі 103,3 пайызды көрсетті... 134 Просмотров

17:41 Акимом Акмолинской области назначен Ермек Маржикпаев... 145 Просмотров

17:33 50 туш сайги с отпиленными рогами нашли в Карагандинской... 137 Просмотров

17:25 Жалақы жыл сайын ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде... 232 Просмотров

17:14 Сегодня в 19:00 Нурсултан Назарбаев выступит с обращением к... 341 Просмотров

17:07 Алдағы 10 жылда «Қазпошта» бөлімшелері болмауы мүмкін -... 146 Просмотров

16:52 Фотовыставка памяти Дениса Тена пройдет в Японии... 142 Просмотров

15:31 За что арестовали главу Комитета по водным ресурсам... 133 Просмотров

13:32 Әлеуметтік көмектің мөлшері 50 500 теңгеге дейін көбейетін... 235 Просмотров

12:32 На этой неделе главное – заседание FOMC и Брекзит... 149 Просмотров

11:21 Когда многодетным очередникам начнут предоставлять квартиры... 189 Просмотров

10:47 Жанна Ильичёва: Может научимся ценить яркие крупицы... 261 Просмотров

10:13 В Алматы арестовали главврача Центральной горбольницы... 232 Просмотров

17:01 Три человека погибли и еще 10 пострадали в ДТП в... 434 Просмотров

16:44 "Бақытты отбасы" қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі... 352 Просмотров

15:39 Камень на месте строительства главной мечети Астаны заложил... 351 Просмотров

15:08 Нурлан Алимжанов: Мы должны думать о здоровье наших детей... 400 Просмотров

14:51 "Айқай-шудан пайда жоқ": Сапарбаев жиналыста шу шығарған... 359 Просмотров

14:36 Президент присвоил Кариму Масимову специальное звание... 360 Просмотров

14:06 Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады... 377 Просмотров

13:26 Я категорически против, чтобы мы всех желающих отправляли... 577 Просмотров

12:52 Раненому при теракте в Актобе полицейскому подарили... 398 Просмотров

12:42 В Казахстане сменился Генпрокурор... 373 Просмотров

12:22 Елдің есін шығармай келесі жылы әліппені орнына алып... 834 Просмотров

12:13 Более четырех тонн рыбы собрали жители Атырау на субботнике... 326 Просмотров

11:12 Cамал Еслямова признана лучшей актрисой Азии... 312 Просмотров

10:43 Шарын шатқалында заманауи ойын сауық паркі салынбақ... 336 Просмотров

10:25 Еуропа Парламенті: Түркия Еуроодаққа кіруге дайын емес... 360 Просмотров

09:51 Авиакомпания FlyArystan начнет продажи билетов уже в марте... 194 Просмотров

09:32 Алматы облысында кәсіпкерлер көп балалы үш отбасыға үй алып... 372 Просмотров

09:17 Курс валют на 18 марта... 219 Просмотров

08:29 Игнорирование принципа меритократии ведет к системным и... 979 Просмотров





Опрос


«    Март 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031