20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қаршадайынан қасыма ерген Айзатжан..." - Қарақат лифтіде көз жұмған журналисті еске алды

13 апрель 2018, 17:27
Ақтөбеде лифтте қайтыс болған журналист қыз әнші Қарақат Әбілдинаның жақын танысы болып шықты. Марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған әнші онымен соңғы рет тілдескенін жазып, жұрттың жүрегін елжіретті.

«Айзат... Осыдан он шақты жыл бұрын өте бір нәзік, сүйкімді жас қыз бала мені үлгі тұтатынын, жақынырақ араласқысы келетінін айтып қасыма келген еді. Жүзінен мейірім төгілген сол бір аруды мен де бірден жаныма жақын тарттым, өйткені, оның адалдығы, маған деген кіршіксіз ақ көңілі, адам баласына жамандық ойламайтын әппақ жүрегі кез келген адамды баурап, жанын елжірететін еді.

Қаршадайынан қасыма ерген сол Айзатжан бірнеше жыл бойына менімен бірге жүрді, әрдайым жанашыр болды. Кейін біз көшіп, ол ұзатылып, Алматыдан жырақтасақ та, байланысымызды үзбедік. Әрдайым xал сұрасып, барлық қуаныш-қызығымызға ортақтасып отыратын.

Ақ тілегі мен құттықтауын аямайтын... Аялам дүниеге келгенде ең бірінші боп қуанып еді, өзінің ботақанымен үйімізде қонақ та болған... Ертең үлкен концерт деп қарбаласып жатқан күні Айзат қайтыпты деген қайғылы xабарды естідім...

Төбеме жай түскендей күй кештім...

«Құдайым-ау, бұл мүмкін бе, қалайша?» деп сенбедім, сенгім келмеді.... Жанарымнан жас парлай берді....

Кеше ғана «Айналайын, әпкетай, ертең Сіз үшін ерекше күн, алдын ала құттықтаймын. Ұзақ жасаңыз, Сізді қатты жақсы көрем, концертіңіздің керемет өтеріне еш күмәнім жоқ» деп xат жолдап еді ғой... Дәл кеше ғана еді сол xаттың келгені... Қалайша? Бірдеңені сездің бе, күні бұрын құттықтауға неге асықтың екен, қоштасқаның ба бұл әлде?

Пендеміз ғой, кейін сөйлесерміз деген оймен «Көп раxмет, Айзатжан» деген бір ауыз жауап жазып жібердім.

Қайран, өмір... Ол сәттің енді орайы келмейтінін, жаныма жақын сіңліммен енді қайтып тілдесе алмайтынымды қайдан білейін...

Айзатжанның қазасы оның танитын барлық жанның қабырғасын қайыстырғанына күмәнім жоқ... Пешенесіне анасыз өсуді жазған кішкентай ботақан үшін жүрегім қарс айырылады...

Амал нешік?!... Бәріміз кету үшін келдік... Осы ғана жұбаныш...

Бүгінгі қасиетті жұма күні Айзат үшін дұға тілеп, Ата-анасына, жолдасы мен барлық туыстарына қайғыра көңіл айтамын!

Айзатжан, Алла алдыңнан жарылқасын, жаның пейіште шалқысын... Осы дүниедегі жақсылықтарың ол дүниеде алдыңнан нұр боп шыққай...

Сенің жадыраған бейнең мәңгілік есімізде қалады...

Жақындарымыздың қадірін біліп, күнделікті көңіл бөлуді, дер кезінде жылы сөз арнауды ұмытпау керек екен...» деп жазады әнші Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының журналисі Айзат Әбдісаматты лифт қысып қалып, қайтыс болған еді. Айзаттың артында 3 жасар қызы мен жұбайы қалды.
Просмотров материала: 4 937

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 750 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 573 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 542 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 475 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 459 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 447 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 208 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 668 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 757 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 466 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 309 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 446 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 460 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930