21 апреля 2018 г.

Дежурный по стране

Заявитель ждёт звонка (сутки, двое, трое и тд), порой бывает не дожидается, после этого начинается поиск знакомого в...
Багдат Мусин, председатель Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Саят Ыбырай діни мәселелерге енді араласпайды

12 апрель 2018, 12:47
Техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбырай 2010 жылы «сопылар ісі» бойынша 12 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Міне, соңғы 8 жыл бойы зиялы қауым өкілдері мен қоғам Саят Мұратұлын бостандыққа шығару туралы билікке талап қоюмен келе жатыр. Осы талап-тілектің әсері болса керек, күні кеше профессор мерізімінен бұрын бостандыққа шықты. Матрица.kz Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспанмен хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан еді.

– «Сопылар ісі» бойынша айыпталған Саят Ыбырайдың бостандыққа шыққаны құтты болсын. Профессордың бостандыққа шығуына құқық қорғаушы ретінде сіздің еңбегіңіз көп сіңді деп ойлаймыз...

– Рахмет. Қатты қуанып жатырмыз.

– Күні кеше ғана бір топ зиялы қауым өкілдері Саят Ыбырайды түрмеден босату туралы президентке хат жазып еді. Ағамыздың азаттыққа шығуына осы хат әсер етті ме?

– Саят Ыбырайдың бостандыққа шығуына зиялы қауым өкілдерінің ашық хаттарынан бастап, әрбір азаматтың тілекші болғаны әсер етті деп ойлаймын. Сондай-ақ, қатаң режимдегі түзеу колониясында отырғанда ағамыз өзін тәртіпті ұстап, қоғамға пайдалы жұмыстармен айналысты.

Жалпы адамды еңбекпен түзеу керек деген бұрыннан келе жатқан қағида бар. Осыған сәйкес, ағамыз түзеу мекемесінде екі монография жазып, робот құрастырды. Бір ғана Асқар Жұмаділдаев ағамыздың өзі бір емес, бірнеше рет Саят Ыбырайды бостандыққа шығару туралы батыл пікір білдірді.

Осындай қоғам өкілдерінің талап-тілегі қылмыстық атқару жүйесі мен ҰҚК басшыларын ойландырса керек. Әйтпесе, осы жылдың 15 ақпан күні Семей қалалық соты біздің өтінішімізді орындаудан бас тартқан еді. Ал бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы Саят Ыбырайды бостандыққа шығару туралы шешім шығарды. Құдай қаласа, ағамыз бүгін бостандыққа шығады.

– Саят Ыбырайды зиялы қауым өкілдерінен бастап, қарапайым азаматтарға дейін кінәлі емес деп есептейді. Демек, алдағы уақытта аталған азаматты ақтау жұмыстарын жүргізесіздер ме?

– Мен үшін қазіргі таңда Саят Ыбырайдың аман-есен бостандыққа шығып, отбасымен қауышқаны маңызды. Ал енді ақталу мәселесін сәл демалып алғаннан кейін өзі айтады ғой деп есептеймін. Жалпы ол кісінің жоспарында соттасып, дауласу деген мүлде жоқ.

Мәселен БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетке арыздану үшін екі апта бойы оның жай-жапсарын оқыдым. Алайда аға «Абзал, халықаралық ұйымдарға арыздансақ, Қазақ елінің имиджіне кері әсер етеді» деп мені тоқтатты.

Сондай-ақ, Саят Мұратұлы әлемдік деңгейдегі ғалым болғандықтан халықаралық математиктер ұйымымен байланыс орнаттық. Аталған ұйым ғалымды қолдап, хат жазамыз дегенде, оған да қарсы болды. Негізі, менің Саят Ыбырайдың ісімен айналысып жүргеніме 8 жыл болды.

Сонда бір байқағаным - ағамыз Қазақстанда робототехника институтын құрып, жұмыс жүргізгісі келеді. Сондықтан да ғалым ақталып уақыт өткізгенше, еліміздегі ғылымды дамытуға ниетті болып отыр. Егер ол ақталатын болса, халықаралық емес, еліміздің сотына арыз-талап түсіруі мүмкін. Өйткені ол түзеу мекемесінде отырғанда шетелдік ұйымдарға шағымданудан бас тартқан еді.

– Батыс мемлекеттерінің ықпалымен елімізге келген кез-келген діни ағым өкіліне шартты жаза тағайындалып, бостандыққа шығады. Ал «сопылар ісі» бойынша айыпталған топ неге ұзақ уақыт түрмеде отырды?

– Өте дұрыс мәселені көтеріп отырсың. Мәселен, шет елден келген діни ағымның артында тегеурінді сұраушысы тұр. Айталық, Иегова өкілдерінің артында Үндістан, тағы бір діни сектаның артында Ұлыбритания сынды ықпалды мемлекеттер бар. Сондай-ақ, еліміздегі уаһабилердің артында Сауд Арабиясы сияқты қаржылық мүмкіндігі зор жоқтаушысы бар.

Ал сопылық ілімнің қазақтан басқа сұраушысы жоқ. Оның үстіне, тарихқа көз жүгіртетін болсаңыз, сопылық ілімді таратушылар өмір бойы зардап шегіп келе жатқанын байқайсыз. Өйткені, сопылар уаһабилер сияқты қара күшке жүгініп, құйтырқылыққа бармайды.

– Саят Ыбырайдан бөлек «сопылар ісі» бойынша Исматулла Мақсұмның ұзақ мерізімге сотталғаны белігілі. Болашақта аталған азаматты бостандыққа шығару жұмыстары жүргізіле ме?

– Мен 8 жыл бойы Саят Ыбырайдың құқық қорғаушысы болып еңбектендім. Ал Исматулла Мақсұмның адвокаттары не істеп жатқанынан хабарым аз. Кезінде бұл азаматқа қатысты abai.kz, masa.kz сияқты сайттарда мақала жазылғанда, өз ойымды білдіріп жүрдім.

Алайда ол кісінің адвокаты «Исматулла Мақсұмның ісін бұқаралық ақпарат құралдарына шығармауларыңызды сұраймын. Іске қатысы жоқ азаматтар сұхбат бермеңіздер» деген болатын. Осыдан бастап Исматулла Мақсұмның ісіне қатысты қандай да бір пікір білдіруден тыйылдым. Сондықтан да аталған іске байланысты нақты жауап бере алмаймын.

– Жаңаөзен көтерілісіне қатысты істен бастап, әр түрлі даулардың басы-қасында өзіңіз жүрсіз. Ұлттық мәселелермен айналыспай-ақ, тып-тыныш жүре бермейсіз бе?

– Қоғам қазір қазақ және орыс тілді орта болып, екіге бөлініп алған. Қазіргі таңда орыс тілді БАҚ ақпарат кеңістігінде үлкен салмаққа ие болып отыр. Олар не жазса да, билік аяғынан тік тұрып, жауап беріп ақталып жатады. Ал қазақ тілінде жазылған мәселеге билік мән беріп, назар аударған емес.

Бірақ соңғы кездері нақты күш қазақ аудиториясына ауып бара жатқаны белгілі бола бастады. Мысалы, жер дауында қазақ қоғамы дүр сілкініп, биліктің аяғын аңдап басуына әсер етті. Сондай-ақ, ratel.kz сайтына қатысты жағдайға байланысты орыс тілді БАҚ шулап еді, оған біздің қазақ БАҚ қосылып кетті.

Алайда, онда болып жатқан оқиғалар үшін қазақ бәрі бірдей алаңға шықпайды. Себебі аталған сайттар ұлттық мәселені көтеріп, қазақтың мәселесіне бас ауыртқан емес. Жалпы мен халықтың алаңға шығып қана емес, сонымен қатар заң бойынша өз құқықтарын сауатты қорғағанын қалар едім.

Ұзын сөздің қысқасы, мен ұлттық мәселеге биліктің назар аударып, жұмыс жүргізгеніне ықпал еткім келеді. Жақсы көрейік, жек көрейік, қалай болғанда бұл билік – қазақтың билігі. Сондықтан да екіжақты ымыраласып жұмыс жүргізген әлдеқайда тиімді.

– Саят Ыбырайдың бостандыққа шығуы биліктің жұмсарып, қазаққа бет бұруы деп есептейсіз бе? Сондай-ақ Саят Ыбырайдың бостандыққа шығуы салафизм иделогиясын тежеуші күш бола ала ма?

– Менің ойымша, биліктің ұстанымы жұмсарып, қазаққа бет бұра бастады. Өйткені, соңғы кездері қазақ тілді ортаның үні, бейнелі түрде айтсақ, қаттырақ шыға бастады. Егер алдағы уақытта қазақ тілді азаматтарға билік қысым көрсете беретін болса, оның арты үлкен мәселелерге алып келеді.

Мұны билік қазіргі кезде түсіне бастады деп ойлаймын. Ал Саят Ыбырайға келетін болсақ, ол «Егер діни мәселеде қоғамға керек болмасақ, онда біз жұмысымызды тоқтатып, ғылымға кетейік» деп отыр. Нақтырақ айтсам, ол еліміздегі роботехниканы дамытып, жұмыс жүргізуге мүдделі.

Менің ойымша, бұл жұмыстар қазаққа аз қызмет емес. Ал енді діни мәселеге мемлекет тікелей өзі араласпаса, бұл кісі енді араласпайды. Егер мемлекеттің өзі шақырып, иделогия мәселесінде ақыл-кеңес сұрамаса енді ол дін мәселесіне кіріспейді.

– Жаңа сіз Саят Ыбырайдың халықаралық ұйымдарға шағымданбағанын айттыңыз ғой. Жалпы, бұдан басқа ағамыздың қандай қасиеттерін ерекше атап айтар едіңіз?

– Түрмеде отырып екі бірдей ірі ғылыми монография жазды. Сондай-ақ, өндіріске қажетті екі роботты құрастырып шығарды. Мысалы, бұған дейін құрастырылған роботтар дөңгелек арқылы құрастырылғандықтан кейбір жерден өте алмайтын.

Ал ағамыз құрастырған робат адам сияқты жүріп, кез-келген кедергіден өте алады. Бұдан бөлек, Саят Мұратұлының түрмеде отырса да ерік-жігерінің мықты болғаны таңғалдырады. Саят ағамен жолығуға барғанда түрмедегі қызметкерлер басыңнан бақайшығыңа дейін мұқият тексереді.

Тіміскі тексеруден шаршап ағаның алдына ашуланып баратын кездерім болады. Алайда, профессордың алдына ашуланып барып, үлкен күш-жігер алып шығамын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бостандықта жүрген мына біздермен салыстырғанда 8 жыл түрмеде отырған Саят ағаның рухы мықты.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Хамзат Рахымбекұлы
Просмотров материала: 1 862

Поделиться материалом


19:28 Даниал Ахметов является первым акимом области, который... 47 Просмотров

13:40 Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздардың үстінен... 1 062 Просмотров

13:34 Оползень близ Кольсая: в Сети появилось видео... 196 Просмотров

13:00 Сын Кыдырали Болманова стал одним из самых умных школьников... 245 Просмотров

12:32 Ақтөбеде екі жігіт 3 жыл бойы жас баланы зорлап келген... 6 231 Просмотров

12:19 Полковника приняли за президента Казахстана на границе с... 321 Просмотров

11:23 В Актобе три года подростка насиловали и вымогали деньги... 201 Просмотров

11:05 Ерке Есмахан - 5 мың доллар: әншілердің тойдан табатын... 1 727 Просмотров

10:04 Қостанайда оқушы қыз сифилис жұқтырып алған... 894 Просмотров

09:34 Погода на субботу: осадки и туман, на юге возможен град... 160 Просмотров

18:24 Алматы облысында халықты алдап, ақша жымқырған имам сотталды... 1 078 Просмотров

18:16 Шымкентте 15 жасар қыз жоғалып кетті... 607 Просмотров

18:12 Майя Манеза ресми түрде Олимпиада алтынынан айрылды... 2 111 Просмотров

17:35 Мы в Генпрокуратуре должны видеть, кто удаляет штрафы -... 348 Просмотров

17:31 Арестован водитель автобуса, сбивший насмерть девушку в... 200 Просмотров

17:22 Не пугайтесь звонков с Комитета, - Багдат Мусин... 362 Просмотров

16:49 Жакып Асанов сравнил сложный язык судей с мошенничеством... 270 Просмотров

16:39 Деньги на ремонт школ выделяются, нет необходимости... 282 Просмотров

16:28 Ақтөбе облысында хиджап киетін 33 оқушы ғана қалды -... 756 Просмотров

15:35 "91" тобының фанаттары дәстүрлі өнер ХХ ғасырда қалып... 844 Просмотров

15:35 МИК РК обяжет казахстанцев проходить авторизацию для... 240 Просмотров

15:24 Мясо оказалось самым ввозимым товаром из США в Казахстан... 384 Просмотров

14:19 Сал ауруына ұшыраған дімкәс әйел үш күннен бері далада отыр... 623 Просмотров

14:02 Алты жасар баласының көзінше әйелін бауыздап өлтірген... 1 323 Просмотров

13:57 Астаналық оқушы ұстаздардың қателігінен екінші жыл... 1 739 Просмотров

13:29 "Объем работы будет нереален" - Азамат Сарсенбаев о ... 236 Просмотров

13:07 Джохар Утебеков разобрал видео смертельного наезда автобуса... 615 Просмотров

12:15 Мать выпавшей из окна МГИМО казахстанки обратилась к... 300 Просмотров

12:02 "Шешеден гөрі көше көбірек тәрбиелеген" - Танымал журналист... 4 352 Просмотров

11:54 Здание департамента юстиции оцеплено в Алматы... 276 Просмотров

11:48 Ақтауда 37 жыл бұрын жерленген марқұмның зиратына басқа... 1 735 Просмотров

11:42 "Сен кімсің?" - Әбдіжаппар Әлқожа өзін өзбек деп қауесет... 1 474 Просмотров

11:13 Стоянка перед КЦДС "Атакент" в Алматы ликвидирована и... 173 Просмотров

10:48 Жазушы Сапабек Әсіпұлы дүниеден өтті... 127 Просмотров

10:39 Новая брусчатка провалилась на улице Лермонтова в Костанае... 146 Просмотров

10:30 На деньги и имущество Алма-ТВ наложен арест... 315 Просмотров

10:14 Штраф в 24 миллиона тенге. Осужден экс-чиновник Минсельхоза... 141 Просмотров

10:01 Бала-шағасымен Сириядағы соғысқа кетіп бара жатқан 71... 1 364 Просмотров

09:47 Астанада үй салуға жер беріліп жатқан жоқ - әкімдік... 170 Просмотров

09:39 Осадки и туман сохраняются на большей части Казахстана... 170 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30