27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шаханов Жазушылар одағынан шығарылсын! - 560 адамнан құралған наразы топ

10 апрель 2018, 10:31
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді. Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: Даңқты ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!

Осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Шахановтың өз өлеңінде, ізінше жасаған мәлімдемесінде Жамбылға, Мұхтар Әуезовке, Сәбит Мұқановқа, Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы пікір айтқан. Бұл пікір әлеуметтік желілер мен БАҚ-да көп талқыланып, наразылық тудырған. Енді бүгін жыр алыбы атанған ақынның ұрпақтары арнайы талап қойып отыр деп жазады Zhasalash.kz.


Наразы топ Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атына жазған өтініш хатқа 560 адам қол қойған. Хатта:

«Құрметті Ұлықбек мырза!

Біздің сізден өтінеріміз:

Жамбыл 1936 жылдан Жазушылар одағының мүшесі, оны қаралаған ауыр қылмыстық жала жапқан М.Шахановтың мәселдесі қаралып, оны Жазушылар Одағы мүшелігінен шығаруды сұраймыз.

М.Шахановты осындай ауыр қылмысы үшін Жазушылар одағы басқармасы сотқа шағым түсіріп, әділ бағасын беріп, Жамбылдай ұлы ақынды қолдап, қорғап қалуды өтінеміз», делінген.

– 1995 жылы Жамбылдың 150 жылдығы қарсаңында Қырғызстанға бардық. Сонда қырғыз зиялы қауымымен бас қосып, дөңгелек үстел өткіздік. Мұхтар Шаханов сонда 3 күн бойы Жамбылды аузынан тастамай мақтаумен болды. Ол кезде қызметте жүрді ғой. Сол кісі соңғы кездері Жамбыл атамызға тіл тигізіп, оның мұрасына шабуыл жасауды бастады. Жамбыл ғана емес, білесіздер, қазақтың ірі-ірі тұлғаларын мансұқтап өлең жазды, ауыр-ауыр сөздер айтты. Содан кейін «Алматы» телеарнасына тікелей эфирге шықты. Біз халықтан кешірім сұрайтын шығар деп күткенбіз. Сөйтсек, керісінше, әлгі айтқандарын одан ары індетіп, аруақты қорлады. Бұған бір тоқтау болу керек қой, сондықтан қазақ әдебиетінің қасиетті қара шаңырағына келіп, өзіміздің мәлімдемемізді бердік. 560 адам қол қойды, бірақ, бұл тізім әлі де өсе береді, әлі де қосылып жатқан адамдар бар, – дейді Нағашыбек Қапалбекұлы.

Ал, «Шапағат-Нұр» журналының бас редакторы Талғат Нұрқасым:

– Қазір ғана жиыннан шықтық. Жазушылар одағының басшылығы бір аптаның ішінде біздің мәлімдемеміз бен өтініш-талаптарымызды арнайы талқылап, нақты бір шешімге келетіндерін айтты. Біздің басты мақсатымыз қазақтың ұлы тұлғаларын мансұқтауға жол бермеу. Қазақтың зиялы қауымы осылай аруақты қорлап, бөлініп алып, дауласып жатса күні ертең қазақ деген ұлтта не тамтық қалады?! Ұлт боламыз десек, кейінгі ұрпақ ата-бабаласына топырақ шашпауы керек, керісінше олардың мұрасын насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа паш етіп отыруымыз керек, – дейді.

Жазушылар одағы басшылығы наразы топтың өтініштерін арнайы қарайтынын, осы аптаның ішінде бір шешімге келетіндерін айтты.
Просмотров материала: 8 341

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 433 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 252 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 224 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 168 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 150 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 116 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 631 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 779 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930