19 сентября 2020 г.

Мы в соц сетях:



Парасатты пайым иесі

10 апрель 2018, 4:36
Мен бүгін көпті көрген, көп білетін, айтар сөзін ақыл таразысына салып айтатын, ұлттық рух пен намысы бар, ұлттың мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген философия ғылымының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әуезовтанушы, бірнеше кітаптардың, ғылыми еңбектердің авторы, ғалым, Ақтөбе қаласының және Қызылқоға ауданының "Құрметті азаматы" - Алтай Тайжанұлы туралы айтқым келеді.

Алтай ағамыз 1948 жылы Қызылқоға ауданы Ақшелек елді мекенінде дүниеге келген. Мұқыр орта мектебін бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетіне түседі. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман Қостанай облысы Рудный индустриалды институтына жолдамамен жіберіледі.

Кейін Ақтөбе қаласына ауысып, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институында және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік универститетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми зерттеу институының директоры, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.

Алтай ағамыз - қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 15 жеке, 2 ұжымдық монографияның, 8 оқу-әдістемелік құрал, жалпы көлемі 450 баспа табақтай болатын 650-дей ғылыми мақалалардың авторы.

Профессор Тайжан ағамыздың қоғамға сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, ол "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" атақтарымен, "Ерен еңбегі үшін" медалі және "Құрмет" орденімен марапатталды.

"Мұхтар Әуезовтың педогогикалық мұраларының мектеп өміріндегі орны", "Мұхтар Әуезовтың педогогикалық мұраларының мектеп өміріндегі орны", " Парыз бен пайым", "Мировозрение Мухтара Ауэзова", " Мұхтар Әуезов - ойшыл, ғалым, ұстаз", " Құдайберген Жұбанов дүниетанымы", "Абайтану" еңбектерінің авторы.

Алтай Тайжанов бүкіл саналы ғұмырын жоғарғы мектептегі педагогикалық қызметпен және ғылыммен байланыстырған ұстаз-ғалым. Студент кезінен ғылым жолына түскен ол сапалы еңбегінің нәтижесінде ассистенттен ғылым докторы дәрежесіне, кейіннен профессор, академик атағына ие болды. Оқу орнының қарапайым оқытушысынан ғылыми істер жөніндегі проректорына дейінгі лауазымды атқаруы - соның дәлелі.

Сонымен қатар, профессор Алтай Тайжанұлының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын кәсіби шеберлік деңгейіне, іскерлігі мен жұмысқа деген қатынасына, кәсіби біліктілігіне оның өткен өмір жолы дәлел болмақ.

1982 жылы конкурстық негізде ҚазМУ-нің аспирантурасына түсіп, оны 1984 жылы мерзімінен бұрын бітіріп, «Мұхтар Әуезов как мыслитель» тақырыбына жазылған кандидаттық диссертациясы қорғауға ұсынылды.

Кейіннен 1995 жылы «Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері» тақырыбына философия мен қоғамдық ой тарихы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғап шықты. Ал, 1997 жылы Алтай Тайжановқа профессорлық атақ беріліп, сол жылы ол Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі болып сайланды.

Бұл - расында да зор жетістік, көңіл марқайтар мақтаныш. Профессор Алтай Тайжанов өзінің ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен қатар қала, облыс, республика көлеміндегі түрлі деңгейлердегі қоғамдық, жұмыстарға, оның ішінде әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне қатысты іс-шараларға да белсене араласты.

Ол бірнеше жыл қатарынан бүгінгі күнге дейін қалалық, облыстық ономастикалық комиссиялардың мүшесі, облыстық, республикалық мәдени-танымдық, ғылыми, оқу-әдістемелік журналдардың, облыстық «Ақтөбе» энциклопедиясының редакциялық алқасының, өз саласы бойынша, Диссертациялық Кеңестердің, ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған «Мәдени Мұра» Бағдарламасының салалық редакциясының, қалалық Тілдер комитеті алқасының, Облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшесі ретінде нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Нұрхат МАХАМБЕТ
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
8 сынып оқушысы
Атырау қаласы
Жетекшісі: Дәмелі Ізбасқанова
Просмотров материала: 1 730

Поделиться материалом


13:09 Тоқаев тексерулерге мораторий енгізу туралы жарлыққа... 126 Просмотров

13:00 Внесены изменения о введении моратория на проведение... 150 Просмотров

12:52 Часть улицы Толе би перекроют в Алматы... 159 Просмотров

12:52 Еліміздің тоғыз өңірде дауыл күтіледі – ҚР ТЖМ ескерту... 143 Просмотров

12:42 Из-за курения загорелись дом и баня в Алматы... 149 Просмотров

12:25 #Желмая. Елде бір жасаған жолды жылда-жылда неге жасай... 147 Просмотров

12:15 Авиасообщение между Казахстаном и Россией возобновляется с... 151 Просмотров

12:09 Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды... 165 Просмотров

11:56 102 пациентов с коронавирусом находятся в тяжелом состоянии... 160 Просмотров

11:50 Жалған нөмірлермен көлік басқарған астаналық 4 миллион... 161 Просмотров

11:44 В Кокшетау открылся первый спортивный комплекс для людей с... 256 Просмотров

11:33 Қазақстан азаматтары қырғыз шекарасында ұсталды... 158 Просмотров

11:32 Двух мужчин оштрафовали за распространение запрещенных... 140 Просмотров

11:21 Водитель с подложными номерами нарушил ПДД на 4 миллиона... 148 Просмотров

11:16 Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына... 150 Просмотров

11:05 Тройное ДТП произошло в Алматы... 110 Просмотров

10:59 Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?... 243 Просмотров

10:52 Водитель пожарной машины погиб в результате ДТП в Уральске... 96 Просмотров

10:49 Қазақстанда коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды... 87 Просмотров

10:42 Оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған... 96 Просмотров

10:32 4 человека скончались от коронавируса в Казахстане... 107 Просмотров

10:27 Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасында жанжал болып, бір... 75 Просмотров

10:22 За прошедшие сутки зафиксированы 235 случаев заболевания... 94 Просмотров

10:12 Ресей 21 қыркүйекте Қазақстанмен әуе қатынасын қайта... 89 Просмотров

10:09 До 107 199 выросло число заболевших коронавирусом в... 100 Просмотров

10:02 COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 235 науқас... 104 Просмотров

10:01 Прогноз погоды на 19 сентября... 81 Просмотров

18:02 При каких условиях в Казахстане введут жесткий карантин... 288 Просмотров

17:54 Коронавирус жұқтырған онкологиясы бар науқастарға қатерлі... 377 Просмотров

17:52 Больной шизофренией зарезал свою бабушку в Акмолинской... 254 Просмотров

17:48 Карантиндік жеңілдік. Білім беру топтарындағы адам саны... 257 Просмотров

17:41 В Казахстане не было выявлено случаев повторного заражения... 251 Просмотров

17:33 Зейнеткерлерге жол жүру билетін ұзарту қажет пе?... 231 Просмотров

17:33 Зейнеткерлерге жол жүру билетін ұзарту қажет пе?... 265 Просмотров

17:28 Помогает ли переливание крови при коронавирусе... 223 Просмотров

17:23 Нұр-Сұлтанда шенеунікті ұстау сәтінің видеосы жарияланды... 274 Просмотров

17:17 Миллионы на ветер: футболисты «Астаны» вылетели из Лиги... 261 Просмотров

17:11 Мемлекеттік орган, ұлттық компания мен кәсіпкерлік... 284 Просмотров

17:10 С чем связан резкий рост заболевших пневмонией в Казахстане... 244 Просмотров

17:03 Будут ли ТРЦ работать в выходные... 226 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930