23 сентября 2020 г.

Мы в соц сетях:



Бір топ ғалым Саят Ыбырайды босатуды сұрап, Жоғарғы сотқа Ашық хат жолдады

05 апрель 2018, 10:06
Қазақстандық бір топ ғалым техника ғылымдарының докторы, профессор, бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Саят Ыбыраевты босатуды сұрап, ҚР Жоғарғы соты Жақып Асановқа Ашық хат жолдады. Ғалымды осыдан 6 жыл бұрын "қылмыстық топ құрды" деп айыптап, 12 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Хат мәтіні төменде:

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының төрағасы
Ж.Қ.Асанов мырзаға

А Ш Ы Қ Х А Т

Құрметті Жақып Қажманұлы!


Қазақстанда әлемдік деңгейде мойындалған, Батыстың іргелі институттары санасатын ғалымдар саусақпен санарлық. Солардың бірі Саят Мұратұлы Ыбыраев. Механика мен машина жасау саласында халықаралық 5 патенттің иегері, 5 ғылыми монографияның, 60-тан астам ғылыми зерттеулердің авторы.

Алайда осындай аяулы ғалымның 12 жылға сотталып, 7 жылдан бері қамауда отырғаны біздің жанымызға батады.

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетiнің үздік түлегі, Александр фон Гумбольдт сыйлығының лауреаты, алыс-жақын шет елдің түрлі ірі жобаларында жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған ғалымды отандық ғылымға еңбек сіңіретін шағында, ғылыммен айналысу мүмкіндігінен айырылып отыр.

Саят Ыбыраев тұлға ретінде «мен Қазақстан ғылымына үлес қосамын» деген принциппен өмір сүретін адам екеніне біз кепілміз. Өз кезінде Саятты Германия, Канада, АҚШ, Бельгия, Ресей сынды іргелі елдер өз қатарына шақырған болатын, алайда оның бар арман-мақсаты Қазақстанды әлемдегі ілім-ғылымы дамыған елдердің қатарынан көру және соған қолынан келгенше үлес қосу еді. Тіпті қазір қамауда отырса да, сол принципінен айнымай еңбектеніп жатыр.

Саят Ыбыраев түрмеде өткізген алты жыл ішінде үш бірдей кітап жазды. Оның екеуі ғылыми монография: «Аппоксимационный синтез рычажных механизмов: Методы и численная реализация» (Алматы.2014– 304 бет), «Динамический синтез и оптимизация привода рычажных механизмов» (Алматы.2014– 356 бет).

Үшіншісі қазақ балаларының ғылымға көзқарасын шыңдау мақсатындағы «Ақылсыз болса ғылым тұл» кітабы. Сонымен қатар жүк көтеру құрылғысын құрастырып, Қазақстан Республикасының №94992 патентін иеленді. Ибраев Саят Мұратұлының тікелей жетекшілік етуімен қашықтықтан басқарылатын ISM-101 жүк көтеру құрылғысының үлгісі жасалды.

2017 жылдың екінші жартысында аталған құрылғының бір үлгісі тәжірибелік сынақтан сәтті өтіп, алдағы уақытта оны өндіріске енгізу жұмыстары жоспарланған. Сызба күйінде жатқан талай дүние тағы бар.

Мұның бәрі қағаз бен қаламды ғана қажет ететін қатардағы мемуарлық еңбектің бірі емес. Физика ғылымындағы қарапайым кесте, математика ғылымындағы қарапайым теңеудің өзі қазір компьютердің көмегімен жазылатын заманда, аса жоғарғы дәлдікті қажет ететін ғылыми еңбекті қалам мен қарындашпен жазып шығу, академик Асқар Жұмаділдаевтың сөзімен айтқанда: біздің ғасырдағы ғылымда жасалған ерлік.

Біз білетін Саят Ыбраев еш уақытта Қазақстанның саяси тұрақтылығына нұқсан келтіретін әрекет жасаған емес, ол ешқашан конституциялық билікке қарсы шыққан емес, экономикалық шығын келтірген емес. Сот барысында да ешбір адам одан қиянат көрдім деп айтқан жоқ.

Саят Ыбыраевтың ғылымда жаңалық ашар дер шағы. Ол ел игілігіне жарар талай ғылыми жаңалықтарға мұрындық болар еді, инновациялық бағытта көшіміздің түзелуіне ат салысар еді, ұстаздың дәрісіне зәру жастарға тәлім берер еді.

2017 жылдың соңында «Qamshy.kz» порталы өткізген халықтық сауалнама нәтижесінде Саят Ыбраев Тәуелсіздіктің нығаюы мен дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін халықтық «Алаш арыстарының ізбасары» құрметті атағымен марапатталды.

Бұған дейін Алаш арысы Әлихан Бөкейханов атындағы тәуелсіз қоғамдық төс белгімен марапатталған еді. Мұның бәрі профессорға деген халықтың ыстық ықыласын білдіреді.

Біз, Қазақстандық ғылым және қоғам өкілдері, Сіздерден Саят Ыбыраевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішінің сотпен оң шешім табуын сұраймыз.

Құрметпен:

1. Смағұл Елубай, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, жазушы, кинодраматург
2. Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор
3. Әселхан Қалыбекова, Қазақстанның халық ақыны
4. Тұрсын Жұртбай, жазушы, ф.ғ.д, профессор
5. Шерхан Мұртаза, Қазақстанның халық жазушысы
6. Асқар Жұмаділдаев, математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі
7. Төрехожаев Абибулла Назарұлы, Нью-Йоркской Академиясының мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры
8. Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, К.Э. Циолковский атындағы Халықаралық космонавтика академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы профессор.
9. Байгунчеков Жұмаділ Жаңабайұлы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық Техникалық IFToMM комитетінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры
10. Шерьязданов Ғалым Бекенұлы, физика математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
11. Уәлиев Заир Гахипұлы, техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы КазҰПУ профессоры
12. Уәлиев Гахип Уәлиұлы, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинажасау институтының профессоры
13. Ахмедов Дәулет Шафиғұлы, техника ғылымдарының докторы, ғарыштық техника және технология институтының директоры
14. Иманқұл Төлеухан Шойбасұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
15. Ақылбай Н, әл-Фараби атындағы ҚазҰУпрофессоры
16. Айдархан Қалтаев, физика-математика ғылымдарының докторы
17. Төлегенова Құралай Бақытқызы, физико-математика ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
18. Әбдраимова Гүлнар Аманжолқызы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
19. Бекенов Ерұлан Тұрсынұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
20. Қосболов Серікбай Байтікұлы, техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ кафедра жетекшісі
21. Жапаев Сәдуақас Қалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
22. Омаров Сағынтай, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ лаборатория жетекшісі
23. Ізмамбетов Мырзабай Базарбайұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
24. Жауыт Алгазы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ философия PhD докторы
25. Усмадияр Маканов, химия ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
26. Маматова Гүлнар Өгізбайқызы, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
27. Сағындыков Бимұрат, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
28. Нұрпеисова Роза Әбдрахманқызы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұстазы
29. Наурышев Батыр Кабирұлы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұстазы
30. Иманбаева Нұрбүбі Сайрамқызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
31. Жолшара Әлімбай, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
32. Жүнісбеков Сейтбек, техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ доценті
33. Жандыбаев Қайрат Сергазыұлы, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ инженері
34. Өтегенов Мұратулла, техника ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
35. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
36. Еспаев Болат Әбікенұлы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
37. Джамалов Нутпулла Камалұлы, техника ғылымдарының кандидаты,
Жолдасбеков атындағы Механика және машинажасау институтының бөлім бастығы
38. Мадалиев Тұрсын Бимендинұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Ө.Жолдасбеков атындағы ММИ ғылыми хатшысы
39. Қонақбаев Төлеген Оспанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
40. Жаменкеев Ерболат Кенжақанұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰТУ доценті
41. Ерәлиев Абылай Кабекұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
42. Айман Нұрмағанбетова, техника ғылымдарының кандидаты
43. Жомартов Асылбек Әбдіразақұлы, техника ғылымдарының докторы, ҚР Инженерлік академиясының мүшесі
44. Өміржанова Жадыра Мырзабекқызы, техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
45. Ракишева Зәуре Баянқызы, физика математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра жетекшісі
46. Баймұхаметов Абай Әбішұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор. Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинажасау институтының зертхана жетекшісі.
Просмотров материала: 2 190

Поделиться материалом


14:55 Сезон информвойн открыт?... 43 Просмотров

14:19 Полицейлер 1 тоннадан астам бекіре мен қара уылдырық... 46 Просмотров

14:03 Қазақстандықтар қай мемлекеттерге ұшып бара алады... 60 Просмотров

13:58 Жители Семея просят Д.Ахметова решить вопрос с общественным... 66 Просмотров

13:41 Карагандинец вложил 3 миллиона тенге в несуществующую фирму... 68 Просмотров

13:25 О новых фактах насилия над детьми в спеццентрах рассказал... 77 Просмотров

13:15 Перелома в преодолении бытового насилия достичь не удалось... 74 Просмотров

13:05 Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды... 119 Просмотров

12:55 Предприниматели Казахстана «восстали» против Комитета... 116 Просмотров

12:50 Депутаты просят А.Цоя отчитаться о выплате денежной... 92 Просмотров

12:49 Қойылған сауалға дұрыс жауап бермеген вице-министрді... 95 Просмотров

12:33 Қазақстан үш әуе компаниясының жұмысын тоқтатты... 97 Просмотров

12:32 Ермаганбет Булекпаев назначен акимом Караганды... 91 Просмотров

12:22 Казахстан приостановил работу трех авиакомпаний,... 97 Просмотров

12:17 Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленіп жатыр... 87 Просмотров

12:11 На 194 тысяч тенге оштрафовали врача за продвижение... 84 Просмотров

12:00 Сатылған көліктің төленбеген салығын бұрынғы иесі төлейді... 99 Просмотров

11:56 Более 1,9 тысяч медиков, задействованных в борьбе с... 90 Просмотров

11:48 Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға мүлдем тыйым салынды... 140 Просмотров

11:46 В Министерстве индустрии РК ответили на жалобы России... 87 Просмотров

11:36 Қостанайда тұтқын есігі дұрыс жабылмаған полиция көлігінен... 194 Просмотров

11:26 Показ и производство фильмов сократились вдвое в Казахстане... 83 Просмотров

11:15 До 7 лет лишения свободы грозит экс-главе "СК-Фармация"... 144 Просмотров

11:12 СҚО-ға 452 отбасы көшіп барды... 84 Просмотров

11:07 Госслужащим запретят принимать подарки любой стоимости... 95 Просмотров

11:03 "СҚ-Фармация" экс-басшысы Берік Шәріп қалай жазалануы... 127 Просмотров

10:55 Досрочно прекращены полномочия депутата Асылбека Смагулова... 82 Просмотров

10:46 Мошенник прятался в мешке от полицейских в Нур-Султане... 119 Просмотров

10:46 Ғалымдар қазақ тілі мен сөзін автоматты түрде тану... 82 Просмотров

10:35 В Акмолинской области решают вопрос трудоустройства молодежи... 84 Просмотров

10:30 Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының финалында... 98 Просмотров

10:26 Лотерейщики первые налетят на закрытые кассы букмекеров, -... 100 Просмотров

10:22 Производство компьютеров и электронной продукции упало... 153 Просмотров

10:14 Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды... 89 Просмотров

10:00 101 пациент с коронавирусом находится в тяжелом состоянии в... 88 Просмотров

09:55 Алматы облысында жайылымнан мал ұрлады деген айыппен екі... 93 Просмотров

09:46 Два человека пострадали в результате массового ДТП в Алматы... 80 Просмотров

09:36 До 31 532 выросло число заболевших коронавирусной... 93 Просмотров

09:34 Көкшетау кентінде үйі өртенген тұрғындар далада қалды... 80 Просмотров

09:25 Бір аптада 28 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды... 90 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930