23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Тойға деп алған кредитті әлі жаба алмай жүрмін" - несиесіз той жасауға болмай ма?

04 апрель 2018, 14:49
2008 жылғы әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін тұтынушылық кредиттерге күмәнмен қарайтын болдық, алайда соған қарамастан қазақстандықтардың несиеге деген қызығушылығы жоғалған жоқ. Бірақ автонесие мен ипотекаға деген қызығушылық біршама түсінікті болса да, маңызды отбасылық мерейтойларды атап өтуге кредит алатындарды түсіну оңай емес.

Қазақстанның әрбір тұрғыны өмірінде бір рет болса да, кем дегенде 100 адамдық той жасау секілді мәселемен бетпе-бет келеді. Ол мейлі ұлының үйлену тойы болсын, қызының ұзату тойы, балаларының туған күні, ата-анасының мерейтойы дегендей, қазақта тойдың түрлері көп.

Мұндай асып-тасқан, сән-салтанатты той жасаудан бас тарта алмайсың, оған қоғамдық пікір де, үлкендер – ата-ана, аталар мен апалардың өзі де мүмкіндік бермейді. Жас отбасы дәстүрлі үйлену тойын жасаудан бас тартса, тіпті көршілер мен алыс туысқандарға шейін сөз қылып, пыш-пышы мен күбір-сыбыры көбейіп кетеді.

Көптеген жастар бұл талапқа қарсы шығып, өзара сынап-мінеп, кінә тағып жатса да, шындық осы – қазақстандықтардың басым бөлдігі кез келген маңызды оқиғаны барлық сән-салтанатымен, жөн-жоралғысымен атап-өткенді дұрыс көреді.

Мейлі ол беташар болсын, мерейтой, баланың 1 жасқа толуы болсын, той жасауға себеп табылады. Тіпті жастар қарсы болса да, олардың ата-анасы бәрібір той жасамай тынбайды, өйткені елден ұят.

Бір қызығы, отбасындағы әр оқиғаны атап өтуге, той жасауға деген осындай ерекше ұмтылыс Азияның басқа да елдерінде жиі кездеседі. Ол елдерде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген құрмет – қоғамдағы адамгершілік пен өнегенің негізі саналады. Бірақ мемлекеттің экономикалық табысы жоғарылаған сайын, бұл мәселеге деген қатынас икемдірек бола түседі, дегенмен одан мәселенің мәні өзгере қоймайды.

Яғни, тойдың қажеттілігі талқыланбайтын болса, онда мерекені тойлауға кететін қаражат жағы алға шығады. Бұл жерде әңгіме айтарлықтай қомақты сома жөнінде болып отыр, себебі ұлан-асыр той жасамай, қарапайым жағдайда атап өтсең, туыс-туғаның «түгі жоқ па, бұнысы қалай» деп сыртыңнан сөз қылуы мүмкін, бұл дегенің Қазақстанда – нағыз ұят нәрсе. Сондықтан қонақтардың көңілінен шығу үшін барлық жағдай жасалады.

Бұл мәселенің шешімі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ соның ішінде танымал түрі – банктен несие алу. Тіпті «тойға арналған кредит» деген термин пайда болғалы қашан.

Дегенмен, көп жағдайда бұл қадамды жасауға жүрдім-бардым, жауапсыз қараған адам белгілі бір қиындықтарға тап болады, мысалы несиені алдын ала мұқият зерттемей, басқа түрлі ұсыныстармен салыстырып көрмей, ойланбай ала салу, бір-екі күнде оп-оңай алған несиені жылдар бойы төлей алмай, қиналу дегендей.

Қазақстанда тіпті жастар немесе олардың ата-анасы тойға келіп түскен ақшамен қайтарам деп алып, бірақ соңында қайтара алмай, ақыры мерзімін өткізіп алған кредиттердің қайғылы статистикасы да бар. Егер бұл үйлену тойы болса, ол жағдайда ажырасу да алыс емес.

Алматы тұрғыны, тұрмыстық техника жөніндегі менеджер Гузалия М. айтқан әңгімеге құлақ түрсек, үйлену тойын жасауға қаражат табылмаған соң амал жоқ, несие алған.

«Екі жыл бұрын үйленетін кезде пәлен қонақ шақырып, аста-төк үлкен той жасамаймыз деп шештік. Бірақ құда түсіп келгенде ата-анамыз бұл шешімге түбегейлі қарсы болды, сондықтан барлық жөн-жоралғыны сақтап, дүркіретіп той жасадық. Біздің қарсылығымызды ешкім елеген жоқ, себебі бұл той біз үшін емес, туысқандар үшін еді, ал ата-аналарымыз той жасамау елден ұят деп санайды» дейді ол.

Үш жылға берілген, құны 2 млн теңгені құрайтын несиені Гузалияның жолдасы өз атына рәсімдеді, себебі ата-анасы зейнеткер, сондықтан банк оларға несие беруден бас тартты. Бұл ақша беташар мен құда-құдағиға сый-сияпат жасауға кетті, қалған шығындарды жабу үшін олар таныстардан қарызға ақша алды.

«Несиені бірден жауып тастай алмадық, өйткені банк кестесі ұзақ уақыт, аз ғана сомадан төлеп тұруға мүмкіндік берді, бізге бұл оңай көрінді. Біз ол несиені әлі төлеп жатырмыз, бірақ үстіне қосып төленген үстемеақыға саяхатқа барып қайтуға болар еді, ал өз ақшамызға саяхатқа шығуға бізде жағдай жоқ. Былайша айтқанда, ақша да желге ұшты, несие де әлі жабылмады» дейді алматылық Гузалия.

Дегенмен, ол несиенің пайдасын көргенін мойындайды, себебі той ойдағыдай дүркіреп өтті, екі жақтың да ата-анасы дән риза.

«Тек іс-шараның өзін және оған кететін шығындарды жоспарлайтын кезде барынша мұқият болуымыз керек еді» деп атап өтті ол.

Негізі жақсы мысалдар да жеткілікті. Тағы бір бақытты күйеу жігіт Қанат Б. тойға ақша жинауға немесе тағы біреуден қарызға алуға мүмкіндігім болмады дейді, есесіне оның кредит тарихы жақсы еді және жұмысы бар.

«Мен кредитті әу бастан қуатты құрал ретінде бағалаймын, сондықтан оны пайдаланатын кезде барынша мұқият болу керек. Тойға ақшаны онлайн-несие беретін сервистен алдым, бір бөлігін тойға түскен ақшамен жауып тастадым, ал қалғанын теңдей етіп бөліп, шетінен төлеп жатырмын. Нәтижесінде бәрі риза, той үшін қарызға батып, қиналып қалған жоқпын» дейді Қанат өз тәжірибесімен бөлісіп.

Solva.kz басқарушы директоры Алина Дзоекаеваның айтуынша, тойға алынатын несиеге деген осы қарым-қатынас дұрыс, өйткені қарыз алу мақсаты қандай болса да, несиенің аты – несие.

«Той-томалақ – біздің өміріміз бен мәдениетіміздің бір бөлшегі. Әрине, той тойлауға ақша жетпегенде қарыз алу тиімді шешім болуы мүмкін. Алайда несие алатын кезде оны қалай төлейтініңді, табысың жете ме, жетпей ме – соның бәрін жақсылап таразылап, пайдасы мен зиянын салмақтап алған жөн. Тіпті той тойлауға асығып, алып-ұшып тұрсаң да, одан кейінгі жауапкершілікті ұмытпау керек» деген сарапшы өз мүмкіндіктеріңді әділ бағалап, керек жерінде қаржы тетіктерін оңтайлы пайдаланудан қорықпауға шақырды.
Просмотров материала: 4 490

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 918 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 925 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 304 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 461 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 611 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 273 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930