26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан жас ана қайтыс болды

03 апрель 2018, 10:57
Алматыдағы перзентханалардың бірінде босанған келіншектің 2 аптадан соң көз жұмуына дәрігерлер себеп болғанын тәуелсіз сараптама дәлелдеді. Кесарь тілігімен босандырылған 20 жасар әйелдің беті бері қарамаған. Сөйтсе, ота кезінде инфекция түсіп, ішіне көп көлемде ірің жиналыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

20 жастағы келіншектің екінші жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өткен. Айы-күні жеткенде толғақ қысып, ол мына перзентханаға жеткізіліпті. Бұл – Алматыдағы үздік перинатологиялық орталықтардың бірі екенін айта кетейін. 15 сағат бойы өздігінен босана алмай, Әнел Артықоваға Кесарь тілігі жасалған.

Сөйтіп, қыз бала дүниеге келеді. Алайда, келіншектің шақалаққа қарайтын шамасы да болмады. Яғни, отадан кейін ыстығы көтеріліп, өзін тым әлсіз сезініпті. Соған қарамастан, мамандар оны 1 аптаның ішінде үйіне шығарып жіберген.

“7 күннен кейін қызымды ауруханадан шығарды. Оныншы күні тігісті алу керек деп қайтадан сол Бәсеноваға барды. Тігісін алғаннан кейін кешкісін қызым қатты ауыра бастады. Су да ішпейтін…”, – дейді марқұмның анасы Айнаш Сазбаева

14 күн өткенде жас ананың жағдайы одан әрі ушығып, жақындары жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Онда баланы жарып алу кезінде науқастың құрсағына инфекция түскені анықталыпты. Содан 2 литрдей ірің жиналған.

Оны тазалағанымен, тым кеш еді. Әнелді аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның артында ана мейіріміне зар болып 2 бірдей перзенті қалған. Бірі жаңа туған сәби, ал үлкені бар-жоғы 1 жаста.

Қайғыдан қан жұтқан отбасылар сап-сау келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәләйді. Олар да өздерінен ағаттық кеткенін мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұраған екен.

Бірер күн бұрын аяқталған тәуелсіз сараптама да ақ халаттылар тарапынан көптеген өрескел қателіктер жіберілгенін растады. Науқасқа тек перзентхана мамандары емес, 9 ай бойы бақылауда ұстауы тиіс емханадағыларға дейін жүрдім-бардым қараған.

“Науқастың денсаулығы дұрыс бағаланбаған. Мамандардың бейжай қарауы – жағдайының нашарлауына әкелді. Анализдерінің қорытындысы мүлдем ескерілмеген. Тиісті дәрігерлердің басқосуымен консилиум да ұйымдастырылмаған. Әрі әйел ауруханадан тым ерте шығарылыпты”, – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Майра Үкібай.

Медицина мамандарының былығы әшкереленген сараптама қорытындысы Ішкі істер департаментіне жіберіліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қара жамылғандар болған жәйтке кінәлілердің тиісті жазаға тартылғанын қалайды.

Бұған қоса, олар салғырттық танытқан мамандардың әлі де жұмыста жүргеніне ашулы. Өйткені, қайғылы жағдайдың тағы қайталануынан қатты қорқады.
Просмотров материала: 16 780

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 360 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 180 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 151 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 095 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 079 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 253 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 277 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 090 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 607 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 755 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930